Ұйымның есеп саясаты.
АҚ «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» жабық акционерлік қоғам ретінде Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсанда Азаматтық кодексі негізінде және 1998 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, тағы басқа да нормативті актілерге, қоғам Жарғысына негізделіп өз еркімен пайда табу мақсатында құрылған. Қоғамды мемлекеттік тіркеу жұмыстары 2003 жылы 14 мамыр айында жүргізіліп № 55537-1910-АО куәлігі берілген.
Қоғам Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес заңды тұлға болып саналады. Қоғамның негізгі мақсаты үлкен табыс алу болып табылады. Негізінен объектінің іргелі құрылысын салуға негізделген, бас офисі, тұрғылықты орны: Қазақстан Республикасы,Алматы қаласы, Масаншы көшесі 26 үйде орналасқан.Компания сонымен қатар құрылыс материалдарын жасап шығару және жүзеге саыру, жаңа технологияларды сатып алу, жасап шығару, жоба құрастыру және соның ішінде шел елдерде өндіріске енгізумен айналысады.
АҚ «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» ұйымының бас директоры Қазақстан республикасының азаматы болып табылады. Қоғамның негізгі қызметіне:
-
өз қаражаты және тартылатын қаражаттар есебінен объектілердің іргелі құрылысын салу және оларды сату;
-
жөндеу – құрылыстық, әрлеушілік, қайта қалпына келтірушілік жұмыстар;
-
құрылыс материалдарын жасап шығару және жүзеге асыру қызметтері;
-
әртүрлі объектілерді салу кезінде төбесін жабу жұмыстарын орындау;
-
айналаны көгалдандыру және сәулеттендіру жөніндегі жұмыстарды орындау;
-
инженерлік – техникалық және архитектуралық – жобалау қызметтерімен байланысты жұмыстар;
-
жылу, гидро – дыбыс, антикоррозиялық оңашалау бойынша жұмыстарды жасау.
-
Халыққа әртүрлі ақылы қызметтер көрсету;
-
Халық тұтынатын тауарларды өндіру жәнк қайта өндеу;
-
Жаңа технологияларды сатып алу, жасап шығару, жобалау , құрастыру, және соның ішінде шет елдерде өндіріске енгізу.;
-
Шет елдердің арнайы өнімдерін және жабдықтарын сатып алу;
-
әртүрлі шикізаттарды сатып алу, соның ішінде өз өндірісі ушін сатып алу және жеткізіп беру;
-
полиуританды өндіру;
-
мұнай – газ өткізгіштеріне және жылу өткізгіштерге полиуритандық көбікті қондыру;
-
сату – сатып алу, делдалдық, бартерлік және өзге операцияларды орындау, коммерциялық – комиссиялық дүкенденрді және басқа сауда кәсіпорындарын, қоғамдық тамақтану орындарын ашу;
-
туристік және мейманханалық бизнес, демалыс аймақтарын, денсаулық орталықтарын және мейманханалық кешендерді Қазақстан Республикасы аумағында және шет елдерде ұйымдастыру және пайдалануға беру;
-
инженеринг, консалтинг, лизинг, маркетинг, ноу – хау;
-
жарнамалық – ақпараттық қызмет;
-
кешендік қызмет көрсету (автокөлік, мейманханалар, мәдени бағдарлама және т. б);
-
баспагерлік қызмет;
-
санитарлық – техникалық құралдарды құрастыру және қондыру қызметтері;
-
байланыс, радио, теледидар жолдарын салу;
-
жиһазды жөндеу, жасау және құрастырып жинау;
-
автокөлікке май құю стансаларын, автотұрақтарды ашу, автосервис;
-
жүк, жолаушы, чартерлік авиатасмалдаулармен байланысты қызмет;
-
Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңдарымен белгіленген тәртіпте көрмелер, аукциондар, сайыстар, жәрменкелер, саудалар ұйымдастыру мен өткізу,
-
Халыққа және ұйымдарға тұрмыстық, көліктік қызмет көрсетуді ұсыну;
-
өзі жасап шығарған құрылыс материалдарымен көтерме сауда жасау.
-
Ғылыми – зерттеушілік , тәжірибе – конструкторлық және жобалық – ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу және олардың нәтижелерін іске асыру;
-
Қазақстан Республикасының ішінде де, шет елдерде де темір жолдарына, автомобиль, теңіз және әуе жолдарына көліктік экспедиторлық қызмет көрсету;
-
Шығармашылық - өндірістік кешенді қаржылық қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржыларды тарту;
-
Қазақстан Республикасының ішінде, шет елдерде конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру;
-
Жеке өзі немесе экспортердің тапсырмасы негізінде немесе ұзақ мерзімді келісім негізінде сыртқы экономикалық қызмет және экспорттық импорттық операцияларды ұйымдастыру;
-
Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған қызметтің кез – келген басқадай түрлерімен айналысауға құқығы бар.
Қоғамның бағалы қеғаздар шығаруға да құқығы бар. Олардың орналастырылуы, айналымы және күшін жоюы Қазақстан Республикасының «бағалы қағаздар туралы» заңдарына сәйкес реттеледі. Яғни қоғам тек акцияларды эмиссиялаумен ғана емес, сонымен қатар, вексельдер, тағы басқа да қарыз міндеттемелігін тудыратын қағаздардың айналысына да қатысып отырады.
Вексельдермен байланысты операциялар қоғам балансының активті бөлімінде тек дебиторлық берешек ретінде ғана көрсетілген. Дипломдық жобада дебиторлық берешектер есебі мен талдауын толық қарастыру себебінен, олардың әсері жайлы айтылады.
Қоғамның Жарғылық капиталы 90 000 теңтені құрайды. Қоғамның Жарғылық капиталының көлемі келесі жолдармен өсуі мүмкін:
-
Қоғамның барлық қатысушылары тепе тең енгізетін қосымша салым мөлшерінен;
-
Жарғылық капитал мөлшері қоғвмның өз капиталы есебінен, соның ішінде салықтық капитал есебінен өседі;
-
Қоғамның іс жүзіндегі құны баланстық құнынан асатын таза активтерін қайта бағалау. Қайта бағалауды тәуелсіз сарапшылар ғана жүргізе алады;
-
Қалған қатысушылар келісім Берген жағдайда бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдар енгізуі арқылы;
Қоғам құрамына жаңа қатысушылар енгізу арқылы. Шешімді қоғам қатысушыларының жалпы жиналысы қабылдайды. Негізінен бұл кәсіпорын шетелдерімен жұмыс жасайды.
АҚ «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» өзінің қызметінің алдында келесідей мақсаттар қояды:
-
Халықтың сұранысын қамтамасыз ету;
-
Табыс табу және оны қатысушылар арасында пайдалану;
-
Жаңа жұмыс орындарын ашу және ұйым жұмысшыларының әлеуметтік жағдайларын шешу;
АҚ «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» қызметінің пәні болып:
-
Тауарларды өндіру және сату;
-
Сыртқы экономикалық қызмет;
-
Және басқа да заңмен шектелмеген қызметтер;
АҚ «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» өнімдерінің өзіндік құндарына кіретін келесідей материалдардан құралады:
-
материалдар – эмульсия, су, май,шикізат, ағаш, металл сияқты негізгі шикізаттар; көмекші материалдар этикет, кизельгурт, фильтрлі картон, клей, каустикалық пластмасса, бөтелкелердің сынуы, хлорлы әк, бояу, тұз қышқылы;
-
басқа да материалдар – жылу энергиясы, электр энергиясы, т.б;
Субъектінің қаржы – шаруашылық қызметі оның өндіру – сату қызметін жан- жақты түгел көрсетеді. Өз салаластарына бағытталған шынайылық, адамгершілік, қандай да бір принципке негізделу және жауапкершілікті қарау қоғамның басты маңызы болып табылады. Берілген қоғам басқа да компаниялармен бірігіп жұмыс жасайды, олар:
-
АО «Алматыгорстрой». Құрылыс материалдарын жасап шығару мәселесін бірігіп шешу;
-
ЖШС АГС «Бояу». Бірігіп әрлендіу материалдарын өндіреді.
-
«Казақстан логистик». Үлкен габаритті жук тасмалдау;
-
«Запасстрой». Жобалар дайындайды.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның шаруашылық техникалық экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруін талдау маңызы өте зор . Шаруашылық техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдағанда айналым капитал айналымның,мүлік құнының үлесіне меншік және қарыз капиталдың қатынасына, сонымен қатар дебиторлық және кредиторлық қарыздың қатынасына көңіл бөлу керек . Қаржылық жағдайы қалыпты болған кезде кәсіпорында меншік капиталының үлесі динамикалық түрде өсу керек , және меншікті капитал қарыз капиталдан жоғары болу керек , ал дебиторлық және кредиторлық қарыз бір-бірімен теңесуі керек . Қоғамның қаржылық шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштеріне талдау жасау жұмыстры мына кестеде келтірілген. Осы кесте бойынша талдау жасаған кезде көріп отырғанымыздай, есепті кезеңде өнімді өткізуден түскен табыс 57873,03 теңгеге өскен немесе 15 пайыз. Өнімнің өзіндік құны да 28108,95 теңгеге өскен немесе 15 пайыз. 2005 жылдың аяғына қарай жалпы табыс 228191,42 теңге болды. Сонымен қатар кезең шығындарында да 15 пайызға немесе 12949,71 теңгеге өскенін көреміз, және 2005 жылдың аяғына 99281,13 теңгені құрады. Кәдімгі қызметтен түскен табыс , ол негізгі және негізгі емес қызметтерден құралған табыста 15 пайызға өскен және жыл аяғына 94612,46 теңгені құраған. Сондай-ақ таза табыс жыл аяғына 94612,46 теңгеге тең болды.
АҚ «Қазқұрылыссервис» ұйымының 2005 жылғы таза табысы толығымен өткен кезең шығындарын жабуға кетті. Сондықтан есепті жылы табыс салығы төленбеген.
Ұйым жұмысында теріс жағдай болып отырған ол негізгі құралдардың қорқайтарымдылығының -35,30 пайызға төмендегені, сондай-ақ сәйкесінше қорсиымдылығы 28,20 пайызға жоғарылаған. Бұл негізгі құралдардың тиімсіз пайдаланғанын көрсетеді. Есепті жылы активтердің айналымдылығы 0,3-ке төмендеген және жыл соңында 0,53-рет айналған. Бұл көрсеткіш те ұйымның қаржылық жағдайына теріс әсер етеді. Сату табыстылығы есепті жылы өзгерген жоқ. Активтердің табыстылығы 20,83 пайызға төмендеген.
Жалпы кәсіпорын бойынша таза табыстың жоғарылауына қарамастан, негізгі көрсеткіштердің төмендеуі байқалады. Субъектпен танысу материалында оның ұжымдық құрылымының схемасынасына назар аудардым.
1 схема - Субъекті органдары
Жоғарғы орган –қоғам қатысушыларының жиналысы болып табылады. Олар қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне, қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуына құқығы бар. Олар сонымен қатар жылдық қаржылық есепті де бекітеді. Жиналыста дауыстарды санау есеп комиссиясы арқылы жүргізіледі.
Директорлар кеңесі – серіктестік ішіндегі жалпы басшылықты жүзеге асырады. Олар қоғам қызметтерінің басым бағыттарын атайды. Директорлар кеңесінің мүшесі жеке Адам ғана бола алады. Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы оның мушелері арасынан сайланады.
Дирекция –қоғам ағымдағы қызметіне басшылық етеді. Субъектінің басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған кез – келген мәселе бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Ішкі аудит қызметі қоғам қаржы – шаруашылық қызметіне бақылау жүргізеді. Ол үш адамнан құралған. Ішкі аудит қызметкері директорлар кеңесінің және дирекцияның құрамынан сайлана алмайды. Ол тікелей директорлар кеңесіне бағынады, және өз жұмысы туралы оның алдында әр айдың 5-і күні есеп беріп тұрады.
Есеп саясаты – нақты принциптер, әдістер және процедуралар, сонымен қатар ол акционерлік қоғамның қаржылық есептілігін таныстыруда қолдану үшін қабылданған ережелер жиынтығы мен тәжірибе. Қоғамның есеп саясаты оның барлық жүйелік бөлімінде қолданылатын жалғыз және міндетті құжат болып есептеледі. Есеп саясатын құрастырып жасау міндеттілігі ұйым басшысы мен бас бухгалтердің міндеті болып табылады. Есеп саясатында болған өзгерістерден туындаған өзгерту сомасы таза табысты немесе есептілік кезеңдегі зиянды анықтауда ескеріледі. Есеп саясатында көрсетілген шаруашылық қызмет фактілерінің көріну әдістері, шығындар мен табыстар есебі, мүлікті бағалау барлық есеп кезеңінде бірдей қолданылады. Ұйымның бухгалерлік есебінің негізгі бағыты: материалды, еңбек және қаржы ресурстардың қолдануын бақылауды қамтамасыз ету және олардың қабылданған нормативтер мен сметаларға сәйкестігі.
-
Қаржылық жоғалтулардың алдын алу.
-
Ішкішаруашылық резервтерді ашу және мобильдеу.
-
Қызығушылығы бар тұлғаларды шаруашылық қызмет және оның қортындысы жайлы толық және тура ақпаратпен қамтамасыз ету.
Ұйымның бухгалтерлік есебі ұйымның мүлік және міндеттемелері жайлы ақпараттарын шаруашылық операцияларының түгел және құжаттық үздіксіз жүргізілген есебі арқылы жинау, тіркеу болып табылады.
Ақпараттық жүйенің негізін бухгалтерлік есеп қалайды. Қоғамның негізті құралдар есебі №6 БЕС-на сәйкес жүргізіледі. Құрылыс ұйымының негізгі құралдарына дайын өнімді өндіру, тасмалдау үшін қолданылатын материалдық активтер жатады. Негізгі құралдар келіп түскенде, олар ұйымның қажеттілігіне өнім өндіру мақсатымен келіп түссе негізгі құралдар қатарына қосылады. Егер материалдық активтер ұйымға сату, айырбас мақсатымен түссе ол тауарлы материалдық қорлар қатарында есепетеледі. Негізгі құралдармен қатар қоғамның есебінде материалдық амес активтер (МЕА) де есептеледі.
Қоғам өз қаражаттарын физикалық пішіні жоқ, ақшалай көріністе болмаса да, ұйымға үнемі және ұзақ уақыт бойы пайда алып келетін активтерге салады. МЕА ұзақ уақыт жұмыс істейді және өндірісте, тауар өткізуде, әкімшілік мақсаттарда пайдаланылады. Қоғамда қаржылық инвестициялар қарыздық формаға бағытталған.
Инвестициялық қызметті зерттегенде ұйымның қандай инвестициялық жобаларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу нысанын зерттедім. Қоғам мердігер ретінде көптеген құрылыс жайлы инвестициялық жобаларға қатысқан келісімшарттарын көруге болады. Ұйымда бағалы қағаздар ретінде, оның ішінде акция, облегация вексельдер есептеледі.
Дебиторлық берешек талап ету мерзімінен асқан уақытта, яғни 5 жыл мерзімнен соң баланс сыртындағы шотта күмәнді талаптар бойынша резерв ретінде есептеледі. Ұйымның қолданысындағы типтік есеп шоттарында дебиторлық берешек шоты дебиторлар қарыздарын ашып қарау мақсатымен субшоттарға бөлініп есептелген. Дебиторлық берешек ұйым активтерінде күмәнді талаптар ретінде баланста есептелмейді.
2. Дебиторлық берешек есебі.
-
Дебиторлық берешек есебінің ұйымдастырылуы.
Дебиторлық берешек Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 18.09.02 №432 бұйрығымен бекіткен бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарындағы 3 «дебиторлық берешек және басқа да активтер» шоттарында есептеледі.
Қоғамның сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынандай шоттарында жүргізіледі:
301 «Алынуға тиісті қарыздар» шоты.
302 «Алынған вексельдер» шоты;
303 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің басқадай қарыздары» шоты;
Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарастырайық.
301 «Алынуға тиісті қарыздар» шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық берешек ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық берешектер, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдік дебиторлық берешектер, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады: Сатылған өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциялары жасалады:
801 «Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны», 802 «Сату үшін алынып, сатылған тауарлардың өзіндік құны», шоттары дебеттеледі де, 221 «Дайын өнімдер», 920 «Қосалқы өндіріс» және басқа шоттары кредиттеледі. Қарожылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі. Сатылған өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына 301-ші шоты дедеттеледі де, 701 «Сатылған дайын өнімнен түскен табыс», 702 «Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс» және басқа шоттары кредиттелінеді.
Осыған ұқсас шоттардың корреспонденциясы негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқан кезде жасалады. Осы жасалған корреспонденциямен бірге қосымша құн салығына 301 шоты дебеттеліп, 633 шоты кредеттеледі. Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге төлеу үшін берілгекн есеп айырысу – төлем құжаттарын төлегеніне қарай 433 «Валюталық шотындағы нақты ақша», 441 «Есеп айырысу шотындағы нақты ақша», 451 «Кассадағы нақты ақша» шоттары дебеттеледі де 301 «Алынуға тиісті қарыздар» шоты кредиттеледі. Жабдықтаушы кәсіпорындарының бухгалтериясы бұрыныпақ төленген авансты есепке алынады да, ол: 661 және 662 шоттарының дебеті және 301 –ші шотіның кредиті бойынша көрініс табады.
Егер де алынуы тиіс шоттар алғашқыда шетел валютасымен, содан соң тенгемен көрсетілсе, онда олардың есептік кезеңнің соңына пайда болған оң айырмасы 301 шотының дебетінде және 725 шотының кредитінде көрсетіледі, ал теріс айырмасы 844 шоттың дебетінде және 301 шотының кредетінде көрініс табады.
Дебиторлық берешектер соларға ба йланысты түсетін табысты салыстырғанның нәтижесінде ғана танылады, бірақ табыстан баға бойынша да, сату бойынша да берілген жеңілдіктермен қоса сатудан қайтарылған тауарлардың құны шегеріледі. Айдың аяғындағы 301 шоты бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өздеріне келген тауарлы- материалдық запастар және орындалып, қабылданған жұмыстар мен қызметтер үшін өтелмеген борыштың қалдығын көрсетеді.
Дебиторлық берешек айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың айналымдылығын талдайды. Әдетте, дебиторлық берешектің айналымдалығы отыздан тоқсан күнге дейін тең болады, егер де мерзімінен асып кетсе, онда оның мерзімі өтіп кеткен деп санайды.
Сондықтан кейінгі кездері дебиторлық берешектерді талап ету ұқұнын факторингалық компанияларға жүктейді.
Қарыздық міндеттеме көбіне міндеттеме деп аталады, қандай да бір соманы көрсеткен марзімде төлеуге жазбаша кепіл болып табылады. Бұл жерде өтеу нақты тұлғаға немесе ұйымға жүргізіледі. Міндеттемеде сонымен қатар ұйым мөрі мен міндеттемені берген тұлғаның қолы қойылуы керек. Төлемді алатын тұлға ремитент, ал керісінше төлем жасайтын тұлға вексель беруші болып саналады. Мұндай міндеттемені алған ұйым оны алуға тиісті міндеттеме деп есептейді, және ол ұйымның активтерінде номиналдық сомасымен көрсетіледі. Міндеттемелерде алынған уақыттан олардың өтелгеніне дейінгі мерзімде пайыз төлеу қажеттілігі болса, ол пайызды міндеттемелер болып табылады, ал егер міндеттемеде процент төлеуді қарастырылмаса, ол пайызсыз міндеттеме болып есептеледі. Пайыссыз міндеттеме өтеу қабылеттілі жоғары міндеттемелерге жатады. Негізінен пайыссыз міндеттемелердің өтеу мерзімі де аз болады.
Бекітілген уақытта төлеуге тиісті сома өтеу уақытындағы құны деп аталады пайызды міндеттемелердің өтеу сомасы номиналдық құнынан және есептелген пайыздардан тұрады.
Несие берушінің көзқарасы бойынша, қарыз міндеттемесі ретіндегі талап төлеуге шоттар жіберуден әлде қайда тиімді, өйткені қарыздар тұлға өз қарызын мойындайды және оны белгілі бір уақыт ішінде өтеуге міндеттілік жүктейді
Сот болу мүмкіндігі туса, қарыз міндеттемесі ретіндегі талап ең тез, өтімділігі жоғары дәлел болып саналады. Сонымен қатар оны тез банкке немесе басқа да қаржылық ұйымдарға өткізуге, қолма- қол ақшаға айырбастауға болады.
Алуға шоттар мен вексельдер кейде саудалық міндеттеме деп те айтылады. Міндеттемелерді алуда өзге қайнар көз көрсетілмесе, ол өнімді өткізуден түскен міндеттемеге жатады.
Қарыздардың барлық түрлерінің есебі мен сыныпталуын жеңілдету мақсатымен баланста және талдамалық есепте әр қарыз түріне бөлек шот ашу керек, сонымен қатар қосымша регистрлер де қажет.
3 бөлім «Дебиторлық берешек және тағы басқа да активтер» шотының қалдығының болуы қолданыстағы өнім (қызмет, жұмыс) үшін есеп айырысудың саясатымен байланысты, өйткені өнім негізінен есеп айырысу шотына ақша жіберу арқылы төлейді, содан тауарды жөнелту мен оны төлеу арасында уақытша кеңістік қалады.
Дебиторлық берешектің талдамалы есебін бөлек жүргізу тиімді:
-
сатып алушының мерзімі әлі келмеген қарыздары;
-
сатып алушы мен тапсырыс берушінің өз мерзімімен төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша берешек. Есеп айырысу құжаттары бойынша берешек талдамалы есепте тек салыстыру әдісімен талданады, және есеп регистрлері және құжаттармен сәйкестендіріледі.
Бірінші түрдегіберешек нормаға сай берешек болып табылады. Одан кейінгілері қаржылық есеп айырысу дициплинасын бұзғандығы жөнінде айтады, және олар ұйымның қаржылық жағдайын төмендетеді.
3 кесте- Дебиторлық берешек бойынша шоттар корреспонденциясы.
№
|
Операция мазмұны
|
дебит
|
кредит
|
1
|
Келісім-шарттың шарттарын бұзғаны үшін сатып алушылардың есептеген айыппұлы.
|
301-303
|
727
|
2
|
Вексельұстаушының берген вексельдері:
|
302
|
301,
321
|
3
|
Тиеп жіберілген өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы
|
301
|
701
|
4
|
Тиеп жіберілген тауарға, көрсетілген қызметке есептелген қосылған құн салығы.
|
301
|
633
|
5
|
Борыш сомасы бұрын алынған аванс сомасынан шегерілді
|
661-662
|
301
|
6
|
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден есеп айырысу шотына келіп түскен сома
|
441
|
301
|
7
|
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі олардың кредиторлық қарызы есебінен өтелді
|
687 641
|
301
|
8
|
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер берген вексельдері үшін борыштарын төледі
|
441
|
302
|
9
|
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға тиеп жіберілген тауарлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, көрсетілген қызметтер
|
321-323
|
701 727
|
10
|
Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаладың берешегі есеп айырысу шотына келіп түсті
|
441
|
321-323
|
11
|
Ай соңында еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаладың берешегі олардың алашақ сомалары есебінен жабылды.
|
641-643
|
321-323
|
12
|
Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін есептелген пайыз сомасы
|
332
|
727
|
13
|
Есептелген девидент және пайыз сомасы есеп айырысу сомасына келіп тұсті
|
441
|
332
|
14
|
Жұмысшылармен қызметкерлеге іссапары және басқада мақсаттар үшін кассадан берілген сома
|
333
|
451
|
15
|
Жұмысшылар мен қызметкерледің ұйым кассына бұрын аванс ретінде алған сомаларын жұмсалғаннан қалған артық сомасын төлегені
|
451
|
333
|
16
|
Алдағы кезеңнің жал төлемі есеп айырысу шотынан аванс ретінде алдын ала аударылды
|
342
|
441
|
17
|
Жабдықтаушыларға олардан алдағы уақытта алынатын тауарлар үшін аударылған аванс сомасы
|
352
|
441
|
18
|
Аванс ретінде жабдықтаушыларға алдын ала аударылған сомалардың пайдаланбаған бөлігі қайтарылды
|
423 441
|
351 352
|
19
|
Бұрын төленген аванс сомасы есебінен мердігерлеге қарыз сома өтелді
|
671
|
351
|
20
|
Сақтандыру полисын алу үшін есеп айырысу шотынан төленген сома
|
341
|
441
|
302 «Алынған вексель»шотында жөнелтілген тауарлар үшін алынған вексельдердің есебі жүргізіледі. Дебиторлық қарызды жабу ретінде вексель ұстаушының алған векселі бухгалтерлік есепте 302 шотында және 301 шоттың кредитінде көрсетіледі. 302 шотта пайыздық та, пайыздық емес те есептеледі. Пайыздық вексель бойынша 302 шотында,
1 «Вексель бойынша алынатын пайызы» деп аталатын субшоты ашылуы мүмкін.
Пайыздық емес вексель (марапаттау сомасы жеке көрсетілмейтіндіктен, вексель номиналдық құны бойынша есептелінеді) бойынша екі қосымша шот ашылуы мүмкін.
2 «вексельдің алынған сомасынан марапаттау сомасы шегерілген(дисконт)».
3 «Вексель бойынша марапаттау сомасы (дисконт)».
Алынған вексель бойынша марапаттау сомасы толық көлемде, олардың алған кезінде келесі қалыпта көрініса табады:
Пайыздық вексель- алғашқыда марапаттау сомасы, толық көлемде болашақ кезеңнің табысы ретінде есептелінеді;
332 шоттың дебеті мен 611 шоттың кредиті бойынша көрсетіледі;
Содан соң есепті кезең барысында үлесіне сай есептелген пайыз сомасы табысқа жатқызылады;
611 шоттың дебетімен 724 шоттың кредитінде көрініс табады.
Пайызсыз вексельдің одан айырмашылығы – 302 шоттың 3-ші субшоттының дебетінде және 611 шоттың кредитінде көрсетіледі, 611 шоттың дебетімен 724 шоттың кредитінде көрініс табады.
Есеп кеңсесінің вексельді берумен байланысыты операцияларының есебі. Төлем мерзімі жеткенге дейін вексель ұстаушылар вексель бойынша, ал вексель сомасын алғаннан кейін банкіге берілген вексельдің индосаменті бойынша жүзеге асырылады. Банкіде жасалған мұндай операциялар, әдетте марапатталады (дисконт), сондықтан оны вексельді сату деп те қарастыруға болады. Өтеу мерзімі жеткеннен кейін банк өтеу сомасын алуды топшылайды, сондай ақ ол индоссанқа регрессияны қоюына құқы бар. Ал бұл индоссанттың банк алдында жауапты екенін білдіреді.
Форфейтинголық операциялардың есебі. Форфейтинголық қызмет факторингалық операциялардың бір түрі болып табылады. Форфейтинголық – бұл өніміді сатып алушылармен акцептелген, сатушылардан тауарлы вексельді сатып алғандығын білдіретін факторингалық арнайы нысан. Форфейтинго шарты бойынша өнімді сатушылар вексель бойынша өз талабын қаржылық дельдалға (форфейраторға) қайта жүктейді, ал ол өзіне тиесілі марапаттау сомасын шегеріп, қалған сомасын бірден төлейді. Бұндай қоржындық вексель бірақ рет жасалынады, ал оның өтеу мерзімі бір қалыпты болып келеді. Форфейтінгінің жай вексель есебінен айырмашылығы: мұнда дебитьорлық қарызбен байланысты барлық шығыстар форфейтордың еншісіне тиеді, яғни вексель бойынша қайта жүктеу процесі жүреді.
Өтелу мерзімі өтіп кеткен барлық дебиторлық қарыздар және де сот шешімдері бойынша үмітсіз деп танылған сомасы 821 шоттың дебеті бойынша және 302 шоттың кредиті бойынша есептен шығарылады. Вексель бойынша өтеу мерзімі өтіп кеткен болып мына деңгейдегілер жатады:
-
Төлеу күнінен бастап санағанда акцептантқа қарсы аудармалы вексельден шығатын талап ету мерзімі үш жылдан асса;
-
Қарсылық білдіру күнінен бастап санағанда индосанттарға қарсы вексель үстаушылардың талап ету мерзімі бір жылдан асса;
-
Индосант вексельге төлеген күнінен бастап санағанда индосанттар бір-біріне қарсы болған жағдайда болған олардың талап ету мерзімі 6 айдан асса.
303 «Басқа да» шоты бойынша қоғам мынандай дебиторлық қарыздарды есепке алуы мүмкін, атап айтқанда: цессионардың алған дебитолрлық қарызы, цессионардың цедентке қарызының пайда болуы және т.б.
301 – шоты бойынша талдау есебі сатып алушыларға берілген шот фактуралардың әрқайсысы бойынша жүргізіледі. Оның аналитикалық есебі сатып алушылардың төлеу мерзімі өтпеген берешегімен және мерзімінде төленбеген берешегі жөнінде; 302 шоты бойынша, төлеу мерзімі өтпеген вексельдермен, банкілерде есепке алынған вексельдермен, ақша қаражаты мерзімінде түспеген вексельдермен қамтамасыз етілген берешек жөнінде деректер алуды қаматамасыз етуге тиіс;
Достарыңызбен бөлісу: |