Драмалық тенор
|
до к - до2
|
Тенор-альтино
|
дамыған жоғарғы регистрі бар тенор - до2 жоғары
|
Баритон
|
ля - соль ү - ля 1
|
Бас
|
фа ү - фа 1
|
Бас-профундо
|
бас дауыстарынан 1 октава төмен айтады (ең сирек жағдайларда фа контр төменге дейін төмендейді )
|
Вокалдық өнерде әншілік дауыс түрлерін анықтау ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеліп көптеген заңдылықтары қалыптасқан. Ғалым-фониатор Е.Н.Малютин әнші дауысын таңдай доғасының көлемі арқылы анықтауға болады деген. Оның тұжырымы бойынша таңдай құрылымы терең, әрі ойыс доғалы болса, дауыс солғұрлым биік болатынын, ал таңдай доғасы таяз болса дауыс төмен, әрі жуан болады деп тәжірибе жүзінде дәлелдеген [23]. Малютиннің тұжырымы Рауль Юссонның жаңа теориясының пайда болуына себепші болатын шешуші факторлардың бірі болып саналады. Нәтижесінде, жаңа электрофизиологиялық фонетика теориясы құрылған, оны ғалым-фониатор Р.Юссон «нейрохроникалық» теория (немесе
«нейромоторлық» теория) деп атады [24].
Ол әншілердің дауыс түрлерін айқындауда дауыс пернелерінің еттерін қозғалысқа келтіретін сезімтал нейрондардың кемегімен дауыс пернелерінің тербеліс жиілігін
хронаксиметр арқылы зерттеп, үш түрге бөлген: күшті, аралық және әлсіз импедансты. Әншілер импедансты бейсаналық түрде басқарады. Хронаксия - ең қысқа уақыттағы дауыс пернелерінің еттерінің жиырылуы. Дауыс пернелерінің тербеліс жиілігі миллисекундпен өлшенген. Р.Юссон тәжірибесі нейрохронаксия ұғымын дүниеге әкелді. Дауыс түрін анықтауда дауыс пернелерінің ең қысқа уақыттағы тербеліс жиілігі төмендегі көрсеткіштер арқылы байқалған:
сопрано - 0,065, 0,070 мл.сек; коллоратуралық сопрано - 0,055 мл.сек; мецце-сопрано - 0,095 мл.сек;
тенор - 0,075, 0,080 мл.сек; баритон - 0,100,0,105 мл.сек; бас - 0,140,0,150 мл.сек.
Хронаксия әдісі табиғи дауысты дәлірек ажыратып табуға мүмкіндік берді. Дауыс түрін анықтауда көмей мен дауыс пернелерінің анатомиялық құрылымы әр әншіде әртүрлі болатыны ғылыми іәжірибелерден айқындалып отыр. Айталық жоғары дауысты әншінің көмейі кіші,
қалқан шеміршегі дөңес, трахея жузік шеміршегі де нәзік жіңішке және дауыс пернелері қысқа жіңішке, нәзік келеді. Жуан дауысты әншілердің көмейі үлкен, қалқан шеміршегі үшбұрыш түрінде
алға бұлтиып шығып тұрады, дауыс пернелері ұзын, жуан болады ал трахея жүзік шеміршектері ірі болады. М.И.Фомичевтың тәжірибесі бойынша биік дауысты әншілердің дауыс пернелерінің ұзындығы - 15-17 мм,