5.1-сурет. Маркетингтік іс-шаралардың құндылығы мен шығындары негізінде маркетинг шығындары бюджетін құру
Мұның барлығы кəсіпорынның өзге бөлімдері əсерінен ұсы- нылған тауардың (жұмыс, қызмет көрсетудің) маркетингтік құн- дылығын өзгертуі мүмкін (5.2-сурет).
Маркетингтік қызметі өзінің іс-шараларын кəсіпорынның өзге бөлімдерімен келістіруі керек. Осыдан кейін кəсіпорын ұсынған нарықтық ұсыныстың құндылығы анықталады. Тұты- нушыға ұсынылатын құндылық – бұл тұтынушыға ұсынылған тауардың маркетингтік құндылығына кəсіпорынның өзге бөлім- дері енгізуі мүмкін түзетулерді ескере отырып жасалатын құн- дылық.
5.2-сурет. Кəсіпорынның өзге бөлімдерінің əсерінен маркетингтік қызметі ұсыныстары нарықтық құндылығының өзгеруі
Маркетинг бюджетін есептеу барысында маркетингтік іс- шараларды орындауға жұмсалған шығынның мөлшері шығын құрамы толықтығымен жəне де олардың сандық бағалауының дұрыстығымен анықталады.
Маркетингтік іс-шараларға жұмсалған шығынның мақсат- тылығы маркетинг іс-шаралардың құндылығын нарықтық ұсы- ныстың құндылығы жағынан да (тұтынушы үшін жасалатын құндылық), корпоративтік құндылық жағынан да (кəсіпорын ішінде жасалатын құндылық) бағалаумен анықталады. Кəсіп- орынның маркетинг қызметі, негізінен, нарық шеңберінде, тауар жəне қызметті тұтынушылармен өзара əрекеттесу саласында мə- селелерді шешуге бағытталған. Сондықтан ең бірінші орында нарықтық ұсыныс құндылығын бағалау болады.
Кəсіпорында маркетингтік қызметі шығындарының бюдже- тін бекіткеннен кейін маркетинг шығындарының көрсеткіштері есептеледі. Маркетингтік шығындарының негізгі көрсеткіштері 5.3-кестеде көрсетілген.
Кəсіпорынның маркетингтік қызметінің шығындарын тал- дау маркетингік шығындарын ағымдық бақылау мен талдау, на- рықтық ұсыныстардың құндылығын бақылау мен талдау жəне нарықтық ұсыныстар құндылығы мен маркетинг шығындарын қорытынды бақылау мен талдау.
5.3-кесте
Маркетингтік шығындарының негізгі көрсеткіштері
Достарыңызбен бөлісу: |