Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет13/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   98
Үміт сәулесі

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖҮРСЕҢ
Адамдарға жақсылық жасау – бақытқа жетелейтін 
қысқа жолдардың бірі. Бұл тек қана кісінің жеке ба-
сына ғана қатысты емес. Сонымен қатар қоғамның да 
бақытына жол ашатын бірден-бір мәселе екенін айта 
кету керек. Себебі бақыттың өзі де бөліскен сайын 
арта түсіп, ал қайғы бөліскен сайын азаяды емес пе? 
Ардақтап жаратылған адам баласы жақсылық көруге 
лайық. Бірақ біреулер мұны ұғынып, парықтай алма-
уы мүмкін. Ұлық Алла тағала ешбір жақсылықтың 
қайтарымсыз қалмайтындығын көптеген аяттарда 
былайша білдіреді: ُهَرَي اًرْي َخ ٍةَّرَذ َلاَقْثِم ْلَمْعَي ْنَمَف «Кімде-кім 
мысқалдай (тозаңның салмағындай) жақсылық жа-
саса, соның қарымын алады» («Зилзәл» сүресі, 7), 


30
Үміт cәулесі
ِه ِسْفَنِلَف ا ًحِلا َص َلِمَع ْنَم «Кімде-кім жақсылық жасаса, өзіне 
(яғни пайдасын өзі көреді)» («Жәсия» сүресі, 15).
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде былай деген 
екен: 
«Алла тағала қиямет күні бір құлына: «Әй, 
Адам баласы, Мен сенен тамақ сұрағанымда, 
тамақтандырмадың», – дегенде, пенде: «Алла 
тағалам, Сен әлемнің Раббысысың, мен Сені қалай 
тамақтандырамын?» – деп таңданыс білдіреді. Сол 
уақытта Алла тағала: «Пәленше құлым сенен тамақ 
сұрағанда, сен оның қолын қайтармадың ба? Оны 
тамақтандырғаныңда, оның сауабын Менен ала-
тын едің. Ей, пендем, Мен су сұрағанымда, маған су 
бермедің», - дейді.
Сен бүкіл әлемнің Раббысысың, мен Саған қалай 
су беремін?
Пәленше пендем сенен су сұрағанда, бермедің. 
Оның шөлін қандырғаныңда сауабын Менен 
алатыныңды білмедің бе? Ей, құлым, ауырғанымда 
келіп жағдайымды сұрамадың. 
Уа, Раббым, Сенің жағдайынды қалай сұраймын?
Сен пәленше пендемнің ауырғанын білмедің бе? 
Оған барып хал-жағдайын сұрағанда, оның жанынан 
Мені табатын едің».
Осы хадисте бір назар аударатыны «Мені соның 
қасынан табар едің» деген сөз. Яғни, Алла тағала дәйім 
жығылғанның жанынан, қысылғанның қасынан табы-
лады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алла тағаланың күнәһар 
әйелді жаннатқа кіргізгені жайында баяндаған. Ол 
әйел шөлден қаталап, тілі ауызына сыймай жатқан 
итке жаны ашып, құдыққа қиналып түсіп, аяқкиімімен 
су алып шығып, шөлін басқан-ды. Міне, осы жерден 


31
Үміт cәулесі
жануарға жасаған жақсылықтың өзінің қайтарымсыз 
қалмайтындығын көреміз. Ал енді шөлдеген адамды 
сусындандырып, қиналғанға жәрдемші, жығылғанға 
сүйеніш болғанның алар мәртебесі қандай? 
Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) тағы бір сөзінде: 
«Жасаған жақсылықтары жанын жадыратып, ал 
жамандықтары көңіліне қаяу салған адам нағыз 
мұсылман», – деген.
Исламның осындай өсиеттерімен сусындаған тақуа 
кісілердің бірі Ибн әл-Мүбарактың жасаған ізгі амалы 
бізге үлгі боларлық. Ол бірде керуенмен қажылыққа 
кетіп бара жатып, жолда күл-қоқыстың ішінен жеуге 
татырлық азық теріп жүрген әйелді көреді. Жөн сұрап, 
неге қоқыс ақтарып жатқанын білгісі келгенде, әйел 
аштық азабын тартып, үш күннен бері тіске басарлық 
нәрсе таппағанын айтып, көзіне жас алады. Сонда 
Ибн әл-Мүбарак қажылыққа деп жинаған қаржысын 
тұтастай шиеттей қыздары бар әлгі әйелге береді. Осы-
лайша сол жылы қажылыққа бара алмай, жарты жолдан 
кері қайтады. Бірақ көп ұзамай түсінде «Қажылығың 
қабыл, күнәң кешірілсін!» деген дауыс естиді. Алла 
тағала Құранда осындай жандарды сипаттап: َنوُرِثْؤُي َو 
ٌة َصا َص َخ ْمِهِب َناَك ْوَلَ وْ مِهِسُفنَأ ٰىَلَع «Өздері таршылықта бола 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет