Научный журнал



Pdf көрінісі
бет129/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   202
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
Зерттеу нысаны әр түрлі деңгейдегі психикалық жай-күйге әсер етудің өзін-
өзі реттеу тәсілдері ретіндегі психологиялық технологиялар болып табылады. 
Өз зерттеуімізде біз келесідей болжамды басшылыққа алдық. Әр түрлі 
сипаттағы психикалық жай-күйлердің өздігінен реттелу процесінде қазіргі 
заманғы психологиялық технологияларды қолдану адамның тыныс-тіршілігін, 
проблемаларды шешуде күтпеген жаңа бағыттарды қалыптастырады, өзі және 
басқалар туралы құндылық-бағдарлық, сондай-ақ оң эмоционалды-ерікті және 
жеке қасиеттері туралы түсінікті қалыпына келтіреді.
Зерттеудің міндеттері:
– психологиялық заңдылықтар мен психикалық жай-күйлердің өзін-өзі 
реттеу тетіктерін талдау
– психикалық жай-күйге психологиялық технологияның өзін-өзі реттеушілік
әсер ету тиімділігін анықтау;
– психикалық жай-күйлердің динамикалық өзгерістеріндегі заңдылықтарды 
ашу.
Зерттеу әдістері: Ұсынылған проблемаларды зерттеуде психологиялық 
диагностикалық әдістемелер, психологиялық бақылау, әңгімелесу, талдау және 
синтездеу әдістерін қолдана отырып эксперименттік жұмыстар жүргізілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Психикалық жай-
күйлердің анықталған заңдылықтары мен өзін-өзі реттеу тетіктері психикалық 
ахуалдың теорияларын дамытуда белгілі бір үлес қосады. Ситуативтік 
қиындықтар жағдайында алынған нәтижелер өзін-өзі реттеу тәсілі ретінде 
қазіргі заманға психотехнологияларды қолданған кезде психиканың ахуалын 
оңтайландыруға көмектеседі. 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Сөздікте психологиялық (психикалық) өзін-өзі реттеу (лат. regulare – ретке 
келтіру) ұғымы психиканың ішкі реттеу мен белсенділік таныту процесі, жалпы 
алғанда субъекті өзінің психофизиологиялық функциялары мен психикалық жай-
күйінің мақсатты және еркін түрде өзгеретін ерекшеліктері болып табылады [1].
Адамның мақсатқа бағытталған белсенділігінің (қызметі, қарым-
қатынастары, мінез-құлықтары) түрлерін іске асыру тәсілдері ретінде психикалық 
реттеудің өнімділігін жетілдіру туралы көрнекті ғалымдар Б. Г. Ананьев,
Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейннің және т.б. еңбектерінде
аталады. 
Психикалық жай-күйдің өзін-өзі реттеу мәселелері қазіргі заманғы 
зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылады. Субъекті әрекетінің сапасы 
ретінде және өзіндік құрылымы бар дербес әрекет ретінде психикалық өзін-өзі 
реттеу Л. Г. Дикаяның экстремалды жағдайда адамның функционалдық жай-
күйінің психикалық өзін-өзі реттеудің жүйелі-іс-әрекеттік тұжырымдамасында 
бейнеленген [2]. 
Г. Ш. Габдрееваның еңбегінде психикалық жай-күйлердің өзін-өзі реттеуінің 
жүйелік-функционалдық моделі ұсынылған [3]. Л. В. Куликов күрделі психикалық 
феномен ретінде көңіл-күйді реттеудің моделін жасады [4]. Психикалық жай-
күйлердің өзін-өзі реттеуіне сананың мағыналық құрылымдарының әсер етуін 
О. И. Мухрыгина анықтаған [5]. Психикалық жай-күйлерді реттеудің жүйелі-
функционалдық тетіктерін – функционалдық құрылымдарын А. О. Прохоров 
жасады [6].
Психикалық жай-күйді өзін-өзі реттеу көрінісінің кейбір дереккөздерінде 
кәсіби қызметте табысты болуда және қысылтаяң жағдайдан шығу кезінде өзін-
өзі қорғау тәсілі ретінде субъектінің мінез-құлықының пәрменді тәсілі күйінде 
бағаланады (Б. А. Вяткин, Ю. А. Голикова, Л. Г. Дикая, Г. Селье және т.б.). Атап 
айтқанда, Л. А. Китаев-Смык «белсенді ізгілендіру» феноменін қысылтаяң және 
күйзеліс жағдайларында әсер ететін фактор ретінде енгізеді [7].
Практикалық психологияда психикалық жай-күйдің өзін-өзі реттеуінің 
тиімді құралдары мен тәсілдері анықталды, қолданыста олар нәтижелі 
өзгерістерге әкеледі. 
Психикалық жай-күйлер туралы әңгіме болғандықтан осы құбылысқа 
мінездеме береміз. 
Әр түрлі деңгейлі жіктелімдердің психикалық жай-күйлері маңыздылық, 
адекваттылық, саналылық, әсерленушілік, жағдаяттық, өту жылдамдығы 
мен тереңдігі дәрежесі бойынша әр түрлі. 
Психикалық жағдайдың өзінің алуан түрлілігінде мынадай белгілері 
бар: тұтастық, қозғалғыштық, салыстырмалы тұрақтылық, дербестік, 
бірігушілікке және көпкомпоненттілікке ие. Ол психикалық процестер мен 
жеке адамның қасиеттерімен бірігіп өзара әрекеттеседі және ықпал етеді. 
Әдетте, адам психикасының жай-күйі, оның белгілі болу ұзақтығы 
қоршаған ортадағы ішкі және сыртқы факторлардың пәрменділігіне 
(әлсіздігіне) тәуелді болады. Күйзеліс көріністері мұндай жағдайдың өту 
кезеңінің ұзақтығымен, ал қорқыныш немесе аффект – қысқалығымен 
сипатталады. Психикалық жай-күйдің энергетикалық бағыты не жағымды 
және стеникалық, не жағымсыз, астеникалық эмоциялық сезімнен
туындайды. Егер көңіл-күй әлсіз көрсетілген эмоционалдық ахуал ретінде 
қарастырылса, онда құмарлық, күйзеліс және аффект күрделі эмоционалды 
құрылымды береді.
Психикалық жай-күйге физиологиялық, психологиялық және мінез-
құлық деңгейлерінің компоненттері жатады. Психикалық жай-күйдің 
физиологиялық деңгейі адам ағзасының энергетикалық көздері (мидың 


252
253
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет