10.1-сурет. Кəсіпорынның шығындарын талдау схемасы
Кəсіпорындардың өндірістік, қызмет көрсету жəне функ- ционалды-басқарушылық бөлімшелерінде шығындар бюджеті есептеледі, бекітіледі жəне олардың орындалуына талдау жүргі- зіледі.
Кəсіпорынның негізгі қызметі бойынша шығындарды тал- дау келесі негізгі жұмыстардың орындалуын қамтиды:
экономикалық элементтер бойынша өнімді өндіру жəне өткізу шығындарының жалпы сомасын талдау. Нəтижесінде шығындардың құрылымдағы өзгерістер мен өнімнің материал-, қор-, еңбексыйымдылығының өзгерісі анықталады;
калькуляциялық баптар бойынша дайын өнімнің (жұмыс- тың, қызмет көрсетудің) өзіндік құнын талдау. Калькуляциялық баптардың динамикасы шығындар қандай мақсатқа жұмсалға- нын жəне өндірістің спецификалық ерекшеліктерін көрсетеді;
өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жеке түрлерінің (жəне бірлігінің) өзіндік құнын талдау. Кəсіпорынның жалпы өнім көлемінде ең көп үлес салмағын құрайтын бұйымдар бойынша шығындардың өзгерісі зерттеледі;
өндіріске қызмет көрсету жəне басқару шығындарын тал- дау. Талдау нысаны болып табылатындар: жабдықтарды жұмыс күйінде ұстау жəне пайдалану шығындары, цехтық шығындары, жалпы өндірістік (жалпы шаруашылық) шығындары;
өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындарды талдау. Нə- тижесінде кəсіпорынның шығындары тиімді немесе тиімсіз басқарылатыны анықталады;
өткізілген өнімнің шығындарын талдау. Талдау нысаны болып табылатындар: өткізілген өнімнің нақты өндірістік өзін- дік құны жəне коммерциялық шығындар, яғни өнімді сату жəне оны тұтынушыға жеткізу шығындары.
Талдау жасау барысында есептік кезеңдегі нақты шығындар деңгейін алдыңғы кезеңде болған немесе жоспарланған шы- ғындармен салыстыру, шығындардың көлемін жəне олардың құрамы мен құрылымы бойынша өзгеру себептерін айқындау, шығындардың өсу немесе қысқару факторларын белгілеу, оларды төмендету резервтерін анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |