Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет23/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   98
Үміт сәулесі

ЖҰРТТАН АЛҒЫС КҮТПЕ!
Алла құлдарын Өзін еске алу үшін жарат-
ты, Өзіне шүкір ету үшін рызықтандырды. Соған 
қарамастан көптеген адамдар алғысын басқа біреуге 
айтады. Сондықтан сен де жақсылығыңды жоққа 
17
Мүслим. 


47
Үміт cәулесі
шығаратындарға жолықсаң, олармен қақтығыспа. 
Олар сенің жақсылығыңды жояды, саған қарсы келіп, 
көре алмастық қылуы да мүмкін. Пайғамбарлардың 
өмірлеріне қарайықшы, Нұх пайғамбар (а.с.) тоғыз 
жүз жылдан астам уақыт елін уайымдап, азғындықтан 
арылып, тура жолға келуге шақырса, елі оны мазақ етіп 
қорлады, Ибраһим пайғамбарды (а.с.) отқа тастады, 
Зәкәрия пайғамбарды (а.с.) арамен аралап, денесін қақ 
бөліп шейіт қылды, Иса пайғамбарды (а.с.) қудалап, 
өлтірмекші болды. Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) 
өз елінен қуып шығып, дос-жарандары мен туыста-
рын өлтірді. Күнделікті өмірде де мұндай оқиғалар 
аз орын алып жатқан жоқ. Мәселен, әкесі баласын 
тамақтандырып, киіндіреді, тәрбиелейді, білгенін 
үйретеді, оның рахаты үшін талай түндерін ұйқысыз 
өткізеді, аузындағысын жырып баласына береді, балам 
демалсын деп шаршап-шалдығады, ал сол бала өскенде 
бүкіл жақсылықты ұмытып, әкесіне қарсы шығып жата-
ды. Ал кейбірі өмірін өзі үшін пида еткен әке-шешесін 
қартайған шағында түк болмағандай қарттар үйіне 
апарып тастай салады. Осындай жағдайларға тап бо-
лып, ізгі істері құмға сіңген судай жойылып кеткен 
жандардың сабыр сақтап, байыптылықпен, істеген 
істерінің қарымын рақым қазынасы түгесілмейтін Алла-
дан үміт етуден басқа жолы жоқ. Өйткені Алла ешкімнің 
жақсылығын қарымсыз қалдырмайды. Жаратқан Иеміз 
«Кімде-кім шаңның тозаңындай жақсылық жасаса, 
оның қарымын алады» деп кепілдік берген.
Сондықтан да істеген істеріңнің барлығын 
тек Алланың разылығы үшін жаса. Сонда қандай 
жағдайда да жетістікке жетіп, табысқа кенелетін сен 
боласың. Біреудің рахмет айтпауы, қарсы шығуы еш 


48
Үміт cәулесі
зиян тигізбейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Беруші қол 
алушы қолға қарағанда қайырлы», – деген. Алланың 
разылығын қалаған тақуа, ізгі пенделердің де айтар сөзі 
«Инсан» сүресінде айтылған: 
َل ِ َّللا ِه ْجَوِل ْمُكُمِع ْطُن اَمَّنِإ }8{ًاري ِسَأَو ًاميِتَيَو ًانيِك ْسِم ِهِّب ُح ىَلَع َماَعَّطلا َنوُمِع ْطُيَو
ًارو ُك ُش َلَو ءاَز َج ْمُكنِم ُديِرُن


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет