Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет10/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   98
Үміт сәулесі

ҚАЙҒЫНЫ СЕЙІЛТУ
Қайғыру – Алла тыйым салған қасиет. Құранда 
لَو 
اوُنَز ْحَت َلَو اوُنِهَت «Кейімеңдер де, қайғырмаңдар...»
4
, ْنَز ْحَت َل 
اَنَعَم َ َّللا َّنِإ «Қайғырма, Алла бізбен бірге...»
5
.
Қайғыру талпынысты бәсеңдетіп, уайымды 
өршітеді. Адам белсенділігіне кері әсерін тигізеді. 
Өмірдің ағысын бәсеңдететін жайт десе де болады. 
Қайғы дегеніміз шайтанның адамды оңай құрығына іліп, 
алға басқан аяғын кері кетіртетін қуатты қаруларының 
бірі.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла тағалам, мұң мен 
қайғыдан сақтай гөр!...» деп сыйынған. Қайғы мен 
мұң екеуі ағайынды қасіреттер. Айырмашылығы мұң 
болашағыңды бұлыңғыр етсе, қайғы өткеніңді еске 
салып, өзегіңді өртеуге тырысады. Екеуі де адамның 
нақты шешім қабылдауына тосқауыл жасап, жігерін 
құм қылады. Бір жағынан, қайғы пенденің өмірін 
құлдырауға ұшыратып, рухын жасытатын жағымсыз 
күй. Ол ғапылдыққа түсіп, ғибадаттан жалығып, тұралап 
қалған кезде пайда болады. Жақсылыққа немесе өмірде 
4
«Әли Имран» сүресі, 139-аят.
5
«Тәубе» сүресі, 40-аят.


22
Үміт cәулесі
қызықшылыққа кез болғанда бәсеңдеп, жалыны бірте-
бірте сөне береді. 
Жағдаяттарға қарай қайғының орын алуы да заңды 
құбылыс. Сондықтан да мүминдер жаннатқа кірген 
кезде: 
َنَز َحْلا اَّنَع َبَهْذَأ يِذَّلا ِ َّ ِلل ُدْم َحْلا «Барлық мақтау 
қайғымызды сейілткен Алла тағалаға лайық» («Фа-
тыр» сүресі, 34-аят) деп айтады екен. Бұл сөз олардың 
дүниеде бастарына еркінен тыс келген қиындықтарға 
қайғырғандығын білдіреді. Яғни, қараптан-қарап 
қайғыны тілеуге болмайды. Өйткені ол Жаратқанның 
жарлығына бағынышты. Ал адам қашан қайғыға салын-
са, дұға және терең ғибадатпен қарсы тұрып, арылуға 
тырысуы керек. Кейбір қайғының, қамығудың орынды 
екендігіне мысал келтірер болсақ, Алла Құранда:
َّو اوَّلَوَت ِهْيَلَع ْمُكُلِم ْحَأ اَم ُد ِجَأ َل َتْلُق ْمُهَلِم ْحَتِل َكْوَتَأ اَم اَذِإ َنيِذَّلا ىَلَع َلَو
َنوُقِفنُي اَم اوُد ِجَي َّلَأ اًنَز َح ِعْمَّدلا َنِم ُضيِفَت ْمُهُنُيْعَأ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет