119
Үміт cәулесі
артпақ. Кері жағдайда бейшара, дәрменсіз пенде ба-
сына қайғы түссе, одан құтыла алмай әбігерге салы-
нады. Құранда да: َنيِنِمْؤُّم مُتنُك نِإ ْاوُلَّكَوَتَف ِ ّللا ىَلَع
«Егер мүмін
болсаңдар, Аллаға ғана тәуекел етіңдер» (
«Мәидә»
сүресі, 23-аят) деп айтылған.
Пайғамбарымыз да (с.а.с.)
осы тұрғыда әрдайым былай деп дұға ететін:
«Уа,
Алла тағалам! Саған ғана бойсұндым. Бір Өзіңе иман
келтірдім. Саған ғана тәуекел еттім және күнәларым
үшін тәубе етіп, бір Өзіңе қарай бет бұрдым. Сенің
қолдауыңмен (дұшпандарға қарсы) күрестім. Уа, Алла
тағалам! Сенен басқа Тәңір жоқ. Тура жолдан тайды-
рып жіберуіңнен қорқып, Ұлылығыңа сиынамын. Сен
өлмейтін мәңгі Тірісің. Ал жындар мен адамдар өлім
құрығынан құтыла алмайды»
59
.
Қайғыдан құтылудың бір жолы − «Аса құдіретті
Аллаға тәуекел еттім! Алла бізге жеткілікті, Ол неткен
жақсы қамқоршы» деп дұға етуі керек. Тіпті малың
азайып, қарызың басыңнан асып кетсе де «Алла бізге
жеткілікті, Ол неткен жақсы қамқоршы»
деп дұға
қыл. Егер дұшпаннан қорқып, бойыңды үрей билесе
«Алла бізге жеткілікті, Ол неткен жақсы қамқоршы»
деп өз-өзіңе басу айт. Себебі Жаратқан Жаппар ие бы-
лай деп сүйіншілейді:
اًري ِصَن َو اًيِداَه َكِّبَرِب ٰىَفَكَو
«Раббың сен
Достарыңызбен бөлісу: