Назарбаев Қазақстан халқына кезекті



бет6/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

«Өтпелі» дыбыстар:


Тенор дауыстары - ми1, фа1, соль1; Баритондар - ре1 - ми1, бас - ля к, си к, до1; Сопрано - ми1, фа1; фа#2, соль2;
Меццо-сопрано - до1 - ре1; ре2, ми2.
Әншілер дауысы орындаушылық бағытына, мәнеріне байланысты үш түрге жіктеледі: халық әншілері, академиялық бағыттағы әншілер және эстрадалық әншілер.
Халық әншілерінің дауыстары: ерлер, әйелдер, балалар дауыс түріне жіктеледі. Ерлер дауысы - қоңыр, қою үнді баритон. Жоғары дауыс тенор биік, ашық дауыс, диапозоны. Әйелдер дауысы - ашық үнді, биік альт, төменгі, жуан альт дауысы. Балалар дауысы жас ерекшеліктеріне қарай жіңішке болып келеді.
Академиялық бағыттағы дауыс түрлері: сопрано, тенор, баритон, бас.
Ерлер дауысының ішінде ең жоғары дауыс – тенор. Тенор дауы бірнеше түрге бөлінеді: тенор-альтино, лирикалық тенор, драмалық тенор.
Лирикалық тенордың дауыс күші тенор-альтиноға қарағанда басым, әрі ірі айтылады. Лирикалық әуенді шығармаларды айтуға бейім, жеңіл, нәзік айқышты бояуларға бай дауыс. Мұндай дауыс түрлеріне әншілер Ә.Дінішев, М.Шалабаевтардың дауыстары жатады.
Лирика-драмалық, драмалық тенор дауыстары ірі, драматизмді, динамикалық күш қуаты басым, диапозоны кең дауыс. Елімізде мұндай дауысты әншілерге Ә.Үмбетбаев, Н.Қаражігітов, Т.Момбеков аттарын атауға болады.
Ерлердің орта деңгейдегі қоңыр дауыстары – баритон. Баритон дауыстар бірнеше түрге бөлінеді: лирикалық, лирика-драмалық, драмалық болып бөлінеді. Лирикалық баритон жеңіл, жұмсақ дауыс. Бұл дауыс түріне Е.Серкебаевтың дауысы жатады.
Лирика-драмалық, драмалы баритон дауыстарының күші басым, жоғары дыбыстары ірі айтылады. Қазақ әншілерінің ішінде К.Кенжетаев, М. Мұсабаев дауыстары келеді. Мұндай дауысты әншілерге А.Байтоғаев, Ш.Үмбетәлиев дауыстары жатады.
Әйелдердің дауыстары да бірнеше түрге бөлінеді: сопрано - әйелдердің биік дауысы. дауыстар бірнеше түрге бөлінеді: лирикалық сопрано - дауыс көлемі кең, күші жағынан орташа, ашық, сыңғыр дауыс. Бұл дауыстағы әншілерге Р.Жаманова, X.Қалиламбекова дауыстарын атауға болады. Коллоратуралық сопрано ең жеңіл, әрі ашық, сыңғыр, түрлі әшекей-өрнек жасауға бейім, өте биік дауыс. Бұған әншілер Б.Төлегенова, М.Мұхамедқызының дауыстары жатады. Драмалық сопрано дауыс кең тынысты, күші басым, ірі айтылатын дауыс. Әншілер арасынан мұндай дауысты әншілерге Р. Жұбатұрова, Г. Дәуірбаева дауыстары сай келеді.
Әйелдердің төмен дауысы меццо-сопрано, кеуде бөлікте көбірек үдетіліп, бояуы қою айтылатын жуан дауыс. Бұл дауыстағы әншілерге Э.Эпонешникова, Б.Ашимованы, жас әншілер Д.Хамзина, С.Есжановалардың дауыстарын атауға болады. Келесі контральт дауыс - әйелдердің ең төмен айтылатын дауысы. Бұл дауысты әншілерге Ү.Тұрдықұлова, Р.Мұсабекова, жас әншілер ішінде Р.Меденованың дауыстары атады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет