Кәсіподақ
пен еңбек берушілер арасында-ғы ара - қатынас
Ресурстардың
өзара ауыстырылым-дылығы
Тұтыну тауарларына және қызмет ету шартына бағаның өзгеруі
Кәсіпорынның
қызметі мен еңбеккердің жеке
салымының қорытынды нәтижесі
Еңбек ақы
1.1-сурет Еңбек ақыны ұйымдастыруға әсер ететін факторлар
1. Өндірістегі тауар және қызмет ету рыногындағы сұраныс пен ұсыныс жағдайының өзгеруі. Тауар және қызмет рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың (бағаның өсуіне байланысты, тұтынушылардың түсімінің азаюы, жаңа тауарлардың шығуы) шығару көлемінің қысқаруына қолданылатын еңбек ресурсының азаюына әкеп соқтырады. Керісінше, тауар мен қызметке сұраныстың көбеюінің нәтижесінде еңбекке деген сұраныс пен еңбек ақы мөлшері көбейеді.
-
Ресурстардың кәсіпорынға пайдаланылған (еңбек факторының қолдауындағы шекті табыс пен шекті шығын арасындағы айырма). Еңбекке деген сұраныстың көбеюі көп жағдайда қосымша жұмыс күшін қолданудың экономикалық тиімділігіне байланысты.
-
Еңбекке сұраныстың бағалы икемділігі . Ресустар бағасының өсуі (мысалы кәсіподақтың қысым жасауымен еңбек ақы мөлшерінің өсуі), кәсіпкердің шығынын ұлғайта отыра еңбекке сұранысты азайтады да осының нәтежиесінде жұмыс үшін жалдау жағдайы нашарлайды. Осымен қатар еңбекке бағалы сұраныстың икемділігі әрқашан біркелкі емес және де келесі шарттарға байланысты:
- Шектелген табыс серпінінің сипатамасына. Егерде шектелген табыс жайлап төмендесе , онда еңбек ресурсының бағасының өсуі еңбек рыногына сұранысты азайтады, яғнй еңбекке сұраныстың икемділігі нашарлайды. Керісіншен қосымша еңбеккерлерді жұмылдырудың қайтарымы тез таманданса, онда еңбек ақы мөлшерінің өсуі еңбекке сұраныстың тез тарада төмендеуіне әкеп соғады, яғни бұл жағдайда еңбек рыногындағы сұраныс жоғары икемді;
- Фирмалар мен өнеркәсіптердің шығынындағы еңбек ресурсының шығынының үлесінен. Еңбекке деген шығынның үлесі неғұрлым көп болса , соғұрлым еңбекке деген, сұраныс еңбек ақыға байланысты, тәуелді болады;
- Тауарларға деген сұраныстың икемділігінен. Мысалы: нан, тұз сияқты тамақ өнімдеріне деген сұраныс олардың бағасына көп тәуелді емес, сондықтан мұндай өнімдерді шығару еңбегіне деген сұраныс олардың бағасына тәуелді емес.
4. Ресурстардың өзара ауыстырылуымдылығы. Бұл фактордың ықпалына қарай отырып, жұмыс берушінің белгілі бір өзгеріссіз техникалық базада еңбекке деген шығынды азайту мүмкіндігінің шектеулі екенін атап өту керек. Өйткені еңбек ақы мөлшеріне “храповик эффекті” деген ұғым әсер етеді. Басқа сөзбен айтқанда еңбек ақы мөлшері өсу жағына ыңғайлы бола тұра еңбек нарығының жағдайы өзгергенімен төмендемейді. Бұл жағдайда адамдар еңбегін одан гөрі жоғары өнімдірек техникамен ауыстыру мүмкіндігі туады.
5.Тұтыну тауарларына және қызмет ету шартына бағаның өзгеруі. Тұтыну тауарларына және қызмет ету шартына бағаның өсуі өмір сүру құндылығын жоғарылатып еңбек ақы деңгейінің өсуіне ықпал етеді. Тұтыну тауарларын және қызмет ету шартына бағаның төмендеген жағдайында өмір сүру деңгейімен еңбек ақы мөлшері тура тәуелді болмайды
Нарықтан тыс факторлар:
1. Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу шарттары. Бұл фактор төменгі еңбек ақы деңгейін қалыптастыру заңды кепілдік төлем ақылардың деңгейін белгілеу.
2. Кәсіподақ пен еңбек берушілер арасындағы қатынас. Еңбек ақы мөлшеріне және жалдау шартына кәсіподақ ұйымының саясаты, кәсіподақ қозғалысы көп әсер етеді.
3. Кәсіпорынның қызметі мен еңбеккердің жеке салым факторы еңбек ақы көлеміне тікелей байланысты. Еңбектің төлемі біздің елде екі түрлі қызмет атқарады:
-
біріншіден еңбек ақы жұмыскердің табысының көзі, өмір деңгейін жоғарылату мүмкінділігі;
-
екіншіден өндірістің тиімділігі мен материалдық ынталандырудың көзі;
Еңбек ақының ең маңызды қызметін ұдайы өндірістік, ынталандырушылық, қалпына келтіру, реттеушілік,бөлшеулік бөлімше,ресурстық орналастырушылық және тұрғындардың төлем қабілеттілік сұранысын қалыптастырушы қызмет түрлері атқарады.
Еңбек ақының ұдайы өндірістік – жұмыскерлер мен олардың жанұя мүшелерінің жұмыс күшін ұдай өндіру үшін өмір сүруге қажетті игіліктермен қамтамасыз ету. Мұнда қажеттілікті жоғарылатудың экономикалық заңнамада іске асырады. Бұл қызмет мемлекеттік реттеу ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Қалпына келтіру қызметінің мәні жұмыскердің өзінің жұмыс күшін қалпына келтіру мүмкіндігінде жатыр, ол үшін оның еңбек ақысының мөлшері, оның жұмыс күшін қалпына келтіруге жетуі керек. Басқа сөзбен айтқанда, оның еңбек ақысы тұрмыс жағдайын көтеруге, ел қатарлы өмір сүріп (пәтер ақысын төлеу, әл-ауқат, киім-кешек сатып алуға) демалып, денсаулығын қалпына келтіруге нақты мүмкіндігі болуы керек. Әр жұмыскердің отбасын асырап, бала-шағасын баулап тәрбиелеуге мүикіндігі болу керек. Міне, бұл функцияның басты мәні осыда жатыр. Бұл мәселе қазіргі нарықтың кезінде өте өзекті мәселе, өйткені өмір сүрудің жоғарғы деңгейге жетуі еңбек ақының мөлшеріне байланысты.
Ынталандыру қызметінің өнеркәсіп басшылығына тәуелділігі, жұмыскердің еңбекке деген белсенділігін арттыру үшін, жоғары деңгейде қайтарымдылығы болу үшін керек. Бұл жағдайда еңбек ақының мөлшері жұмыскердің еңбектегі жеңістігіне байланысты болуы керек. Басқа жағдайда жұмыскердің еңбекке деген ынтасы төмендейді, инициативасы басылады. Әрбір жұмыскер жоғарғы еңбек ақы алу үшін өзінің жұмыс деңгеін көтеріп, жоғарлатуға мүдделі болуы керек. Өнеркәсіп иелері еңбектің өнімді болуы және тауарлардың сапасы жоғары болуы үшін жоғары білікті жұмыскерлерді жұмысқа алуы керек. Ынталандырушы қызмет - өндірісте жоғары нәтижеге жетуде материалдық ынталандыру арқылы іске асады. Материалдық ынталандыру жұмыскерлердің еңбек нәтижесін үнемі жақсартқан сайын, соғырлым оның қызығушылығы артуы қажет. Бұл қызмет сондай-ақ оның өнімділігінің, еңбек тиімділігінің өсуіне әсер етеді.
Ынталандыру қызметі өнеркәсіп басшылары негізгі істелген қорытындысына байланысты нақты еңбек ақы төлеу арқылы іске асырады. Және де еңбек ақы қорының мөлшері өнеркәсіптің тиімділігіне байланысты болуы керек.
Еңбек ақының ұйымдастыру жүйесін жетілдіруінің негізгі бағыты еңбек ұжымының қызметінің соңғы қорытындысына тікелей байланысты болуында. Бұл міндетті атқаруда еңбек ақыны төлеу нышаны мен түрлерін дұрыс қолдану көп ықпал етеді.
Еңбек ақының реттеушілік қызметі жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысына жұмыс күшінің қалыптасуына (саны, біліктілігі) және олардың жұмыспен қамсыздануына ықпал етеді. Еңбек ақының ең төменгі деңгейін бірыңғай тарифтік себетті (торды) мемлекеттік реттеу арқылы еңбек ақының реттеуші қызметі іске асады. Бұл қызмет жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы баланс ролін атқарады. Бұл ұстанымының негізіне еңбек ақыны объективті саралау принципімен төлеу, яғни әрбір жұмыскер топтарын нақты өндіріс шартымен еңбек ақыны белгілеу жатады. Бұл қызмет бағаның белгілеу шарттары орындалған және еңбек қатынастарының орындалған жағдайында қолданылады.
Бөлшеулік-бөлімше қызметі - өндіріс құралдарының иелері мен жалдамалы жұмыскерлер арасында табысты бөлуде еңбек өлшемін анықтау үшін қарастырылады. Сондай-ақ еңбек ақы арқылы өндіріс процесіндегі әрбір жұмысшының жеке еңбек үлесі анықталады.
Ресурстық орналастырушылық қызметі – еңбек ресурстарын аймақ, сала, кәсіпорын бойынша орналастыруынан жасалады. Яғни, осылар бойынша жұмысшы кез-келген салада, аймақтарда жұмыс тауып қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін еңбек ақының мөлшеріне қарай жұмыс орнын ауыстырып отырады.
Тұрғындардың төлемге қабілеттілік сұранысын қалыптастырушы қызметі – төлемгеқабілетті сұраныс қажеттілік пен қоғамның сияқты 2 негізгі фактор есебінен қалыптасады. Осының нәтижесінде еңбек ақы көмегімен нарықтық жағдайда тауарлық және қызмет көрсетушілік, сұраныс пен ұсыныс арасындағы пропорция шығады.
Еңбек рыногында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланады. “Жұмыс күші” деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылы еңбекте пайдаланатын қабілеттері. Бұл ұғымға жұмыс іздеген жұмыссыздардың және де жақын болашақта жалданатын еңбек резервтер қатарына жататын адамдардың еңбектену қабілеттері жатады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі болады, алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтанда, еңбек күшінің нақтылы еңбекке қажет қабілеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталады. Демек, еңбек нарығы дегеніміз “жұмыс істеп жүрген” жұмыс күші нарығы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ. “Жұмыс күшінің бағасы” бұл оның құнының ақшалай мөлшері. “Жұмыс күшінің бағасы” өнеркәсіпте еңбек ақыны сараптау үшін және әрбір жұмыскермен келісілген еңбек ақы көлемін анықтау үшін қолданады.
Еңбектің төлемі – бұл істелген жұмыстың ақшалай мәні. Бұл төлем істелген жұмысты оның ақшалай бағасымен салыстыруға мүмкіндік туғызады. Өлшем бірлігі үшін бір сағатта атқарылған жұмыстың бағасын алуға болады. Әр түрлі атқарылған жұмыс бағасын тарифтік мөлшермен анықтауға болады. Белгілі бір істелген жұмыс бағасын белгілей отырып өнеркәсіп иелері еңбек ақы мөлшерін реттейді. Бір жағынан, еңбек ақыны тым төмендетуге болмайды, өйткені жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен қызметкерлер кетіп қалуы мүмкін. Екінші жағынан, өте жоғары баға қоюға да болмайды, өйткені шығарылатын тауарлар сапасы жағынан және баға мөлшерімен де бәсекеге қабілетті болуы керек. Басқа жағдайда тауардың сату көлемі азаяды, бұл жұмыс күшінің сұранысы мен жұмыспен қамтамасыздығын азайтады. Жоғарыда көрсетілген функцияларды іске асыру еңбекті бағалаудың келесі принциптерін қолдану керек.
- әр өнеркәсіптің еңбек ақыны ұйымдастыруына, оның түрлері мен мөлшерін белгілеуінде дербестік болуы керек;
- атқарылған жұмыс мөлшеріне байланысты еңбек ақыны саралау. Бұл принцип жұмыскердің өз еңбегінің біліктілігі мен сапасының жоғары болуына мүдделілігіне байланысты. Қазіргі заманда бұл принцип көп орындалмайды. Өйткені жұмыскердің алатын айлығы олардың біліктілігіне сай келмейді. Мысалы, жоғары білікті дәрежелі жұмыскерлер істейтін салада білім беру, мәдениет салаларында істейтін жұмыскерлердің еңбек ақылары басқалардан төмен. Мұндай еңбек ақы мөлшерінің жұмыскердің біліктілігіне сай келмеуі олардың басқа жұмысқа кетуіне себеп болады;
- жұмыскерлердің еңбектегі жоғарғы көрсеткішіне жету материалдық мүдделігі;
- еңбеккердің әлеуметтік қорғанышы;
- еңбек өнімділігінің артуының еңбек ақының артуынан жоғары болуы;
Еңбек туралы мәселе қозғалғанда ақшалай және нақтылы еңбек ақының арасын ашып алу керек. Ақшалай еңбек ақы дегеніміз - әрбір сағат, күн, жеті т.б. үшін төленетін ақша. Нақтылы еңбек ақы – бұл ақшалай еңбек ақыға сатып алуға болатын тауарлар мен қызмет немесе ақшалай еңбек ақының сатып алу мүмкіндігі. Әрине нақтылы еңбек ақы ақшалай еңбек ақыға және тауарлардың бағасына тәуелді.
Егерде ақшалай еңбек ақы өссе, онда азық-түліктің, киім-кешектің және басқа тауарлардың бағасы өссе де нақтылы еңбек ақы азаяды. Бұл әрине қазіргі Қазақстан Республикасындағы жағдайына сәйкес келеді. Бізде қазіргі кезде еңбек ақының 60-70% азық-түлік сатып алу үшін жұмсалады, ал алдыңғы қатарлы өркендеген елдерде азық-түлік үшін еңбек ақының 20-30% ғана жұмсалады.
Республика экономикасында нарықтық қарым-қатынас кезеңінде еңбек ақының қалпына келтіру және ынталандыру ролі төмендейді. Бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне еңбек ақы мен еңбек нәтижесі арасының қашықтауына, шығындардың көбеюіне, шығарылған тауарлардың бағасының өсуіне әкеп соқты.
Еңбек өнімділігінің төмендеуіне еңбек құнының азаюы, нақтылы еңбек ақының төмендеуі себеп болды. Еңбектің бағасының төмендеуі оның экономикамен өнеркәсіптер арасында қате саралымдалуы, еңбек ақы мен жұмыс күшінің бағасы және еңбектің сапасы мен мөлшері арасындағы байланысты бұзды. Бұл көптеген шаруашылық иелерінің еңбекті ұйымдастыруына атүсті қарауына әкеп соқты.
Өнеркәсіптің қай саласы, қандай жеке меншік формасы болса да еңбек ақының мөлшерін ұйымдастыру кезеңінде екі жауаптың шешілуі қажет:
-
әрбір қызметкерге еңбек ақыны оның істеген еңбегіне қарай төлеуге кепілдік беру;
-
қандай болмасын жұмыс берушінің істелінген жұмыстардың нәтижесінде шыққан шығындарын өтеп қана қоймай, белгілі бір мөлшерде пайда табуына мүмкіндігі болуы керек;
Осының нәтижесінде еңбек ақының мөлшерін дұрыс ұйымдастыру арқылы жұмыс беруші мен жұмыскерлердің мүдделерінің арасында керекті ымыра орнайды да, нарықтық экономиканың екі негізгі қозғалыс күштерінің арасында дұрыс әлеуметтік әріптестіктің өсуіне жағдай туады.
Еңбек ақының экономикалық міндеті жұмыскердің өмір сүруіне мүмкіндік тудыру. Осы үшін адам өз қызметін жалға береді. Жұмыскердің өз қажеттілігін жақсылап қанағаттандыру үшін неғұрлым жоғары еңбек ақы алуға тырысуының ешқандай сөкеттігі жоқ. Екінші жағынан еңбек ақының жоғары мөлшерде болуы түгел елдің экономикасына ықпал жасайды да, тауар мен қызметке жоғары сұранысты қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |