6.1-сурет. Сапа шығындарының классификациясы
Толығырақ қарастырайық:
Ақаулардың алдын алу шығындары:
сапа жүйесін жоспарлау;
материалдың, процестің, өнімнің техникалық сипаттама- ларында сапа бойынша тұтынушы күтулерін өзгерту;
өлшеу жəне сынау жабдықтарын құру жəне құрылымдау;
сапаны талдау жəне құрылымды тексеру;
өлшеу жəне сынау жабдықтарын ұстау жəне тексеру;
сапасын бағалау үшін пайдаланылатын өндірістік жаб- дықтарды ұстау жəне тексеру;
жеткізушілер кепілдігі, əлеуетті жеткізушілерді бағалау жəне оларды қолдау;
сапа саласындағы кадрларды дайындау;
сапа жүйесіне аудит жүргізу;
сапаны жақсарту бағдарламасы, есептілікті құру жəне ба- қылау, оның ішінде мəліметтерді жинау мен талдауды қосқанда;
сатып алынғанды талдау жəне сапалық сипаттамалары туралы баяндама;
сапаны жетілдіру бағдарламалары.
Бағалау жəне бақылау шығындары:
өндірістен алдыңғы тексеріс (тексерушілердің жалақысы, тексеріс үшін қажетті материалдарға кеткен шығындар жəне т.б.);
бақылау əдісін таңдау;
зертханалық сынақтар жүргізу;
бақылау жəне сынақтан өткізу;
бақылаушы жəне сынақтан өткізуші жабдықтар;
бақылау жəне бағалау үшін қажетті материалдар (бақылау шығындары жəне шикізат пен материалдарды сынақтан өткізу);
бақылау жəне сынақтан өткізу нəтижелерін талдау жəне олар туралы есеп;
жұмысқа қабілеттілікті тексеру;
қоймадағы қорларды бағалау;
қоймалауды түгендеу.
Ішкі бас тартуларға байланысты шығындар:
ақау (сапа талаптарына сəйкес келмейтін материалдар құ- нын қоса есептегенде);
дилерлердің бас тартулары;
сапа деңгейінің төмендеуі (сапа талаптарына сай келмей- тін себептерді анықтауды қосқанда);
олқылықты;
қайта сынау жəне бақылау;
ақауларды іздеу жəне жою, ақауларды немесе бас тарту- ларды талдау.
Сыртқы бас тартулармен байланысты шығындар:
шағымдар (шағымдардың себептерін зерттеу, тұтынушы- ның қанағаттанушылығын қалпына келтіру, құқықтық даулар мен өтемақы);
қайтару кепілдігі (қанағаттанарлықсыз өнімді ауыстыру немесе жөндеу, қызмет көрсету шығындары);
кемітулер;
тұтынушылар қайтарған өнімдер;
сатуды жоғалту;
өнімді сипаттау шығындары;
өнім үшін жауапкершілік.
Шын мəнінде, сапа шығындарын жою өте қиын. Шығын- дарды минимизациялауға ұмтылу қажет. Дегенмен сапа шығын- дарының барлығы төмендетуге келе бермейді. Сондай-ақ ақау- дың алдын алумен байланысты шығындар қажетті болып табы- лады, себебі шығындардың басқа топтарын қысқартуға мүмкін- дік береді. Мысал ретінде сапа бойынша персоналдарды дайын- дауды келтіруге болады. Егер басшылық осы сала бойынша ақ- шаны аямайтын болса, онда ішкі жəне сыртқы бас тартулар мей- лінше қысқаратын еді. Келесі шығындарды болдырмау жəне олардың орын алуынан қашу қажет:
пайдаланылмаған материалдар;
ақауларды өңдеу немесе қайта өңдеу;
ақаулы өнім шығаруға себеп болатын кешігулер, артық өндірістік уақыт;
анықталып қойған ақау деңгейін қосымша тексеру жəне бақылау;
міндеттеме кепілдігін қоса алғанда тəуекелдер;
тұтынушының қанағаттанбауымен байланысты сатуды жоғалту;
Осылайша, болдырмауға болатын шығындар жəне сапаның қол жеткізген деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті болып са- налатын шығын түрлері бар.
Сонымен қатар экономикалық əдебиеттерде сапа шығында- рының басқа да топтары қарастырылады. Жалпы олар келесі белгілер бойынша жіктеледі:
тағайындалу бойынша – сапаны бағалау, жақсарту, қам- тамасыз ету, басқару шығындары;
мерзімі бойынша – ағымдық, бір реттік;
орындылығы бойынша – орынды, орынды емес;
өзіндік құнға кіру бойынша – тікелей, жанама;
есепке алу мүмкіндігі бойынша – тікелей есепке алына- тын, тікелей есепке алынбайтын, есепке алу үшін экономикалық тиімсіз;
өмірлік циклдің саты бойынша – дайындау, өндіру, іске қосу (тұтыну) барысында сапа шығыны;
құрылымдау сипаты бойынша – кəсіпорын, өндіріс, цех, учаске, өнім түрі бойынша;
қалыптасу жəне есепке алу көлемі бойынша: өнім, про- цесс, жұмыс, қызмет.
Достарыңызбен бөлісу: |