Құнанбаева Д.Ə


Кəсіпорынның маркетингтік қызметі шығындарының деңгейіне əсер ететін факторлар



бет26/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69
шб кытап ()

Кəсіпорынның маркетингтік қызметі шығындарының деңгейіне əсер ететін факторлар


Кəсіпорынның маркетинг қызметі шығындарының деңге- йіне əсер ететін факторлар сыртқы жəне ішкі болып табылады. Сыртқы факторлар кəсіпорынның сыртқы ортасымен анықтала- ды. Сыртқы ортаның күрделілік, белгісіздік, үнемі өзгерісте бо- лу сияқты ерекшеліктеріне байланысты сыртқы факторлар көп- санды болады жəне кəсіпорынға əсері əртүрлі. Ішкі факторлар кəсіпорынның ішкі ортасымен анықталады жəне олардың марке- тингтік қызметі шығындарының деңгейіне əсері ұйымдық іс- əрекетке байланысты.


Маркетингтік шығындарға əсер ететін негізгі факторлар
5.2-кестеде көрсетілген.
Еңбек нарығының жағдайына байланысты тек қана еңбек- ақы шығыны ғана емес, сонымен қатар маркетингтік зерттеулер мен сатылымды ынталандыру бойынша акцияларды жүргізуге қатысатын жетекшілерге, коммивояжерлерге, қызметшілерге сыйақылар мен бонустар да болуы мүмкін. Кəсіпорын жоғары білікті маркетинг саласындағы мамандарға да (кəсіпорынның маркетингтік стратегиясын құруға) жəне орындаушыларға да (əртүрлі маркетингтік зерттеу жүргізуге, жарнамалық акциялар- ды өткізуге) тапшы болуы мүмкін. Еңбек нарығында сұраныс ұсыныстан басым болатын болса, құлаған жағдайда кəсіпорын- ның персоналды таңдап алуға мүмкіндіктері өседі жəне еңбек- ақы шығындары төмендейді. Сəйкесінше, кəсіпорынның марке- тинг аясындағы персоналына кететін жалпы шығындары өсуі мүмкін.
Персонал шығындары деңгейіне кəсіпорынның жұмыс жа- сайтын саласының ерекшелігі белгілі əсер беруі мүмкін. Кəсіп- орынның саласы неғұрлым ерекше болса, соған қарай кəсіп- орынның тауарымен, оны өкізумен жəне жылжытумен таныс мамандарға кəсіпорынның қажеттілігі арта түседі. Осының бар- лығы персонал шығындарының өсуінде көрініс табады.
Негізгі активтердің амортизациялық нормалары маркетинг- тің шығын факторы ретінде жарнамалық мақсатта қолданатын негізгі активтер балансында бар кəсіпорын үшін маңызды рөл атқаруы мүмкін. Ол көшелерде орналастырылатын жарнамалық
қалқан, көрмеде жəне жарнамалық мақсаттағы қолданылатын құрылғылар болуы мүмкін (мысалы, көптеген тамақ өнеркəсіп кəсіпорындары бөлшек сауда сатушыларына өнімді сақтау үшін фирмалық тоңазытқыштар, шатырлар, палаткалар ұсынады). Мұндай құрылғының амортизациялық нормасының өзгеруі мар- кетинг шығындарының деңгейіне жəне де осы негізгі активтер- дің сату бағасы туралы шешім қабылдауына елеулі əсер етуі мүмкін. Көптеген кəсіпорындардың өнімді өткізу қызметі көтер- ме сауда, əсіресе бөлшек сауда сатушыларын тарту үшін негізгі активтерді (сонымен қатар шатырларды) олардың құнының жар- тысын немесе үштен бірін құрайтын бағасымен амортизацияны толық емес мерзімде өткізеді.


5.2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет