Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


үшін жетекшілік пен көмекшілікте жетіп асады!»



Pdf көрінісі
бет57/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   98
Үміт сәулесі

үшін жетекшілік пен көмекшілікте жетіп асады!» 
(«Фұрқан» сүресі, 31-аят). 
Егер тірілтуші де, жан алушы да, ризық беруші де 
бір Алла болса, онда неліктен адамдардан үрейленесің? 
Адамдарға сенім артып сүйеніп, ризалықтарын 
іздегендердің, соларға жақындаушылардың, олар-
ды көп мақтаушылардың және зияндықтарынан 
59
Мүслим, Зикр, 67. 


120
Үміт cәулесі
қорқатындардың қайғы мен уайымға салынғанын талай 
көреміз. Міне, бұл иманның әлсіздігінен.
КЕҢДІГІ АСПАН МЕН ЖЕРДЕЙ 
ЖАННАТ
Бұл дүниеде қиындық көрсең, жаннатты есіңе ал. 
Егер осыған сеніп, соған сай іс әрекет жасасаң, бүкіл 
сәтсіздігің жетістікке, жоғалтқан нәрсең құдай жо-
лында құрбандыққа айналмақ. Расында адамдардың 
ішіндегі ең ақылдысы ақырет үшін қамданып, іс-амал 
жасағандары. Өйткені ақырет жұрты мәңгі әрі қайырлы. 
Ал адамдардың ең ақымағы бұл дүниені тұрақты 
мекенім деп бар үмітін осы дүниеге байлағандар. Олар 
бастарына шамалы қайғы келсе қатты қорқады, басына 
бір іс түсе қалса қатты өкінеді. Себебі олар бұл дүниеден 
басқаны көрмейді де ойламайды, әрі одан басқа нәрсе 
үшін амал жасамайды. Егер олар жүректеріндегі дерт-
тен арылып, көздеріндегі пердені ашып қараса, мәңгілік 
жаннатты және оның қаншалықты маңызды екенін 
білер еді. Осылайша Құранға құлақ асып, жаннаттың 
қандай екеніне де көз жеткізер еді. Жаннат көңіл бөлуге 
және сол үшін шаршап амал жасауға лайықты Алланың 
сыйы. 
Жаннат тұрғындары жайлы бір ойланып көрдік 
пе? Олар ауырмайды, қайғырмайды әрі мәңгілік өмір 
сүреді. Мәңгі жас болып қала береді. Қыз балалар 
18 жаста болса, ер балалар сақадай 33 жаста болады. 
Қартайып, әлсіреу болмайды. Олар ішінен сырты, сыр-
тынан іші көрінетін бөлмелерде тұрады. Онда адам ба-
ласы көрмеген, естімеген, тіпті ешбір пенденің ойына 
келмеген сый-сыяпаттар бар. Ұзындығы көз жетпейтін 


121
Үміт cәулесі
ағаштар, зәулім сарайлар, жемістері иілген ағаштар, 
сылдырап аққан бұлақтар бар. Иісі жұпар аңқиды. 
Ондағы қуаныш – нағыз қуаныш. Ал енді бізге осын-
шама нәрселерді ойламайтындай басымызға не күн 
туды?! Олай болса, әй, кедейліктен зардап шегіп, ба-
сына келген қиыншылықтан мезі болғандар! Мына пәни 
өмірдің қиыншылығының өткінші екенін, ал соған са-
быр еткендерге арғы өмірде мәңгілік жаннат берілетінін 
ойлаңдар.
ِراَّدلا ىَبْقُع َمْعِنَف ْمُتْرَب َص اَمِب مُكْيَلَع ٌم َلَس «Сабыр еткендіктерің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет