Шығындарды басқару жүйесіндегі бюджеттеудің мəні
Шығындарды басқару үшін олардың көлемін жақын бола- шаққа болжамдаудың маңызы зор. Соңғы кезде кең таралған бюджеттеу əдістемесі болжамдаудың ең нақтыланған деңгейі болып табылады. Ол – ұйымның құрылымдық бөлімшелері не- месе функционалдық сферасы бойынша басшылықпен бекітіл- ген бағдарламалар негізінде бөлек бюджеттерді əзірлеу үдерісі.
Бюджеттеу, бір жағынан, қаржы жоспарлары мен сметалар- ды жасау үдерісі, екінші жағынан, басқарушылық шешімдерді қабылдау жəне олардың қаржылық негізділігін арттыру мақса- тындағы басқару технологиясы болып табылады.
Сонымен, бюджеттеу (ағылшын тілінен budgeting) – бұл сметалар жəне экономикалық көрсеткіштер арқылы кəсіпорын- ның бөлімшелері қызметін келісілген жоспарлау жəне басқару үдерісі.
Бюджеттеу шығындарды басқарумен жəне басқару есебімен тікелей байланысты жəне оның құрамдас бөлігі болып табыла- ды. Кез келген кəсіпорынның қызметі экономикалық тиімділікке ие болады, егер анық белгіленген, кернеулі, бірақ орындау үшін қолжетімді шығындар мен нəтижелердің құндық параметрлері болатын болса. Ондай параметрлер өндіріс бюджеті, шығындар, өндірілген жəне өткізілген өнімнің өзіндік құны арқылы анық- талады.
Бюджет – кəсіпорынның қызметін барлық жағынан қамти- тын жəне жасалған барлық шығындарды қызметтің нəтижелері- мен салыстыруға мүмкіндік беретін қаржылық жоспар болып та- былады.
Бюджет қысқа мерзімге (апта, ай) немесе бір жылға жаса- луы мүмкін. Бюджетке қойылатын негізгі талап – шығындарды төмендету емес, оңтайландыру. Бюджет – ұйым қызметі жоспа- рының сандық көрінісі, мерзімді түрде белгілі тізбекпен жасала- ды жəне қаржы мəліметтері бар нақты қағаз парағы түрінде бо- лады. Бірақ қаржылық есебімен салыстырғанда, оның бюджетті əзірлеу нысанына, ұйымның көлеміне, əзірлеушілердің біліктілі- гі мен тəжірибесіне байланысты құрылатын біріңғай стандарт- талған құрылымы жоқ.
Бюджеттің құрамына кірістер мен шығыстар туралы мəлі- меттер кіруі мүмкін, кез келген өлшем бірлігінде – құндық неме- се натуралды түрде, сондай-ақ жалпы кəсіпорын үшін немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне жасалады, ал бұл өз кезегімен бөлімшелердің қызметтерін үйлестіруге мүмкіндік береді.
Əртүрлі нысандары мен түрлеріне қарамастан бюджеттер кез келген жағдайда ұйымның қаржылық стратегиясының мақ- саттары мен міндеттеріне сəйкес келу керек жəне өзінің жүзеге асу үдерісінде жалпы қаржылық жоспарлау жүйесінде бюджет-
теудің жеткілікті толық рөлі мен орнын сипаттайтын белгілі функцияларды атқаруы тиіс.
Бюджеттердің негізгі функциялары келесілер:
перспективалық жоспарлаудың ажырамас бөлігі ретінде жылдық жоспарды құру немесе жоспарлау;
үйлестіру жəне байланыс. Қысқамерзімді бюджетті құру барысында кəсіпорынның құрылымдық бөлімшелердің жəне əртүрлі қызметтің басшыларының əрқилы мүдделерін ескере отырып, олардың рөлін анықтау қажет, яғни құрылымдық бө- лімшелер қызметі тігінен жəне көлденең үйлестірілген болуы керек;
коммуникация. Бюджет кəсіпорынның барлық бөлімшеле- рінін арасында өзара байланысты қамтамасыз ету мақсатында оларға барлығына жеткізілуі тиіс;
мотивация немесе ынталандыру. Бюджетті құруға əртүрлі қызмет пен бөлімшелер қатысады, сондықтан тиімді мотивация мен ынталандыру жүйесін қамтамасыз ету керек;
іс-əрекеттің тиімділігін бағалау. Кері байланыс қағидасы- мен жүзеге асырылады: яғни егер өндірістік процеске нақты тұлғалар мен құрылымдық бөлімшелер қатысатын болса, онда олардың іс-əрекеті бағалануы жəне ынталандырылуы тиіс.
Ұйымдағы бюджеттік үдеріс бюджеттеу жүзеге асырылатын жəне бюджет жасалатын уақыт интервалына тең мерзіммен цикл- дік сипатта болады. Бұл интервал бюджет кезеңі деп аталады. Көп жағдайда ол бір жылға құрылады. Бюджеттік кезең мерзімінде жоспарлаудың негізгі мəселелері бюджет комитетімен өздерінің жүйелі түрде өткізілетін жиналыстарында шешіледі.
Бюджеттеу тек жоспармен қаралатын кезеңге ғана қатысты емес. Жоспарды əзірлеу бюджеттік мерзім басталмас бұрын басталу керек екені, ал бақылау процедуралары – бюджеттік мерзімнен кейін аяқталу керек екені анық. Осы барлық құрамдас бөліктер үш фазадан біріктірілген, тоғыз кезеңнен тұратын бюд- жеттік циклді құрайды (3.2-кесте).
Бюджеттік цикл кезеңдерін сипаттау кезінде бюджеттік мерзім ұзақтығы 1 жыл деп 01 жылдың 1-қаңтарынан 31-жел- тоқсанына дейін мерзім қарастырылады (бюджет мерзімімен салыстырғанда бюджет цикл ұзақтығын көрнекті түрде көрсету үшін жыл нөмірі шартты түрде алынды) (3.2-кесте).
3.2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |