Научный журнал



Pdf көрінісі
бет131/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   202
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
Осы мәселелерді зерттеу үшін психикалық жай-күйлердің сандық 
және сапалық көрсеткіштерін анықтайтын психологиялық диагностикалық 
әдістемелер іріктеліп алынды: «Ч. Д. Спилбергер – Ю. Л. Ханиннің реактивті 
және тұлғалық мазасыздану шкаласы», «Адамның функционалдық жағдайы 
және жұмысқа қабілеттілігі экспресс-диагностика әдістемесі» (М. П. Мороз), 
С. Розенцвейгтің «Фрустрационды реакцияларды зерттеу әдістемесі», 
«Эмоционалды-еріктік қасиеттерді бағалау әдістемесі», «Психикалық 
жай-күйлерде өзін-өзі бағалау» тесті (Айзенк бойынша), ӘБК (әл-ауқат, 
белсенділік, көңіл-күй) сауалнамасы, «Болжам» жүйке-психикалық 
орнықтылықты бағалау сауалнамасы» және өзін тестілеуге арналған тест 
тапсырмалары. Психологиялық тексерудің нәтижелері салыстырмалы 
талдау, әңгімелесу және бақылау әдістерінен алынған материалдармен 
толықтырылды.
Белгіленген тәжірибенің нәтижелерін талдап қорыту барысында 
сынаққа қатысушылардың негізгі үлесі белсенді психикалық жай-
күйінің білінуі орташа қарқынға: психикалық қызметтің қысқа мерзімді 
белсенділігімен, орташа мазасыздану мен толқу қолайлы деңгейімен көрінуі, 
фрустрациямен, қорқынышпен, күйзеліспен, көңіл-күйдің өзгеруімен, 
психологиялық қасиеттердің жеткіліксіз қалыптасқандығымен байланысты, 
айналасындағыларға тұрақсыз эмоциялық және ерікті қарым-қатынастарға 
ие екендігін көрсетті. Нашар психикалық жай-күй физиологиялық
материалдық, тұлғааралық және жеке-мінез-құлық себептерінен туындайды. 
Сынаққа қатысушылар әр түрлі мәселелерге (отбасылық, өндірістік, күтпеген 
жағдайларға) байланысты ашуланшақтық, күйгелектік, жабырқаңқылық 
мінез танытты. Және де олардың пайда болуы адекватты және толық 
негізделмеген болуы мүмкін, алайда, осы екі жағдайда да олар тыныштықты 
бұзады, абдырауды тудырады, жалтақтықты, әлсіз ерікті қалыптастырады,
өзін-өзі бақылау сапасын төмендетеді.
Оның үстіне сынаққа қатысушы өзін-өзі түзету немесе өзін-өзі 
өзгерту тәсілдері арқылы психикалық жай-күйін реттеуге тырыспайды. 
Олар фитнеске тұрақты барып тұрмайды, медитациямен, өзіндік 
тренингпен, аутогенді жаттығулармен жиі айналыспайды, әрдайым өзін-
өзі бағдарламалау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі дамыту тәсілдерін 
қолданбайды, өйткені оларды өткізуге жеткілікті уақыттары жоқ екенін 
тілге тиек етеді. Сыналушы топта жүргізілген қалыптастырушы тәжірибе 
түзету жұмыстарын өткізуге негізделген еді, онда өзін, өзінің қылықтарын, 
эмоциялары мен іс-әрекеттерін басқару икемділігін дағдыландыруға 
бағытталған әдістемелер қолданды. Адам өзін-өзі реттеуді жүзеге асыруы 
бойынша психологиялық түзету жұмысы оны НЛБ-ға, релаксацияға, өзіндік 
тренингтерге, жаттығуларға, жасампаздыққа икемделуге, өзін-өзі сендіруге, 
шолуға және т.б. негізделген әрекеттерді енгізу арқылы іске асырылды. 
Өзін-өзі реттеуші процестердің нәтижесінде сынаққа қатысушылар өздерін 
сабырлы қалыпқа келтірді, тыныштықты, өзін-өзі ұстай білуді, өзін-өзі 
адекватты бағалауды, шабыттануды, қызығушылықтарын және өздеріне 
деген сенімділіктерін тапты. Олар айтарлықтай еріктік күш-жігерлерін 
жұмсай отырып, өздерінің ессіз пиғылдарын талдауға, өздерін еркін ұстап 
және өзін-өзі бақылауға және өзін-өзі реттеуге қабілетті бола бастады. 
Бұның барлығы, әрине, адамның барлық психикалық қызметінің өрісіне 
жақсы әсер етті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Өмірде алдағы болатын игіліктерге жету мен табысты болудың кепілі 
ретінде психикалық денсаулықты сақтауда және нығайтуда адамның 
психикалық қызметінің барлық жүйесін уақытында реттеп және үйлестіріп 
отыру қажет. Адамның өмір сүруге қабілеттілігі психиканың жай-күйіне
байланысты және сондықтан ол белгілі бір талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Реттеуші техникалардың тәсілдерімен психикаға реттеушілік әсер етуі 
оның жағымсыз жақтарын бейтараптандыруға және басуға, адамның өзіне өзі 
ішкі тұрақтылық және сенімділік қалыпын нығайтуға әкеледі. Ең бастысы, 
оған дұрыс бағытта өзін-өзі бағдарламалау арқылы әр түрлі тәсілдермен 
әсер етіп өзінің психикалық жай-күйінің өрісін еркін түрде жандандыру. 
Психикалық жай-күйде өзін-өзі реттеу шын мәнінде мақсатқа жету жолында 
жағдаяттық қиыншылықтар мен кедергілерді еңсеруге көмектеседі деп 
айтуға болады.
Тәжірибелік талдау жеке тұлғаның құндылық, тұлғалық, эмоциялық-
ерік-жігерлілік қасиеттерін жақсартуда сапалы өзгерістер динамикасын 
көрсетті. Сынаққа қатысушылардың мінез-құлықтары өз мүмкіндіктерін 
жүзеге асыруға қазірдің өзінде саналы түрде қатысуларымен сипатталады.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
Мещеряков, Б., Зинченко, В. Большой психологический словарь 
/ Сост. и общ. ред. Б. Мещеряков, В. Зинченко. – СПб. : Прайм-Еврознак, 
2004. – 672 с.
Дикая, Л. Г. Психология саморегуляции функционального состояния 
субъекта в экстремальных условиях деятельности / Дисс. д.пс.н. – М., 2002. – 
342 с.
3 Габдреева, Г. Ш. Самоуправление психическим состоянием /
Г. Ш. Габдреева. – Казань : Изд-во КГУ, 1981. – 64 с.


256
257
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
Куликов, Л. В. Психология настроения личности / Дисс.д.пс.н. – 
СПб., 1997. – 429 с.
5 Мухрыгина, О. И. Особенности влияния смысловых структур 
сознания на саморегуляцию психических состояний студентов гуманитарных 
и технических специальностей / Автореф.дисс.к.пс.н. – Казань, 2009. – 24 с.
6 Прохоров, А. О. Саморегуляция психических состояний: 
феноменология, механизмы, закономерности. – М. : ПЕР СЭ, 2005. – 352 с.
Китаев-Смык, Л. А. Психология стресса. – М. : Наука, 1983. – 368 с.
8 Гроф, С., Гроф, К. Холотропное дыхание. Новый подход к 
самоисследованию и терапии. Изд. второе. Серия: Трансперсональная 
психология. – М. : Ганга, 2013. – 352 с.
9 Щетинин, М. Дыхательная гимнастика А. Н. Стрельниковой; 
Метафора – М., 2010. – 376 c.
10 Захаревич, А. С. Оздоровительно-развивающее воздействие 
дыхательных психотехнологий на психические состояния человека: Дисс. 
... д.пс.н. – СПб., 2003. – 354 c. 
11 Алдер, Г. НЛП: современные психотехнологии. – СПб. : Питер, 
2003. – 159 с.
12 Кандыба, В. М. Психическая саморегуляция. Теория и техника СК-
Сверхсознания. – СПб. : Лань, 2001. – 432 c. 
13 Конопкин, О. А. Психическая саморегуляция произвольной 
активности человека (структурно-функциональный аспект) // Вопросы 
психологии, 1995. – № 1. – С. 5–12.
14 Мороз, М. П. Экспресс-диагностика работоспособности и 
функционального состояния человека: методическое руководство /
М. П. Мороз. – СПб. : ИМАТОН, 2007. – 40 с.
15 Селье, Г. Стресс без дистресса. – М. : Прогресс, 1982. – 127 с.
Материал 12.02.18 баспаға түсті.
Д. Р. Муталиева
1
, А. С. Сабитова
2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет