68
Үміт cәулесі
таусылып барады», – дейді. Отырғандар ашумен өре
түрегелді. Кейбірі қабағын түйіп: «Алла елшісіне бұлай
деуге қалай дәтің барды?» деп дүрсе қоя берді. Алайда
мейірімді пайғамбарымыз (с.а.с) бұған ашуланбады.
Әлгі жігітті жанына шақырып алды. Сөйтті де оған
сұрақ қойды:
− Мұндай зинаны анаңа жасалуын қалар ма едің?
− Әке-шешем сен үшін
пида болсын, уа, Алла
елшісі, қаламаймын!
− Ешкім де
анасына мұндай арсыздықты
қаламайды! Туған қызыңның зина жасағанын қалар ма
едің?
−
Жаным саған құрбан болсын, уа, Алла елшісі,
қаламайтын едім!
− Ешкім өз қызына мұны тілемейді! Әпкеңе жаса-
луын қалар ма едің?
− Жоқ, қаламаймын.
− Біреу қарындасыңмен зинаға барғанын қалар ма
едің?
− Жоқ, жоқ, қаламаймын!
−
Ешкім әпкесіне де, қарындасына да зина жаса-
луын қаламайды!
Бұл ең соңғы сөзі еді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
алдында әлгі жігіт жуасып сала берді. Сонда мейірімді
Пайғамбар (с.а.с) қолын жас жігіттің көкірегіне қойып:
«Алла тағалам, мұның күнәларын кешір, жүрегін таза-
лап, ар намысын сақта!» деп дұға етті. Жуләйбиб осы
дұғадан кейін арлы тұлғаға айналды.
Тарихта қай кезеңді алып қарасақ та мұсылмандар
халықты жақсылыққа шақыру насихатын тоқтатпаған.
Өйткені Ислам насихатпен ғана пенделерге бақи өмірдің
артықшылығын еске салып, олардың ықылас, ниеттерін
69
Үміт cәулесі
дұрыстауға және амалдарын түзетуге ынтықтырады.
Қасиетті Құранда:
«(Уа, мүміндер) Сендердің
Достарыңызбен бөлісу: