Құнанбаева Д.Ə



бет18/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69
шб кытап ()

Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар:

  1. Шығындарды жоспарлау барысында қандай міндеттер шешіледі?

  2. Шығындарды ұзақ мерзімді жəне қысқа мерзімді жоспарлаудың ерек- шелігін көрсетіңіз.

  3. Шығындарды жоспарлау үшін қолданылатын əдістерге сипаттама беріңіз.

  4. Кəсіпорынның шығындар сметасы мен өнімнің өзіндік құны қалай ұш- тастырылады?

  5. Мысалы, кəсіпорында жоспар бойынша барлық өндірілетін өнімнің өзін- дік құны 569 800 мың теңге, ал жоспарланған кезеңнің басы мен соңындағы аяқталмаған өндіріс сəйкесінше 9 350 мың теңге жəне 8 570 мың теңге құрай- ды. Кəсіпорынның жоспарланатын дайын өнімінің өзіндік құнын есептеңіз.

  6. Шығындарды басқару жүйесінде бюджет түсінігі мен оның негізгі функ- цияларын келтіріңіз. Бюджеттің қаржы жоспардан айырмашылығы неде?

  7. Бюджет кезеңі, бюджеттік цикл ұғымдарына түсініктеме беріңіз. Бюд- жеттік циклдің негізгі кезеңдерін мазмұндаңыз.

  8. Бюджетті құру əдістері мен түрлеріне сипаттама беріңіз.


      1. тарау


ӨНІМНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨМІРЛІК ЦИКЛІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ БОЙЫНША ШЫҒЫНДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ


    1. Өнімнің өмірлік циклінің құрылымы мен параметрлері


арасындағы байланыс

Цикл (грек тілінен kyklos – шеңбер) белгілі бір уақыт аралы-


ғында шеңбер айналымын құрайтын үдерістердің жиынтығы.
Өнімді құру, жасау, өндіру, эксплуатациялау, айналыс сфе- расында айналдыру жəне утилизациялау үдерісінің шығындары оның экономикалық өмірлік циклін құрайды. Ол өндіріс пен ғы- лыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүргізу қажеттілігін негіздеуден бастап, моральды не- месе физикалық тозу себебінен соңғы үлгісін пайдаланудан (эксплуатациялаудан) алып тастауға дейін созылады.
Өнімнің экономикалық өмірлік циклі бір-бірімен тығыз бай-
ланысты уақытпен, көлеммен, шығындармен жəне сапалық көр- сеткіштермен сипатталады (4.1-кесте). Мысалы, өнімді шығару жəне пайдалану ұзақтығы көлемді параметрлерге əсерін тигізеді. Сапаға қойылған талаптар ҒЗТКЖ көлемін жəне өндіріске да- йындықты анықтайды. Анық өзара байланыс өнімнің (жұмыс, қызмет) сапасы мен өндіріс көлемі жəне шығындар деңгейі ара- лығында байқалады.
Өнімнің өмірлік циклінің құрылымы шығындарға əсер ете- ді. Қандай да бір кезеңді өмірлік циклдан алып тастаса, шығын- дар қысқарады деген сөз емес. Мысалы, ҒЗТКЖ көлемін қыс- қарту немесе жою, жаңадан жасалып жатқан өнім өзінің сапасы мен эксплуатациялық параметрлері бойынша бəсекелес үлгілер- ден төмен болуына əкеледі. Өнімнің өндірістік дайындығының бір түрінен бас тарту өнімді өндірудің қымбаттауына алып келеді.
Өмірлік циклдің ұзақтығы да шығындармен тығыз байла- нысты: оны қысқарту немесе ұзарту жалпы шығындар көлеміне
белсенді əсерін тигізеді. Уақыт жəне шығын параметрлері ара- сындағы байланыс бір мағыналы емес. Егер кейбір жағдайда циклді созу жалпы шығындардың өсуіне алып келетін болса, басқа жағдайларда, мысалы, өнімнің ҒЗТКЖ мұқият жүргізу өнімді өндіру мен эксплуатациялау сатыларында едəуір үнемге жəне өмірлік циклдің жалпы шығындарының төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Сонымен, өнімнің экономикалық өмірлік циклінің құрылы- мы, оның ұзақтығы, көлемдік жəне сапалық көрсеткіштері шы- ғындарды анықтайды. Өнім (жұмыс, қызмет) өндірістік үдеріс- тің мақсаты болып бір уақытта оның нəтижесі ретінде өмірлік циклдің барлық элементтерінің шығындарын қамтиды.
Өнімнің өмірлік циклі толық, толық емес жəне жеке болуы мүмкін
Толық өмірлік цикл толық ұзақтылықтың барлық сатыла- рын жəне сатыаралық күту кезеңдерді қамтиды. Сəйкесінше, шығындар да өнімді құру, өндіру, сату, тұтыну (эксплуатация- лау) жəне утилизациялау (жою) бойынша барлық жұмыстардың толық шығындар сомасы болып табылады.
Толық емес өмірлік цикл толықтан айырмашылығы ұзақ- тық, құрылымдық жəне көлемдік сипаттамаларында. Толық емес экономикалық өмірлік циклда өнім өндіретін кəсіпорын- ның өз еркімен өндірістің барлық сатылары бойынша жұмыс жасамай, өнімді өндіру кейбір сатыларын кооперация бойынша басқа кəсіпорындарға тапсырыс беруі мүмкін.


4.1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет