Научный журнал



Pdf көрінісі
бет92/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   202
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
Студенттердің өз бетінше білім алу қабілетін дамытуда интербелсенді оқыту 
технологиясын қолдану олардың дербестілігі мен білім деңгейінің СӨЖ және 
СОӨЖ арқылы жоғарылап, білім сапасының артуынан көрінді. Студенттердің 
білім сапасы «Биологияны оқытудың ерекшелігі, тарихы», «Биологияны 
оқытудың әдістері, құралдары және технологиялары», «Биологиядан 
оқушылардың өзіндік жұмыстары мен биологияны оқытудың материалдық 
базасы» модульдеріне арналған ағымдық тест тапсырмалары арқылы анықталды. 
Бұл кезде тест тапсырмаларының әр түрлі формалары қолданылды (ашық 
тест, жабық тест, толықтырушы тест, балама тест, сәйкестендіру тесттері, т.б.). 
Сонымен бірге студенттердің пән бойынша аралық бақылау және қорытынды 
бақылау нәтижесі есепке алынды.
Студенттердің өз бетінше білім алу қабілетінің интербелсенді оқыту 
технологиясы арқылы даму деңгейін анықтау үшін Биологияны оқыту әдістемесі 
пәні бойынша ағымдық, аралық және қорытынды бақылау кезінде алған 
бағаларының орта арифметикалық шамасы шығарылды. Студенттердің білім 
сапасы үш деңгей бойынша: жоғары, орташа, төмен есепке алынды. Жоғары 
деңгей А- және А бағаларына тиесеілі, орта деңгей В-, В және В+ бағаларына, 
ал төменгі деңгей Д, Д+С-, С және С+ бағаларына тең деп есептелді. Сонымен 
бірге эксперимент тобындағы білім сапасы бақылау тобы студенттерінің білім 
сапасымен салыстырылды. Эксперименттік топта оқытушы қатысуымен 
өткізілетін өзіндік жұмыстарды интербелсенді әдістер арқылы ұйымдастыру 
олардың дербестілік деңгейінің жоғарылауына әсер еткенін және білім сапасының 
бақылау топтарына қарағанда бір талай жоғары екенін байқадық. Студенттердің 
білім сапасы үш деңгей бойынша келесі критерийлерге сай анықталды:
– өзіндік жұмыстар арқылы білім, икемділік, дағдылардың қалыптасуы;
– білімді өз бетімен қабылдау іскерлігінің, дербестілігінің дамуы;
– дербестілік және іскерлік нәтижесінде білім сапасының артуы. 
Эксперимент және бақылау топтарында өткізілген студенттердің білім 
сапасын тексеру жұмыстарының нәтижелері 3-кесте, 2-суретте келтірілді.
Кесте 3 – Өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау нәтижесіндегі студенттердің 
білім сапасы
Студенттер тобы
Студенттер саны, %
Жоғары деңгей
Орташа деңгей Төменгі деңгей
Эксперимент тобы (32 студент)
8 (25,0)
15 (46,8)
9 (28,1)
Бақылау тобы (29 студент)
5 (17,2)
13 (44,8)
11 (37,9)
Сурет 2 – Өзіндік жұмыс орындаудағы білім деңгейін игерудің
сапалық диаграммасы
Жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмысын студенттердің өз бетінше 
білім алу қабілетін дамыту үшін интербелсенді оқыту технологиясын қолдану 
оң нәтиже берді деп қорытындылауға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Өз бетінше білім алу дегеніміз белгілі бір жеке тұлғалық немесе қоғамдық 
маңызды білім мақсаттарын: таным процесін, жалпы мәдени және кәсіби 
қажеттіліктерді қанағаттандыру мен біліктілікті жоғарылатуға бағытталған, 
арнайы ұйымдастырылған жүйелі танымдық әрекет. Өз бетінше білім алу бұл 
ақыл-ой және дүниеге көзқарасты өзіндік тәрбиелеу жүйесі, онымен ерік-
жігер және рухани өзін-өзі жетілдіру қатар жүреді. Өз бетінше білім алудың 
соңғы нәтижесі дүниеге көзқарас көкжиегін кеңейтетін өзіндік білім, білікке 
ие болу [3, 4].
Өз бетінше білім алуға бірнеше принциптер тән: жалпыға ортақтық, 
үздіксіздік, мақсатқа бағытталғандық, интеграциялылық, жалпы және кәсіби 
мәдениеттің бірлігі, индивидуализация, өзара байланыс пен сабақтастық, қол 
жетімділік, ілгерілеу сипаты, компенсаторлық, төменгі сатыдан жоғары сатыға 
өтудегі перманенттілік, көпнұсқалылық [5]. 
Педагогикалық әдебиеттерде «өз бетінше білім алу» ұғымы екі тұрғыдан 
түсіндіріледі. Кейбір зерттеушілер өз бетінше білім алуды жаңа білім, білік 
және дағды игеруге, сонымен бірге өзін өзі дамыту мен жетілдіруге бағытталған 


176
177
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
процесс ретінде сипаттаса, екіншілері арнайы ұйымдастырылған өзіндік таным 
әрекеті деп түсіндіреді. 
Өз бетінше білім алу ұғымына берілген көптеген анықтамалардың ішінен 
өз бетінше білім алудың қосымша ақпаратты өзбетімен іздестіру, білім игеру, 
даму сияқты маңызды белгілерін бөліп көрсетуге болады. 
Өз бетінше білім алу педагогикалық ұғым ретінде «өз бетілік жұмыс» ұғымы 
негізінде дамыды. Өз бетінше білім алу мен өз бетілік жұмыстарға берілген 
анықтамалардың талдау олардың бір-бірімен өзара байланысты, тұлғаның 
күрделі әрекетінің түрлері екендігін көрсетеді. Бұл үғымдардың бір-бірімен 
араласуы оларды жүзеге асырудың формасы, әдістері және құралдарын таңдауда 
шатасушылық туғызуы мүмкін. Біздің ойымызша өз бетілік жұмысты өз бетінше 
білім алудың құрамдас бөлігі ретінде қарастырған дұрыс. Себебі өз бетінше білім 
алу тек жоғары оқу орны қабырғасында жаңа білім алу, жаңа білім меңгеру және 
тереңдетуден тұратын өзіндік жұмыспен салыстырғанда, оқу орнын бітірген 
соң да жалғасатын, жас маманның білім алу жолы болып табылады. 
Өзіндік жұмыс білім алушылардың қызығушылығы тұрғысынан өз бетінше 
білім алуға жалғаса алатын, тұлғаның белгілі бір білімдік мақсаттарға қол 
жеткізуге бағытталған танымдық әрекеті.
Интербелсенді оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше 
ой қорытып, жауап таба білуге үйрету, оқыту сапасын жоғарылату нәтижесінде 
студенттердің шығармашылық қабілетін және дербестігін жетілдіру; студенттер 
арасында еркін, ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату; студентке білімді 
өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар сілтеу; студентке қажетті білік-дағдыларды 
қалыптастыру [6].
Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен білім алушы мен мұғалімнің 
қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. 
Интербелсенді оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. 
Қорыта келгенде, студенттердің өз бетінше білім алуын ұйымдастырудың 
психологиялық негіздерін зерттеу мәселесіне әдеби шолу жасалды, болашақ
мұғалімдердің өзбетінше білім алу қабілетін интербелсенді оқыту технологиясы 
арқылы дамытудың әдістемесі құрастырылды, құрастырылған әдістеменің 
тиімділігі эксперимент жолымен тексерілді. 
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Иренов, Г. Н. Потенциал политических знаний и активизация 
самостоятельной работы студентов / Г. Н. Иренов // НИР ПГУ. – Павлодар, 
2007. – С. 160.
Каримов, А. Н. Педагогикалық қызмет және педагогикалық шеберлік 
негіздері: оқу құралы. – Алматы : Қазақ Университеті, 2010. – 225 б.
Сматова, К. Б. Студенттердің өзіндік тапсырмалар жүйесін орындаудың 
педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері // ҚазҰПУ Хабаршысы, 
«Педагогика ғылымдары» сериясы. – № 2(38). – 2013. – 17–20 б.
Тарасова, Т. С. Самообразование взрослого человека: цель или средство // 
Материалы II Mеждународной научной конференции «Инновационные 
педагогические технологии». – Казань : Бук, 2015. – С. 222–225.
Баньковская, Н. И. Исследование мотивационных характеристик 
самообразования студентов // Известия Тульского государственного 
университета. – № 2. – 2010. – С. 282–293.
Кутняя, И. А. Диагностика уровня самообразовательной деятельности 
студентов при изучении химии // Сибирский педагогический журнал. – № 8. – 
2011. – С. 210–216.
Материал 12.02.18 баспаға түсті.
С. Ж. Ибадуллаева
1
, А. М. Русанов
2
, А. А. Нургалиева
3
, Н. С. Ауезова
4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет