Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет59/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   98
Үміт сәулесі

ОЙЛАН ДА ШҮКІР ЕТ!
Шүкір – жақсылық жасаушыға қарыздар екеніңді 
сезіну, оның алдында бас иіп, алғысыңды білдіру. 
Шүкір ету – пенденің Алла тағала алдындағы ең үлкен 
міндеті.
Алла тағала өзінің нығметтеріне, ырзық-
несібесіне қанағат етуші құлдарын жақсы көреді. 
Өйткені Жаратқанның берген ырзығына шүкірлік ету 
иманның ажырамас бөлігі болып табылады. Сондай-
ақ, Алла тағала Өзіне күпірлік қылмай, шүкірлік етуді 
бұйырған. Бұл жөнінде «Бақара» сүресінің 152-ая-
тында: 
ِنوُرُف ْكَت َلَو يِل ْاوُرُك ْشاَو ْمُكْرُكْذَأ يِنوُرُكْذاَف «Мені естеріңе 
алыңдар, сонда Мен де сендерді есіме аламын. Маған 
шүкіршілік етіңдер, күпірлік етпеңдер», – делінген. 
Ендеше, Жаратқанның берген өміріне, денсаулығына, 
материалдық және рухани байлықтарына алғыс білдіріп, 
лайықты түрде шүкірлік қылу қажет.
َرا َصْبَلاَو َعْم َّسْلا ُمُكَل َلَع َجَو ًائْيَش َنوُمَلْعَت َل ْمُكِتاَهَّمُأ ِنوُطُب نِّم مُك َجَر ْخَأ ُّللاَو
َنوُرُك ْشَت ْمُكَّلَعَل َةَدِئْفَلاَو
«Алла ештеңе білмейтін кездеріңде сендерді 
аналарыңның құрсақтарынан шығарып, сен-
дерге құлақ, көз, жүрек берді. Бәлкім, шүкір 


126
Үміт cәулесі
етерсіңдер» («Нахыл» сүресі, 78-аят), – деген. Бұл аят 
арқылы өмірімізден бастап, дене мүшеміздің барлығы 
Алланың нығметі екенін ұғамыз. Жаратылыста шүкір 
осыншалықты маңызды бола тұра, өкініштісі, адам 
баласының көбісі бұл қасиеттен мақұрым. «Сәба» 
сүресінің 13-аятында бұл шындық: ُرو ُك َّشلا َيِداَبِع ْنِّم ٌليِلَقَو
“Құлдарымның арасында шүкір етушілер өте 
аз”, – деп баяндалады.
Әсілінде кімде-кім шүкір етер болса, Алла 
тағала оның несібесін кеңейтеді. Бұл жайында Құран 
кәрімде: ٌديِد َشَل يِباَذَع َّنِإ ْمُتْرَفَك نِئَلَو ْمُكَّنَديِزَل ْمُتْرَك َش نِئَل «Сонда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет