Салық салу жүйесі
Тарифтік еңбек ақы жүйесі
1.4-сурет Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу тетігінің негізгі элементтері
Тұтыну бюджетінің төменгі мәні – бұл керекті жұмыс күшін толықтыру үшін және еңбекке жарамсыздардың өмір сүруіне керекті игіліктер мен қызметтің төменгі бағалануы.
Осы көрсеткіш негізгі әлеуметтік норматив пен стандарт болып табылады. Бұл көрсеткіш ғылыми түрде дәлелденген азық-түлікке және басқа тауарларға керекті мөлшерге сүйене отырып тағайындалады.
Тұтыну бюджетінің төменгі мәнін есептегенде 4 адамнан тұратын (әкесі шешесі, екі баласы) орташа отбасын есепке алады.
Тұтыну бюджетінің төменгі мәнін есептегенде тұтыну қоржынына байланысты болу керек.
Тұтыну қоржыны екі түрлі :
-
Төменгі тұтыну қоржыны – адамның алғашқы қажетіне керекті өмір сүру қаражаттарының төменгі мәні.
-
Оңтайлы тұтыну қоржыны – бұл адамның әржақты қажеттілігін өтеуге керек заттарға байланысты.
Төменгі тұтыну қоржынының ақшалай бағасына байланысты кедейлік шегі деген ұғым қалыптасқан. Бұл төменгі тұтыну қоржынынан төмен түспеу керек деген шегі. Қазақстан мемлекетінде ең төменгі еңбек ақы деген еңбек ақыны мемлекеттік реттеудің негізгі злементі болып саналады.
Қазақстанда еңбек кодексі бойынша төменгі еңбек ақы бұл мемлекеттік кепілділік төлемақы. Еңбек ақының төменгі мәні төменгі тұтыну бюджетіне сүйене отырып үкімет орындарымен бекітіледі. Еңбек ақының төменгі мәнінің экономикалық сыры жұмыскердің жұмыс істеу мүмкіндігін, жұмыс күшін толықтыруға жағдай жасау.
Төменгі еңбек ақының негізгі міндеті:
-
Жұмыс күшін толықтыру;
-
Жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау.
Ұлттық тәжірибе мен талаптарды ескере отырып, Халықаралық еңбек ұйымдарының келісім шарты бойынша төменгі еңбек ақыны белгілеудегі негізгі факторлар келесі :
-
жұмыскерлер мен оның отбасының қажеттілігі;
-
экономикадағы қалыптасқан еңбек ақының орташа деңгейі;
- еңбек өнімділігі мен тұрғындардың жұмыспен қамтамасыздандыру;
-
елдің экономикалық өркендеуі;
-
мемлекет бюджеті мен жұмыс берушілердің мүмкіндіктері;
Нарық экономикасы қалыптасқан елдерде төменгі еңбек ақыны қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор, өйткені келесі факторларға әсер етеді:
-
кедейшілік деңгейіне;
-
олардың сатып алу мүмкіндіктерінің өсуіне;
- шаруашылық субъектілердің бәсекелік жағдайының теңесуіне.
Қазақстанда нақтылы еңбек ақының тұрақты төмендеуінен, еңбек ақы мен тұтынушы бюджетінің қатынасы нашарлауынан төменгі еңбек ақының жұмыс күшін толықтыру және әлеуметтік қорғау функциялары түгелдей жойылған. Бұл жағдай жұмыс күшінің арзандауына, жұмыскерді материалдық қорғауды төмендетіп жасырын жұмыс орындарының пайда болуын, кедейшілікті көбейтті. Төменгі еңбек ақы деңгейі Қазақстан Республикасының үкімет орындарының тұрақты бақылауында.
Ең төменгі еңбек ақы мөлшерін белгілеуде әртүрлі жағдайлар есепке алынады. Әсіресе, елдің экономикалық жағдайы басты назарға ұсталады. Басқа да дамыған елдерде де осы принцип қолданылады.
1996 жылға дейін ең төменгі еңбек ақы (ЕТЕА) мөлшері 300 теңгені ғана құраған. ЕТЕА термині отбасылық жәрдемақы, өтемақы, салықтар, алымдар, айыптар және басқа төлемдерді есептеу үшін қолданылады.
1996 жылдан бастап жаңа коэффициент – айлық есептік көрсеткіш (АЕК) белгілеуде қолданылады. Нақты ең төменгі жалақыға тарифтік ставканың бірінші разрядының біртұтас тарифтік торымен шек қойылмайды. Оның көлемі 1997жылы қаңтарынан – 2030 тг, ал есептік көрсеткіштің көлемі – 550 тг кварталдық өсуімен, 1998 жылы – 2360 тг және 630 тг сәйкесінше. ҚР “Республикалық бюджеті туралы” 2005 жылы шілде айынан ең төменгі жалақы деңгейі 9000 тг көлемінде белгіленеді, 20005 жылдың қаңтарынан зейнетақыға аудару, жеңілдіктер, айып санкциялары, салықтық төлемдердің айлық есептік көрсеткіші 971 тг көлемінде белгіленеді.
2006 жылы 1-ші қаңтарынан: ең төменгі жалақы көлемі – 9200 тг, зейнетақының базалық көлемі – 3000 тг, ал ең төменгі зейнетақы көлемі – 6700 тг, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айып санкциялары, салықтар және басқа да төлемдер көлемі – 1030 тг, ал ең төменгі өмір сүру деңгейі – 7945 тг.
Төменгі еңбек ақының деңгейінің серпіні және оның бірінші разряд тариф мөлшерлемесімен, төменгі өмір сүру бюджетімен, еңбек тұтыну бюджетімен, орта айлық еңбек ақымен байланысы 1.1 кестесінде көрсетілген.
1-кесте Төменгі еңбек ақы деңгейінің серпіні
Мезгіл |
Ең төменгі еңбек ақы,тг
| Төменгі еңбек ақының қатынасы |
1 разрядтың тарифтік мөлшнрле-месі,%
|
Ең төменгі күн көріс бюджетімен,%
|
Төменгі тұтынушы бюджетімен,%
|
Орт.еңбек ақы деңгейімен,%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.01.1995ж
|
350
|
88,0
|
|
|
26,9
|
1.03.1995ж
|
550
|
92,0
|
|
54,4
|
26,1
|
1.05.1995ж
|
1000
|
95,0
|
|
71,9
|
30,0
|
1.11.1995ж
|
2000
|
91,0
|
|
73,3
|
23,6
|
1.01.1996ж
|
3000
|
83,0
|
|
70,8
|
23,1
|
1.04.1996ж
|
4500
|
90,0
|
|
55,2
|
19,1
|
1.06.1996ж
|
6600
|
94,0
|
|
51,7
|
17,7
|
1.08.1996ж
|
9000
|
88,0
|
|
37,8
|
15,9
|
1.10.1996ж
|
15000
|
88,0
|
|
40,9
|
15,7
|
1.11.1996ж
|
20000
|
91,0
|
|
39,0
|
16,4
|
1.01.1997ж
|
30000
|
91,0
|
|
27,6
|
15,9
|
1.04.1997ж
|
60000
|
92,0
|
|
28,7
|
15,1
|
1.07.1997ж
|
100000
|
91,0
|
|
21,2
|
12,2
|
1.11.1997ж
|
20000
|
91,0
|
7,0
|
13,1
|
10,1
|
1.01.1998ж
|
30000
|
91,0
|
7,0
|
11,1
|
8,8
|
1.03.1998ж
|
60000
|
60,0
|
14,0
|
11,6
|
9,1
|
1.01.1999ж
|
100000
|
91,0
|
15,0
|
10,8
|
10,5
|
1.01.2000ж
|
130000
|
90,0
|
15,0
|
10,5
|
8,5
|
1.04.2000ж
|
150000
|
88,0
|
15,5
|
9,6
|
8,0
|
1.09.2000ж
|
200000
|
91,0
|
16,0
|
10,5
|
7,0
|
1.10.2001ж
|
350000
|
50,0
|
15,0
|
9,3
|
6,1
|
1.11.2001ж
|
4375
|
50,0
|
19,0
|
10,0
|
7,0
|
1.01.2002ж
|
500000
|
42,0
|
12,0
|
7,2
|
5,6
|
1.05.2002ж
|
1000000
|
47,0
|
11,0
|
7,5
|
5,7
|
1.10.2002ж
|
1450000
|
48,0
|
11,3
|
7,3
|
5,3
|
1.01.2003ж
|
2200
|
49,0
|
12,2
|
7,9
|
6,0
|
1.05.2003ж
|
2600
|
50,0
|
10,5
|
6,8
|
4,8
|
1.10.2003ж
|
3600
|
50,0
|
11,1
|
7,2
|
4,7
|
1.03.2004ж
|
5700
|
50,0
|
15,0
|
8,9
|
4,6
|
1.07.2004ж
|
7500
|
51,7
|
14,4
|
8,9
|
5,4
|
Кестеден көрінгендей 1995-2000 жылдары бірінші разрядтың тариф мөлшерлемесінің деңгейі төменгі еңбек ақы деңгейінен 5-18% жоғары болған. 2001ж. бірінші разрядтың тариф мөлшерлемесі төменгі еңбек ақы деңгейінен көп болған.
Төменгі еңбек ақы мен төменгі күн көріс деңгейінің бюджеті, төменгі тұтынушы бюджетімен қатынасы 1995-2004ж.ж. 14,4% және 8,9% болды және тұрақты түрде азайып отырған. Осындай байланыс төменгі еңбек ақы деңгейі мен орташа еңбек ақының 26,9% болса, 2003ж. 4-5% болған. Бұл көрсеткіштерден көрінгендей төменгі еңбек ақы оның аз деңгейлігімен әлеуметтік еңбек кепілдігін орындай алмайды.
Кестеде көрсетілгендей ең төменгі еңбек ақы жыл сайын соңғы жылдары мың теңгеден астам көтеріліп келеді. Бұл елдің экономикалық жағдайының күрт өсуінен болып отыр. Елімізде төменгі күн көру шегінде 2004 жылы халықтың төрттен бір бөлігінің тұтыну себетіндегі ақша шамамен 3017 теңге құрады.
2-кесте 2002-2006 ж.ж. арасындағы ең төменгі еңбек ақы, теңге
Көрсеткіштер
|
2002 ж.
|
2003 ж.
|
2004 ж.
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
Ең төменгі еңбек ақы
|
4081
|
5500
|
6600
|
9000
|
9200
|
Елімізде еңбек ақы және оның төлену жүйелерін реттейтін негізгі механизм – “Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” заңда толықтай келтіріліп құрылған.
Еңбек ақыны саралау тетігінде тарифтік жүйе орта орын алады. Тарифтік жүйеге: бірінші разрядтың тариф мөлшерлемесі, бірыңғай тарифтік топ, тарифтік кәсіптік анықтамалар жатады. Еңбек ақыны тарифтік жүйемен қалыптастыруда негізгі бастапқы ережелер мыналар:
- тарифтік мөлшер мен айлық жалақы мемлекеттің төменгі еңбек ақы деңгейіне кепілдігі болып табылады;
- кәсіпорын иелері мөлшерлеменің, айлықтың және табыстың басқа да құрамдары өз еркімен тек аз мөлшерден төмен емес тағайындауларына болады.
Бірыңғай тарифтік топ – бұл біліктілік разрядтармен тарифтік коэффиценттердің жиынтығы. Бұл елдегі бірыңғай еңбек ақы саясатындағы мемлекет қолындағы басты құрал.
Еңбекшілер табысын кепілденген деңгейін қорғауды жүзеге асыратын бірыңғай тарифтік тор еңбек ақы төлеу реформасының негізі болып табылады. Осының нәтижесінде, оның базалық бөлігі болып, халық шаруашылығының саласындағы әрбір жұмысшыға кепілденген ең төменгі еңбек ақы табылады. Еңбек ақының екінші бөлігі ұйымдарда, кәсіпорындарда және салаларда балдық жүйемен бағаланатын, разрядқа, біліктілік топқа, атаққа және дәрежеге байланысты, жұмысшылардың еңбек стаждарына, біліктіліктеріне, қабілеттіліктеріне және қолда бар ақшалардың мөлшеріне байланысты төленеді.
Бірыңғай тарифтік торда бірінші разрядтағы жұмысшылардан басталып, басшылардан аяқталатын, қызметкерлердің разрядтарының тарифтік коэффициенттерінің мәтіні көрсетіледі.
Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд халық шаруашылығында жұмыс жасайтын барлық қызметкерлерге таратылады. 21 тарифтік разряд шарушылықтағы жүргізу нышанына, меншін нышанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған:
-
1-8 разрядтар бойынша – жұмысшыларға төлемдер;
-
6-15 разрядтар бойынша – сызықтық қызметкерлер;
-
4-11 разрядтар бойынша – орта білімді мамандар;
-
7-15 разрядтар бойынша – жоғары білімді мамандар;
-
10-20 разрядтар бойынша – кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық қызметкердің басшылары;
-
9-21 разрядтар бойынша – ғылыми қызметкерлер.
Қазақстан Республикасының бюджеттік салаларындағы қызметкерлердің еңбек ақыларына арналған тарифтік тор қызметкерлердің дәрежесін, міндетін, разрядтар санын (21) және разрядтарға қатысты тарифтік коэффициенттерін көрсете отырып, әр түрлі топтардағы қызметкерлердің еңбек ақысындағы ара-қатынастардың мәтінін көрсетеді.
1.2-кесте Еңбек ақыға арналған бірыңғай тарифтік тор
Еңбек ақы төлеудің разрядтары
|
Тарифтік коэффициенттер
|
Еңбек ақы төлеудің разрядтары
|
Тарифтік коэффициенттер
|
1
|
1,0
|
12
|
2,20
|
2
|
1,07
|
13
|
2,37
|
3
|
1,15
|
14
|
2,55
|
4
|
1,24
|
15
|
2,74
|
5
|
1,33
|
16
|
2,95
|
6
|
1,43
|
17
|
3,17
|
7
|
1,54
|
18
|
3,43
|
8
|
1,66
|
19
|
3,67
|
9
|
1,78
|
20
|
3,94
|
10
|
1,91
|
21
|
4,24
|
11
|
2,05
|
|
|
Тарифтік торға тарифтік коэффициенттердің абсолюттік және салыстырмалы өсуі, разрядтардың саны және диапозон (ауқым) жатады.
Қазақстанда экономикалық реформа жүргізу кезінде, кәсіпорындарға еңбек ақы төлемдерін өздері еркін реттеген. Мемлекеттің бюджет саласындағы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша бірыңғай тарифтік тор көрсетілген. Еңбек ақы күрделі еңбекті жақсы ынталандыру үшін, кәсіпорындарда жауапкершіліктің деңгейі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, қызметкердің біліктілігі және еңбек ақының деңгейі арасындағы тікелей байланыстарды орнатқан.
Еңбектің деңгейі мен оның төлемі арасындағы бірлікті сақтау үшін біріңғай тарифтік топ арқылы еңбек ақының негізгі бөлігін саралау мен реттеу жүргізіледі. Бұл жұмыс әртүрлі экономика саласынан және келесі факторларға байланысты:
- бір кәсіптің шегіндегі еңбектің қиындығы;
- жұмыскердің, техника қызметкерлерінің, әкімшілік шаруашылықтың бөлім басшылырының еңбектерінің мазмұны мен ерекшеліктері;
- жұмыстың жалпы шарты; шығарылатын өнімнің қиындығы, әлеуметтік тұрмыс жағдайы, жұмыс пен демалыс режимі.
Біріңғай тарифтік топтың бастапқы нұсқасында тарифтік коэффиценттің разрядтан разрядқа біркелкі өсу принциі қолданған. Бұл жағдай еңбек ақы реформасының тұжырымында былай деп бекітілген: “тарифтік топта разрядтан разрядқа 10-10% мөлшерлеменің өсу мөлшері болу керек”.
Ал тарифтік топтың келесі нұсқаларында бұл жағдай бекітілмейді. Қазіргі уақыттағы біріңғай тарифтік топта 1-2 разрядтың қатынасы 1,3, 2-4 разрядтың қатынасы 1,16, 4-8 разрядтың қатынасы 1,07 болады. Осының арқасында біріңғай тарифтік топқа елдің табысын реттеу функциясы салынып отыр. Бұл халықтың табыс қорын саралауды азайту үшін және құнсыздану жағдайларының болмауы үшін керек.
3-кестеде Қазақстанға тарифтік жүйе мен нарық жағдайы өркендеген елдердің тарифтік жүйелерін құрайтын факторлардың салыстырма сипаты берілген.
1.3-кесте Тарифтік жүйе түрлері, тарифтік жүйені құрайтын факторлар
Тарифтік жүйе түрлері
|
Тарифтік жүйені құрайтын факторлар
|
Қазақстандық
|
Жұмыстың күрделілігі; біліктілік (білімділік деңгейі); мамандық бойынша еңбек стажы.
|
Американдық
|
Жұмыстың күрделілігі; білімділік деңгейі; еңбек ету шарты
|
Батыс Еуропа елдерінің
|
Біліктілік топтар, олардың оқыған уақыты, өндірістік тәжірибесі
|
Жапондық
|
Анкеталық мәліметтер, жасы, білімі, жұмыс түрі, т.б.
|
Кестеге қарасақ, білім деңгейі барлық тарифтік жүйе түрлерінде бар. Өндірістің тәжірибесі Қазақстандық, Батыс Еуропалық, Жапониялық типтерде негізгі фактордың бірі.
Жұмыс күрделілігі тек Қазақстандық және Жапониялық типтерде есепке алынады. Жұмыскердің еңбегінің күрделілігі тек біріңғай тарифтік анықтамаға сүйене отырып талдау әдісі арқылы табылады. Бұл жағдайда технологиялық процесстің күрделілігі, еңбек құралдары мен әдістері, жұмыстың дербестігі есепке алынуы керек.
Еңбек ақы реформасының тұжырымы бойынша еңбек ақыны салым және мөлшер арқылы реттеу тетігі жоқ.
Әрине, қазіргі уақыттағы елдегі нарықтық өзгерістер кезінде еңбек ақыны ұйымдастыру және оның мемлекет тарапынан реттеу принциптері мен жолдарын қарастыру керек.
Сонымен Қазақстанның қазіргі жағдайында, еңбек ақыны реттеудің және жоспарлаудың сұрақтарын шешуде мына есептерге көңіл аударылуы қажет:
-
кәсіпорынның нарықтық қызметінің және оның пайдалылығының нәтижесі;
-
кәсіпорынның кадрлық саясатының есебі;
-
мамандыққа байланысты қызметкерлердің арасындағы, аймақта арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі;
-
кәсіподақтардың бәсекелестердің және мемлекеттердің әсерлері;
-
байланыс саласындағы кәсіпорындардың саясаттары және т.б.
2. ЖШС “ПолимерМеталл- Т” кәсіпорындағы еңбекті мөлшерлеу мен еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйесі
2.1 “ПолимерМеталл- Т” ЖШС-ның сипаттамасы мен әкономикалық қызметін бағалау
Алдымен серіктестіктің тарихына қысқаша шолу жасайық. Серіктестік Қазақстан Республикасының Министрлігімен 2003 жылдың №241 24 маусымдағы жарғысымен бекітілді. Зауыт ұйымдық-құқықтық меншік түрінде – жеке болып табылады. Серіктестіктің қатысушылары болып Қазақстан Республикасының азаматтары : Махамбетова Алтынай , Ронина Людмила , Лунев Сергей , Котоянц Ирина табылады. Кәсіпорындағы персоналдардың қысқаша сипаттамасына келетін болсақ, қызметкерлердің биылғы саны 118 адам қызмет ететін зауыт болып табылады. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері – серіктестік қызметін қамтамасыз ету үшін қатысушылардың салымын біріктіру жолымен 87200 теңге мөлшерін құрайды. Активтерінің құрылымы ағымды және ұзақ мерзімді активтер болып келеді.
Кәсіпорындар саны, өнім көлемі мен маңыздылығына және негізгі өндіріс процесінің механикаландыру деңгейіне байланысты құрылыс өндірісінде металл өнімдері аса маңызды рөл атқарады.
“Сэндвич” панелі сапалық қасиетімен өндірісте және азаматтық құрылыста кең қолданыс тапты. Ішкі және сыртқы құрылыста административтік, саудалық және өндірістік ғимараттарға абсолютті өрттен қорғану қауіпсіздігінде, төменгі термоизоляцияға және жоғарғы температуралық ғимараттарда қолданылады.
“Сэндвич” панелі жаңа технологиялы, жоғары сапалы техникамен, яғни “ILK wang General Machineri Co.,Ltd” Корияның фирмасының технологиясымен жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |