Научный журнал



Pdf көрінісі
бет90/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   202
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
студенттердің интербелсенді оқыту жүйесі жағдайында өзіндік жұмыстарын 
ұйымдастырудың әдістемелік жүйесін құру. Мазмұндық компонентте 
студенттерге берілетін өзіндік жұмыстардың көлемі, орындалу уақыты, орындалу 
жолы көрсетіледі.
Мазмұндық компонент бойынша ұйымдастырылатын өзіндік жұмыс 
негізінде студенттің тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туады. Мазмұндық 
компонентте ең алдымен студенттердің өзіндік жұмысының тақырыбы, жоспары, 
қолданатын әдіс түрі анықталып, құрылып, орындалу кестесі түзіледі. Өзіндік 
жұмыс кестесі студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен силлабуста беріледі.
Процессуальды-әрекеттік компонент оқытушының оқыту іс-әрекеті 
мен студенттің танымдық әрекетінің бірлесуінен тұрады. Оқытушының 
педагогикалық іс-әрекеті жоғары оқу орнының педагогикалық процесінде 
оқытуға, студенттің дара тұлға ретінде қалыптасуына, шығармашылық деңгейінің 
дамуына тиімді жағдай туғызуға бағытталады.
Оқытушы қатысуымен жүргізілетін СӨЖ кезінде түрлі белсенді әдістер 
қолданыла отырып, студенттердің өзіндік жұмыстары ұйымдастырылады. 
Білімді бақылап, бағалаушы компонент. Кредиттік оқыту жүйесі 
жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың жеке траекториясы 
белгіленеді. Ол траекторияның жүзеге асуы рейтингті бақылау жүйесінің 
бағдарламалық қамтылуына, білімді бақылауға арналған тест тапсырмаларының 
жеткілікті мөлшерде жиынтығы болуына, электрондық оқытушы-тексеруші 
бағдарламалардың болуына және оқытушы тарапынан көмек пен бақылаудың 
ұйымдастырылуына тікелей байланысты. 
Жоғарыдағы компоненттерді негізге ала отырып Биологияны оқыту 
әдістемесі пәнінің СОӨЖ және СӨЖ сабақтарын ұйымдастыру үшін
интербелсенді оқыту технологиясына негізделген сабақтар әдістемесін 
құрастырдық. Алдымен мазмұндық компонентке сәйкес оқу-жұмыс бағдарламасы 
бойынша СОӨЖ тақырыптарын таңдап, оларды өткізудің әдістемесін таңдадық 
(2-кесте). Бұл жағдайда оқытушы тек үлестірмелі материалдар даярлап, негізгі 
ақпаратты білім алушылар өздері оқулықтардан, баспасөз материалдарынан, 
мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерінен жинақтады. Оқытушы тек кеңес беруші, 
бағыттаушы және бағалаушы рөлінде болып, студенттер жаңа білімді өздері 
игерді. 
Кесте 2 – Биологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша СОӨЖ өткізу жоспары
№ СОӨЖ тақырыбы
Тапсырма
Өткізу әдісі
1
Орта мектепте биология 
пәнін оқыту
1.Орта білім стандарты, биология пәні 
бойынша оқу бағдарламалары
2. Орта мектептегі биологиялық циклдегі 
пәндер жүйесі
ми шабуылы
2
Биологияны оқыту 
әдістемесінің қысқаша 
даму тарихы
Биологияны оқыту әдістемесінің пайда 
болуы
Мектеп жаратылыстануы және оның 
әдістемесінің басталуы
Мектеп жаратылыстануы әдістемесінің ХІХ 
ғасырда дамуы
Биологияны оқыту әдістемесінің ХХ 
ғасырда дамуы
БОӘ-нің Қазақстанда дамуы 
топтық жұмыс
3
Биология пәнін оқыту 
барысында берілетін 
тәрбие
Мектептегі биология курсы және тәрбие
Дүниетанымды қалыптастырушы тәрбие
Адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық тәрбие 
және биоэтика
Экологиялық және патриоттық тәрбие
Дене тәрбиесі, гигиена және салауаттылық 
тренинг
4
Биолог ұстаз және 
тәрбиеші
Биология пәні мұғалімінің тұлғасы
Ұстаздық құпия
Алғашқы биология сабағы және оны өткізу
кейс стади
5
Биологияны оқыту 
әдістері
Жекелеген оқыту әдістері, оларға сипаттама
Оқытудың сөздік әдісі, оның түрлері
Оқытудың көрнекілік және практикалық 
әдістері
Биологияны оқытудағы мультимедиялық 
әдістер
топтық жұмыс
6
Сабақ- оқытудың негізгі 
формасы
Биологияны оқыту формалары жүйелеріне 
сипаттама
Биология сабақтарында оқу-тәрбие 
жұмыстарын ұйымдастыру түрлері
Сабақтың типтері. Сабақтың құрылымы
Мұғалімнің сабаққа дайындығы 
топтық жұмыс
7
Қ а з і р г і б и о л о г и я 
сабақтарына қойылатын 
талаптар
Сабаққа қойылатын жалпыдидактикалық 
және әдістемелік талаптар
Сабақ талдау үлгілері және өзінің сабағын 
талдау
пікірталас
8
Дәстүрлі емес сабақтар 
өткізу методикасы
Іскерлік ойын сабақтары
Конференция және баспасөз-конференция 
сабақтары
Саяхат сабағы
Жарыс сабақтар 
рөлдік ойын


172
173
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет