«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет110/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

 
Библиографический список 
1. Агапова И.В. Особенности австралийского варианта английского языка. 
URL: http://cyberleninka.ru/article/n/osobennosti-avstraliyskogo-varianta-angliyskogo-
yazyka (дата обращения: 07.03.2017).
2. Лашкова Г.В., Сисина М.А. Как понять австралийца? // Известия 
Саратовского университета. Новая серия. 2008. Вып. 1: Сер.: Филология. 
Журналистика. С. 9-12.
3. Якупова А.Т. Лексические особенности канадского варианта английского 
языка // Научные исследования: от теории к практике. Чебоксары: Интерактив 
плюс, 2015. С. 165-166. 
ӘОЖ 37 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНАЛОГИЯЛАРДЫҢ
ДАМУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Еспулатова Назгул 
Ғылыми жетекші: Шакаримова Қ.Қ. 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті 
e-mail: nazgul.2020@icloud.com 
Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу рухани 
жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ болашақ тірегі 
бола алады.
XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді ойлап тербетер, баптап 
өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызы зор міндет.


337 
Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, 
әлемдік инновацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы 
мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы 
баға жетпес міндеті. Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай 
кезде де халықтық мәселе болған.
Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған, 
сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдында тұрған аса маңызды міндет – талабы 
таудай жеке тұлғаны өсіріп шығару. Ал еш нәрсеге бейімділігі жоқ қабілеті жоқ 
адамның болмайтыны педагогикада дәлелденген. Оқушы талантын тауып, дарынын 
дамытар жұмысты бастауыш сыныптан бастап жүргізу керектігі айдай анық. Жеке 
тұлға қалыптастыруда әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол 
сілтеп адам дәрежесін көтеру керек және жаңашыл жұмысқа бет бұру керек, ол үшін 
ұлттық мәдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы, халық мұрасын пайдалану арқылы 
намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын 
бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, Отанын қорғай білетін 
азамат тәрбиелеу. 
Сол үшін ұлттық мектебімізде жаңа білім беруде жаңаша әдіс-тәсілмен 
жүргізуіміз керек. Бірақ мектептің түрін өзгерткеннен (гимназия, лицей, т.б.) 
ойлаған мақсатқа жете алмаймыз. Ондағы оқыту мазмұны, білім беру технологиясы 
баланың талантына, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, 
бабалар тарихын негізге ала отырып, жеке тұлға қалыптастыруға бағытталу керек.
Қазіргі таңда педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру 
мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болып, білім беру құрылымында 
қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар өмірге келуде. Оқытудың қазіргі 
заманғы педагогикалық технологияларды алдымен жете меңгерген, одан соң оны 
оқу мазмұнына балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай 
пайдаланудың маңызы зор. Педагогикалық технология ұғымы іс-тәжірибемізде 
жиірек қолданылып, практикаға енуде.
Ал «технология» түсіндірмесін сөздікте қандай да болсын істегі, 
шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалык технология – 
педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды 
ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу 
реті – деп В. Кларин айтып өткендей, педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге 
асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе дара тұлғаны 
қалыптастыруға бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы 
педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажеттті өзара байланысқан әдістер 
құралдарының жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық 
технологияны дамыту практикада пайдалану.
Педагогикалық технологияның негізі – саралап оқыту. Бұл бойынша оқушы 
білімді меңгеру деңгейін төртке бөлуге болады. Бірінші төменгі деңгей – міндетті 
деңгей, қалғаны оқушы қабілетіне қарай игеріледі. Сонда міндетті деңгейді 
мемлекеттік өлшем ретінде алсақ, білім берудің шығармашылық сипаты 
қалыптасады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқушының 
шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, 
оқыту мен тәрбиелік тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. 


338 
Мектептің ескі құрылысы мен білімнің жаңа мазмұны арасындағы қарама-
қайшылықты жою үшін жүйелі түрде саралап, білім берудің түпкі мақсаты өмірдің 
сан тараулы дамуын меңгеретін адамға табиғи мүмкіндігі негізінде дамыта 
тәрбиелеу. Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің 
жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің 
технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен қазіргі 
заманғы педагогикалық технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің 
жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. 
Экономикалық жағынан дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым мен 
мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр, ендеше 
қазіргі заманның ақпараттық технологиясын меңгеру міндетіміз.
Оқыту технологиясы – бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты мен білім 
беру үдерісін зерттеу негізінде оқу үдерісін жүзеге асыру және бағалау, 
бағдарламалаудың жүйелі тәсілі. Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге 
негізделген.
1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін 
енгізді.«Педагогикалық технология» дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын 
белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай 
қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана. Педагогикалық технология 
– оқыту үдерісін жобалау, ұйымдастыру формасымен анықталады. Педагогикалық 
технологияның өзіндік ерекшеліктері – қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне 
кепілдік беретін оқыту үдерісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын 
пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі 
даму үдерісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология 
құрылымын түсіну кілті бола алады. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде 
қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық 
тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір 
маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үдерісін технологияландырудың 
қажеттілігінен туып отыр.
XX ғасырдың 80-жылдары Ресейде жаңашыл – мұғалімдер топтары 
қалыптасады, олардың әрқайсысы баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда өзіндік 
жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы нәтижелер береді. Сонымен бірге олардың 
жалпы ортақ белгілері болады. Мектеп оқушысының оқу жұмысы тәсілдерін 
жеңілдету және жандандыру, танымдық іс-әрекеті (сүйеніш кескіндер, сигналдар) 
үлкен блоктар арқылы материалдарды оқу және т.б. аса айрықша көрсететін 
жаңашыл педагогтардың мұғалімдер позициясының бағытын авторитарлықтан 
демократиялыққа, ізгілік бағытқа ауыстыруға деген ұмтылушылықты айтуға 
болады, бұл жаңа педагогикалық ынтымақтастық деген бағытқа орын берді.
Барлық осы технологиялардың көрнекті өкілдері ішінен Ш. А. Амонашвилиді 
– бастауыш сынып оқушыларын эксперименталды жаңашалап оқытуды атау керек. 
Ш. А. Амонашвили өзінің эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық 
педагогикасының жеке тұлғалық бабын табу бағыты, тіл мен математиканы 
оқытудың бір реттік әдістемесі оның педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік 
қорытындысы, оның негізгі идеясы «О начальной ступений образования, 


339 
построенного на принципах гуманно-лияностной педагогики» деген еңбегінде 
баяндалған.
Академик М. П. Иванов – коммунарлық тәрбие әдістемесінің ұжымдық істің 
әдістемесінің авторы қазіргі жағдайда А. С. Макаренконың идеясын дамыта түскен 
жаңашыл педагог. Жаңашыл педагогтың тәжірибесіндегі басты әдістемелік 
ерекшелігі ұжымдық еңбек ісіндегі тұлғаның субъективтік позициясы.
Кеңес одағының Халық мұғалімі В. Ф. Шаталов дәстүрлі класссабақ тәсілімен 
оқытудың әлі де болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытудың 
интенсивтендірудің технологиясын жасап, практикаға енгізеді.
В. Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу ісәрекетіндегі 
белсенділікке қатыстыруға, дербес ерікті танымдықты тәрбиелеуге, әрбір жеке 
оқушыда өзінің адамгершілік сезімін, өзінің күші мен қабілетіне сенімділігін 
нығайта түсуге мүмкіндік береді.
Жаңашыл-педагог И. П. Волков шығармашылықты дамытатын оқытудың 
технологиясын жасап жүзеге асырды. Осыған сай тұлғаның қабілеттілігі баланың 
оқудан тыс іс-әрекетінің еркін болуы негізінде бірізді қалыптасады.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қ. 
О. Бітібаева практика жүзінде ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асырады. 
Ынтымақтастық педагогикасын адамгершілік педагогикасы ретінде қарастырады. 
Қазіргі білім беру технологиялары санатындағы дамытатын жетілдіретін оқу 
технологияларын көрсеткен жөн (Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Г. С. 
Альтшуллер және т.б.).
Әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің 
дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л. С. 
Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке 
тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға 
бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В. М. Монахов) оқу үдерісін 
мақсатты жобалап, құруға болады. Оқытудың компьютерлік технологиясы 
компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, 
жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек 
сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов) теория және практиканы 
блок түрінде топтау, тірек-схема, тірекконспект түрінде берілген теориялық, 
материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре 
басқарып, оза оқыту (С. Н. Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын 
ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру 
және т.б. Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үдерісінде деңгейлеп 
оқыту технологиясы (Ж. Д. Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г. Г. 
Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ. А. Әбдіғәлиев, Н. Н. 
Нурахметов), блоктықмодульдық технологиясы (М. Н. Жанпеисова) қолдау табуда. 
Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-тәрбие 
үдерісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту 
технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол. 
Л. В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның 
әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде 
оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. 


340 
Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін 
ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді. Д. Б. Эльконин мен В. В. 
Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға 
бағытталады. 
Республика мектептерінде 1989 жылдан бастап атаулы мектептерді ашу 
кезеңі басталады. Олардың ішінде, СССР халық мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиет 
мұғалімі Айтқалиев Құсайын Айтқалиұлының мектебі; Бучина Валентина 
Людвиговичтің өнер мектебі, биология пәнінің мұғалімі Очкур Елена 
Афанасьеваның мектебі, бастауыш кластарының мұғалімі Мор Галина 
Яковлеваның мектебі; Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі, орыс тілі мен әдебиет 
пәндерінің мұғалімі Фокин Юрий Павловичтің мектебі. Республикалық деңгейдегі 
атаулы мектептердің мақсаты тұлғаның өзін-өзі көрсетуге, оқытудың бірегейліжәне 
тиімді «технологиясын» іздеуге қолдау жасау болады.
Морин Монтессордың (1870-1952) мектебі ақыл-ойды саусақтардың өте нәзік 
қозғалыстары, қолдардың ұсақ мәнерлі ырғақтарымен интенсивті сенсорлық 
сезімдер арқылы дамытуға негізделген. 1993 жылдан бастап Алматыда жекеменшік 
«Элко» корпорациясының ерікті озат мектебі жұмыс істейді. Бұл мектептің оқыту 
негізінде мемлекеттік бағдарлама жатыр. Бірінші кластан бастап қазақ, неміс, 
ағылшын тілдері, эстетика, сөйлеу мәдениеті, ерікті қозғалыс пәндерінен сабақ 
жүреді. Қосымша мынадай пәндер макеттендіру, модельдеу, хор, бал билері, гүл 
өсіру, сахна өнері көбірек өткізіледі. Мектепте баға қойылмайды, оқу мен тәрбиелеу 
деңгейі жеке бағаланады. С. Ферне (1896-1996) мектебінің әдістемелік тәсілдері 
біздің республикамызда, әсіресе бастауыш кластарда көптеген мектептерде 
қолданылады. С. Ферненің әдістемесі баланың өзінің жеке тәжірибесіне 
негізделген. Ұстаздың қызметі баланың өзіне тән қабілетті оның өзі, өз бойынан 
тауып оны дамытуға көмектесу. Бұл тұжырымдаманың практика жүзінде жүзеге 
асуына «ерікті тестер» мен «мектеп типографиясы» қызмет етеді. Инновациялық 
мектептер дәстүрлі және сонымен қатар жаңа міндеттерді қазіргі деңгейге сай шеше 
алатындығын дәлелдейді, оқушы тұлғасының мәдени, адамгершілік дамуының 
негізі болатындығын көрсетті. 
Қорытындылай келе , қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа 
педагогикалық әдістердің негізіне жататындар – әрбір оқушының жеке және дара 
ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын 
арттырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеп, іздену дағдыларын қалыптастыру 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет