Научный журнал



Pdf көрінісі
бет130/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   202
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
қабығы және жүйке жүйесі) арқылы реттеледі және тамыр соғуының, жүрек 
қағуының жиілігінен, артериалдық қан қысымының жылдамдығынан, 
бет қимылының, тыныс алу ырғағының, дауыс екпіні мен ауқымының 
өзгеруінен көрінеді. Психикалық жай-күй психологиялық деңгейде жеке 
адамның эмоционалды-еріктік өрісінің іс-әрекеттерімен (жағымды немесе 
жағымсыз сезімдерімен, ерік-жігер сапаларымен), психикалық қасиеттері 
және процестерімен (қоршаған орта туралы ойлау және пікірлесу, сезіну, 
елестету, қабылдау) және мінез-құлық әрекеттері арқылы анықталады.
Өзін-өзі басқарудың психологиялық құралы ретінде өзін-өзі реттеу 
барлық ағзаның физикалық және психикалық ресурстарын қалпына 
келтіре отырып және тепе-теңдік жағдаймен қамтамасыз ете отырып, 
психоэмоционалдық ортаның ахуалын қалыптастырады, теріс эмоциялардың 
алдын алады, ішкі шиеленісті алып тастайды.
Тыныс алу жаттығулары адам ағзасының физикалық және психикалық жай-
күйін жандандырады. Тыныс алу жаттығулары неғұрлым әлсіз болса, дененің 
бұлшық етін босаңсытады, бас миының эмоционалдық орталықтарының 
белсенділігін төмендетеді. Қуатты тыныс алу жаттығулары барлық ағзаның
бұлшық еттері және жүйке процестерін ынталандырады. Реттеушілік процесте
С. Грофтың холотропты тыныс алу тәсілдерін, А. Стрельникованың 
парадоксалды тыныс алу гимнастикасын, қуатты сенсорлық тыныс алу 
психологиялық технологиялар (А. Захаревич, В. Тонков) тиімді әрі нәтижелі 
тәжірибеге және өнімділікке әкеледі [8; 9; 10]. 
Психикалық ауыр жүктеме кезінде бұлшық еттің жиырылуы туындайды. 
Қозғалыс жаттығулары жүйке-психикалық шиеленісті жеңілдетеді, барлық 
бұлшық еттің жұмыс қабілеттілігін тездетеді. Мысалы, жапон гимнастикасы 
зорығу кезінде жұмыс күнінен кейінгі күйзеліс пен шаршауды басады,
иммундық жүйені нығайтады.
Сөздік-бейнелі, эмоционалды-ерік-жігерлі өзін-өзі сендіру әдістеріне 
көзбен шолу (ойша образдарды жасау), НЛБ (нейролингвистикалық 
бағдарламалау), рефлексия, медитативтік жаттығулар, релаксация,
аутогенді жаттығудың әдістемелері, ПФК (кері байланысы бар 
психологиялық физикалық контур), интерактивті өз-өзімен тренинг, 
суггестивтік психологиялық технологиялар, әр түрлі бағыттағы өзіне-өзі 
бұйыру, өзін-өзі бағдарламалау, өзін-өзі мақұлдау, өзін-өзі түзету және өзін-
өзі бақылау түрінде орындалатын өзіндік бағдарламалар әдістемесі жатады. 
Өзін-өзі реттеу өз-өзіне жолданған пәрмен, нұсқаулар, аффирмациялар, 
икемделу-формулалары, өз мінез-құлқын және сезінбейтін нұсқамаларды 
оң бағалау түрінде жүзеге асырылады. Адамның белсенді еріктік күш-жігері
жоспарланған мақсатты орындауға бағытталған.
НЛБ техникасының көмегімен адам психологиялық эмоционалды 
жағдайын реттей алады және белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жолында 
оны қалпына келтіре алады. Меншікті санасыз деңгейлерді НЛБ элементтерін 
қолдану арқылы психикалық жай-күйдің сезінбейтін өрісіне әсер ете отырып 
ояту маңызды, ол жағдаяттық қиындықтар жағдайында табысты жүзеге 
асырылады [11]. 
Интерактивті өзімен тренинг өткізу алдын алу мақсаттарында жиі 
қолданылады және жеке-белсенді оқыту әдісі ретінде тиімді тәжірибелердің 
техникаларын қолдана отырып, білімді, дағдыларды, көзқарастарды және 
әдеттерді қалыптастыру арқылы проблемаларды шешуге бағытталған.
Өзін-өзі реттеуде өзін-өзі жігерлендіру, өзін-өзі көтермелеу, өзіне-өзі 
бұйыру, өзі өзін сендіру және өзін-өзі бақылау тәсілдері маңызды орын 
алады. Шағын пәрмендер арқылы жағымсыз іс-әрекеттер жасамау үшін адам 
өзін байсалды ұстауға бұйырады. Өзін-өзі бақылау кезінде адам қателерді 
қайталамаудан сақтанады. Адам өзін-өзі сендіру кезінде өзін ұстамды ұстауға 
тырысады.
Ерікті өзін-өзі реттеуді қалыптастыру адамның сана-сезімінің өзіне-
өзі бағытталуын, өзіндік мінез-құлықтарын және әрекеттерін бағалау мен 
бақылауды жобалайды. Адам өз мүдделерін, қажеттіліктерін, құндылықтары 
мен уайымдарын сезінеді. Сана-сезімді қалыптастыру процесінде адамның 
өзі және айналадағы болмыстың құндылықтары туралы бірыңғай 
пайымдауларының жүйесі ретінде дүниетанымы жетілдіріледі. Адамның
пайымдаулары мен түсініктерінің сыртында адекватты өзін-өзі бағалауға 
негізделген, өзін-өзі таныту және қызметте табысқа қол жеткізу жолында
қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін ұстап тұруға әзірлігі нақтыланады.
Өз сана-сезімін психологиялық пысықтау процесінде адамның 
психикалық хал-жайы қалыпты шамасына келеді, белсенді өмірлік ұстанымы 
айқындалады.
Тәжірибенің белгіленген міндеті: сынаққа қатысушылардың психикалық 
жай-күйінің өзін-өзі реттеу мәселелерінің жағдайын зерттеу және олардың 
жағымсыз жағдайлардан реттеуші техникалардың амалдарымен жағымды 
жағдайға өте білуге икемділіктерін анықтау болды. 
Адамның өз бетінше өз мінез-құлқын және психикалық жай-күйін 
бақылау, мақсатқа жеткізу жолында кедергілерді бағындырудағы 
уәждерді басшылыққа алу қабілетіне назар аударады. Сонымен бірге, 
психикалық белсенділіктің күйі, ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілігінің 
деңгейі, еріктік сапалар және ықтиярлы әрекеттердің байқалуы
айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты жалпы сезіну аясының және 
т.б. жалпыфункционалдық жағдайы анықталды.


254
255
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет