Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


тұра, өзгелерді өз жандарынан артық көреді»



Pdf көрінісі
бет14/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   98
Үміт сәулесі

тұра, өзгелерді өз жандарынан артық көреді» («Ха-
шыр» сүресі, 9-аят) дейді. 
Жасалған жақсылықтардың жемісі – мінез көркеюі, 
ар-ұжданның тазалығы, әрі жүректің тыныштығына жол 
ашады. Қаншалықты қайғы басып мазаң қашып тұрса 
да басқаларға жақсылық жасасаңыз, шуақ шашсаң, 
ғажап бір жеңілдеп қаласыз. Жарлы-жақыбайға садақа 
бер, жәбір көргенге қол ұшын соз, қайғырғанның 


32
Үміт cәулесі
қайғысына ортақ бол, ашыққанды тамақтандыр, 
ауырғанды зиярат ет, жығылғанға сүйеу бол, сонда жан-
сарайың қуаныштың гүлзарына айналады. Аристотель: 
«Ақиқатында үлгілі адам өзгелерге бір іс ұсынса соған 
қуанады да, егер оған басқалар бір нәрсе ұсынса соған 
ұялады. Себебі басқаларға жақсылық жасау, көңіл бөлу 
ол үстемдік», – деген.
Расында, жақсы амал жұпар иісті әтір сияқты
сатушыға да, сатып алушыға да ләззат сыйлайды. 
Жақсылықтың жемісі жүректі тыныштандырып, 
шаттыққа бөлейді. Көркем мінезге мұқтаж жандарға 
жылы шырай таныту, жылы жүзбен қарсы алу садақа 
болып табылады. Себебі хадисте «Бауырыңды жылы 
жүзбен қарсы алу – садақа» делінген.
Әбу Зәрр Жундуб ибн Жунәда және Мұғаз ибн 
Жәбәл (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла (с.а.с.): 
«Қайда жүрсең де Алладан қорқып, бұйрықтарын 
орындап, тыйымдарынан сақтан! Әрбір күнәнің ар-
тынан уақыт оздырмай оны жуып-шаятын жақсылық 
жаса! Адамдармен қарым-қатынаста көркем мінезді 
бол! – деп бұйырды», – делінген (Тирмизи, Бирр 55). 
Яғни, біреуге жақсылық жасасақ, біліп не білмей істеген 
күнәларымызға кешірім болатындығын осы хадистен 
ұғынамыз. Бұл Құдай тағаланың пендесіне деген ерекше 
рақымы, әрі қоғам ретінде өмір сүру үшін жаратылған 
адам баласы үшін ізгіліктің қайнары. Ардақты 
пайғамбарымыз (с.а.с.) бен оның адал сахабалары 
қарақан басының пайдасын ойламай өз ғұмырларын 
өзгені бақытты ету жолына арнаған еді. 
Түптеп келгенде өзгеге жасаған жақсылық түбінде 
өзің үшін олжа емес пе? Оның осы дүниеде де, ақыретте 
де пайдасы шаш етектен. Міне, осы мұсылманшылық 


33
Үміт cәулесі
дәстүрден нәр алған атам қазақ «қайырымды жүрек 
қартаймайды», «жайылымы болмаса мал азады
қайырымы болмаса жан азады» деп өте орынды айтқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет