Нарық жағдайында кәсіпорында еңбек ақыны төлеуді басқару



бет5/8
Дата04.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#175957
1   2   3   4   5   6   7   8

Уақыт мөлшері

Кесімді



өндіріс мөлшері



Мерзімді

Тарифтік тор


Қызмет ету мөлшері



Тарифтік-біліктілік анықтама


Адам санының мөлшері





1.3-сурет Еңбек ақыны ұйымдастыру
1.3 Қазақстан Республикасында еңбек ақыны мемлекеттік реттеу жүйесі
Экономиканың реформасы жылдары Қазақстанда еңбек ақыны төлеу, реттеудің белгілі бір тетіктері қалыптасты. Бұл тетіктер мемлекеттік және ұжымдық-келісім ұйымдастыру функцияларына сүйене отырып халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған. Экономика реформасының алғашқы жылдары пайда болған кейбір негативті бағыттар осы күнге дейін бар. Олар:

- жұмыс күшінің арзандауы мен халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі;

- көптеген өнеркәсіп орындарында және экономиканың кейбір салаларында кәсіптік-білікті жұмысшылардың еңбек ақысын себепсіз саралау сақталып келеді;

- көптеген өнеркәсіп орындарында жиі себепсіз, жұмыстың нәтижесіне қарамай жоғары төлемдер тағайындалады.

Осы негативті бағыттардың кесірінен еңбек ақы толықтыру және ынталандыру жүйелерін жоғалтты.

Еңбек ақының жұмыс күшін толықтыру жүйесінің төмендеуі көп аспектті процесс. Ол келесі түрлермен сипатталады:

- тұтыну тауарларына бағаның өсу қарқыны орташа еңбек ақының өсу қарқынынан артық болуына байланысты еңбек ақының сатып алу қабілетінің төмендеуі.

- орташа айлық еңбек ақы мен өмір сүру деңгейінің мөлшерінің айырмасының төмендеуі.

Орташа өмір сүруге керекті тауарларды сатып алу деңгейі 1995-2004 жылдар арасында екі еседей азайды және бұл бағыт әлі сақталуда;

- еңбек ақының төменгі деңгейі мен өмір сүруге керекті ақшаның деңгейінің айырмасы азайды. Мысалы, 1995ж. өмір сүруге керекті тауарларды сатып алу үшін керекті еңбек ақының төменгі саны 0,85 болса, 2004ж. Ол он есе, яғни 10,3 болды. Мемлекет тарапынан кепілдіктің төмен болуынан еңбек ақының толықтыру жүйесі төмен. Бірыңғай тарифтік топ бойынша бюджеттік жұмысшылар мен қызметшілер үшін 27 тарифтік разряд бар. Жұмыс күшін толықтырудың төменгі деңгейіне бұл мемлекеттік тарифтік жүйе тек 18 разрядтан жоғары ғана мүмкіндік береді. Ал қалғандары кедейлік шектен тыс қалады. Бұл дегеніміз еңбек ақының осы бірыңғай тарифтік топ бойынша төленетін өнеркәсіп орындарында еңбек ақы жұмыс күшін толықтыру, ынталандыру функцияларын атқара алмайды.

- еңбек ақының жалпы кірістегі үлесі азайған. Мысалы: 1995ж. еңбек ақының жалпы кірістегі үлесі 73,1% болса, бұл соңғы жылдары тұрақты азайып барады.

Еңбек ақыны ұйымдастыру және реттеу әдістерін қазіргі кезде елімізде 3 тұрғыдан қарастыруға болады:



    • мемлекеттік;

    • нарықтық;

    • әлеуметтік әріптестік жүйесі.

Еңбек ақыны мемлекеттік деңгейде реттеудің маңыздылығы нарықтық реттеушілер толық қалыптаспаған тұста айқын байқалады. Мемлекеттік реттеу 2 түрде жүргізіледі: тікелей және жанама.

Тікелей – белгілі бір сандық өлшемдер мен белгіленген мөлшерлер түрінде жүргізіледі. Ол еңбек заңнамаларда болуы тиіс. Жанама еңбек ақы төлеудің нысандарын, жүйесін және тарифтік ставкаларға қолдану сияқты т.б. әдістемелік ұсыныстар жасау түрінде болады.

Еңбек ақыны нарықтық деңгейде ұйымдастыру мен реттеу еңбек нарығының негізгі заңдылығына сүйенеді (яғни сұраныс пен ұсынысқа). Бұл жағдайда жұмыс берушілер жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс деңгейлерінің ауытқуын есепке ала отыра, жалдамалы жұмысшылар еңбек ақының көлеміне өзгертулер енгізеді.

Еңбек ақыны әлеуметтік әріптестік жүйесі бойынша реттеу – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әлеуметтік әріптестік атқарушы билік органдары өнімдерінің, жұмыс беруші мен қызметкерлер өнімдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен рычагтар жүйесі. Еңбек ақысын реттеуде әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі келісімдердің келесі жүйелері Қазақстанда жұмыс істеуде. Деңгейлері:

1. Республикалық деңгейде – үкімет, кәсіподақтар, жұмыс берушілер мен бірлестіктер арасындағы бас келісімдер.

2. Салалық деңгей – салалар бойынша осы 3 тараптық тарифтік келісімдер.

3. Аймақтық деңгей – аймақтар бойынша (облыс, қала, аудан) қызметкер кәсіподақтары, жұмыс берушілер бірлестігі және жергілікті билік өкілдері арасындағы келісімдер.


  1. Жергілікті деңгей және кәсіпорын деңгейде – жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасындағы жұмыс келісімдер.

  2. Жеке тұлғалық келісімдер – жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек шарты немесе шарт жасасу.

Еңбек ақының ынталандыру функциясының төмендеуі еңбек ақының деңгейінің істелінген жұмыс деңгейіне байланысының жоқтығына, өнімнің төмендеуіне, еңбек ақыны себепсіз сараптаудан, еңбек ақыны мөлшерлеу мен ұйымдастыру жоқтығына байланысты. Еңбек ақының ынталандыру функциясының маңызды міндеті: еңбек ақының тарифтік бөлігі еңбек ақы қорында оңтайлы орын алуында. Нарықтық экономиканың қалыптасу жылдарында еңбек ақының тарифтік бөлігі ылғи төмендеп отырды, ал сыйлықтық, ынталандыру өтемақы бөлігі өсіп отырды. Және де сыйлықтық, ынталандыру төлемдерінің өнеркәсіптің өнімділігінің өсуіне байланысты болады.

Еңбек ақының тарифтік бөлігі 2005ж. 58,1%, ал өтемақы бөлігі 3,3%, ынталандыру бөлігі 27,1% болды. Еңбек ақының тарифтік бөлігінің еңбек ақы қорындағы ең төменгі мәні кооперативтік өнеркәсіптік орындарында 24,6% болды, ал сақтандыру – кредит ұйымдарында 32,9%, банктерде 31,2% болды. Еңбек ақының ынталандыру бөлігі кооператив өнеркәсіптерінде 65,7%, банктерде 58,2% болды. Осының әсерінен еңбек ақыны көбейтудің мұндай тетігі оның ынталандыру қызметін атқармайды да, тек өмір сүру дәрежесінің көбеюінің төлемақысы ғана болады.

Қазақстанда еңбек ақына мемлекеттік реттеу тетігінің негізгі элементтері келесі сызбада көрсетілген.


Тұтыну бюджетінің төменгі мәні



Төменгі еңбек ақы – (ЕТЕА)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет