Назарбаев Қазақстан халқына кезекті


ПЕДАГОГ-МУЗЫКАНТТЫҢ ВОКАЛДЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ



бет10/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

ПЕДАГОГ-МУЗЫКАНТТЫҢ ВОКАЛДЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ


Қазіргі уақытта жастар арасында арнайы дайындықты қажет етпейтін музыкалық белсенділіктің ең қолайлы түрі ретінде қабылданатын вокалдық орындаушылыққа үлкен қызығушылық бар. Бірақ жеке ән айту - табиғи
қабілеттерді ғана емес, сонымен қатар вокалдық жарғылардың және даысты ұзақ мерзімде тәрбиелеуді қажет ететін ерекше өнер түрі. Өңірдің қай саласы болмасын, ең алдымен, оның технологиясын - әдістемесін ұғу, түсініп меңгерудің маңызы зор. Сондықтан кәсіби әнші болу үшін вокалдық өнердің қыр-сырын ұғып, негізгі технологиясын еркін меңгеру абзал. Ән айту - студенттердің мәдениетін дамытуға, олардың жалпы және музыкалық дамуына, рухани әлемін тәрбиелеуге, дүниетанымның қалыптасуына, тұлғаның өмірлік көз-қарасының қалыптасуына өз үлесін қосады.
ЖОО-да төрт жыл оқуын оқып, бітірген, жоғарғы мамандықты игерген кәсіби әншіні «вокалист» дейміз. Көбінде классикалық бағытта айтатын әншілік өнерді вокалдық өнер дейді.
Оқытушы, студентті, ең алдымен, өзін-өзі бақылай алатын, өзімен-өзі дұрыс жұмыс істей алатын жағдайда тәрбиелей бастауы қажет. Студенттерге тікелей вокалдық міндеттерді қойып, айқын нұсқаулар беріп, оны шешу үшін басты мәселе не дегенді түсіндіріп, мән-мағынасын ашып ұғындыру арқылы мүмкіндік тудырып беру қажет:

  • бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту;

  • ән өнерінің қадір-қасиетін ұқтыру;

  • ән айту ережелерін үйрету;

  • музыканы тыңдау, есту қабілеттерін қалыптастыру;

  • әнді таза, мәнерлі, әсерлі орындауға үйрету;

  • музыканың мазмұны мен сөзін түсіне білуге үйрету;

  • музыка мен сөз аралығындағы бірлікті сезіну;

  • шығарма мазмұнын түсініп, ажырата біліп, қызығушылықпен орындай білуге үйрету;

  • музыкадағы дыбыс жоғарылығын, ырғақ мәнерін, түсініп, ажырата білу;

  • дауыстың табиғи таза шығуына, әнді мәнерлі орындау шеберлігін дамыту;

  • екі дауыста орындауға үйрету;

  • музыкалық білімін жетілдіру;

  • музыкалық сауаты, эстетикалық және рухани ой-өрісі дамыған, музыка өнерінің адам өміріндегі мәнін жете түсіне алатын болашақ ұрпаққа

жеткізе білу.
Вокалдық ән айтудың мақсат-міндеттері мен таныстырған соң, дауысты қалыптастыру жұмыстарын жүргіземіз.
Ән aйтyғa қaтыcты нeгiзгi ой-тұжыpымдapды бүгiнгi зaмaн тaлaптapымeн үндecтipiп жәнe дayыc қоюды apнaйы caлa peтiндe тұжыpымдaп, «Дayыc қалыптастыру» aтты зepттeyлep бapыcындaдa дауыс қалыптастырудың әдicтepi, әншiлiк өнepiндe дayыc қалыптастыру ғылым caлacы peтiндeгi мaңызы, мәнepлeп ән aйтyды тeоpиялық тұpғыдa қapacтыpылғaн.
Ән aйтy дaғдылapын қaлыптacтыpy жолдарын aнықтaп aлy үшiн «дayыc» пeн «вокалдық дaғды» дeгeн тepминдepдiң ара жігін, олapдың қapacтыpaтын ныcaндapын aнықтaп aлy қaжeт болды.
Дауыс – бұл өзінің күрделілігіне және әлеуметтік маңыздылығына байланысты емес адам көмейінен шығатын кез келген дыбыс. Дауыс генераторлық бөлім ретінде қызмет ететін көмейде пайда болады. Тыныс алу
мүшелері – энергетикалық бөлім. Энергия көзі ретінде дауыс шымылдығының тербелісін тудыратын ауа ағыны болады. Қойылмалы түтік (жұтқыншақ, мұрын және ауыз қуысы) – мұнда дыбыс өз күшін және мәнерін алатын жаңғырықтыру бөлімі. Дыбыстың акустикалық қасиетін ажырату есту қабілетінің көмегімен іске асырылады [28].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет