«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет15/73
Дата06.05.2024
өлшемі3.21 Mb.
#500653
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

Пәнаралық байланыс 
Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, география 
Бастапқы білім 
Тақырыпқа қатысты мәселелерді талдады. 
Тірек сөздер 
Қоғам, құндылықтар, жастар мәдениеті, білім, ғылым, 
өркениет, заман талабы, өмірлік дағдылар 

Сабақтың жүргізілу барысы 
Оқылымалды тапсырма. «Еркін жұп» әдісі. Тапсырма: бір сыныптасыңызды 
таңдап жұп құрыңыздар, жұпта «Мәңгілік Ел» идеясы жайлы әңгімелесіңіздер. 
Оқылым тапсырмасы 
Қазақ өркениетінің жаңа дәуірі 
Философия 
ғылымдарының 
кандидаты 
Дархан 
Жазықбаевпен 
әңгіме: 
-Дархан Медеғалиұлы, жақында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көргенін білесіз. Осыған орай қоғамда 
қызу талқыланып жатқан келелі мәселе – рухани жаңғыру туралы не айтасыз? 
– Елбасының көтерген рухани жаңғыру туралы идеялары қазіргі қоғамдық санада жылы 
қабылданып жатқанын аңғаруға болады. Біріншіден, бұл өзін қазақпын деген барлық 
азаматтарды жаңа идеяның аясында біріктіретін, ұлтымызды ортақ мұратқа ұйыстыратын 
тұжырым болып отыр. Ұлттың мұраты, ұзақ жылдарға арналған стратегиясы деуге де 
болады. Екіншіден, бұл ұлтымыздың алдында тұрған зор мүмкіндік дер едім. Елдің 
дамуы үшін, рухани жаңғыруы үшін беріліп отырған мүмкіндік. Ұлттық жаңғыруды 
жүзеге асыруда Елбасы екі мәселеге нақты тоқталған. «Біріншісі – ұлттық код, ұлттық 
мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың 
дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», дейді. Яғни, 
алға жылжу үшін тозығы жеткен кейбір әдет, мінездерден арылып, болашаққа асыл 
қасиеттерімізбен, құндылықтарымызбен баруымыз керек деп отыр. Кертартпалық деп нені 
айтамыз? Ол етектен тарту, сөздің істен озып жүруі, көреалмаушылық, өзгенікі жат, 
өзімдікі артық деп санайтын, байыбына бармай эмоциялық көңіл күймен асығыс белгілі 
бір ситуацияға баға беру тәрізді көрініп жататын әдеттер. Хакім Абайдың «Қазақтың өзге 
жұрттан сөзі ұзын» дейтіні бар. Сөзден іске көшу керек. Үшіншіден, осы Елбасы көтеріп 
отырған рухани жаңғыру мәселесі елдік сана жолында әрбір қазаққа үлкен сын болғалы 
тұр. Себебі, бұл әрбір қазақтың намысының ісі. Оны жүзеге асыра алмасақ, елдік 
санамызға үлкен сын болмақ. Осы тұрғыдан алып қарағанда, біз ұлттық өркениеттің жаңа 


дәуірінің алдында тұрмыз дегім келеді. Елбасы айқындап беріп отырған тұжырымды 
халық болып іске асыру үшін жұмыла кірісуіміз қажет.
– Сіздіңше, Президент мақаласында айрықша мән берілген «Ұлттық код» деген не? 
– Ұлттық код – ұлттық сананы құрайтын негізгі фактор. Егер белгілі бір мақсат санада 
көрініс таппаса, оған жету қиынға соғады. Мәселен, Тәуелсіздік ұғымын алайықшы. Ол – 
идея. Идеясыз біз бүгіннен бастап тәуелсізбіз деп айтпаймыз ғой. Сол себепті идея 
арқылы санаға серпін береміз. Ұлттық код бұл біздің ішкі рухани жігеріміз, яғни импульс. 
Ұлттық код ана тіліміз арқылы, мәдениетіміздің қайнар бұлақтары арқылы көрініс беріп 
отырады. Ұлттық кодты сақтау – тілді, ұлттық құндылықтарды сақтау деген сөз. 
– Президент мақаласындағы тағы бір жаңалық болған тұжырым – латын әліпбиіне көшу 
туралы. Осы жайлы пікіріңіз қандай?
– Латынға өту – көп ойланып, көп толғанып барып жасалғалы отырған ұлы іс. Қазір 
Қазақстан мемлекет ретінде институттары қалыптасқан, экономикасы дамудың арнасына 
түскен елге айналды. Қазақтың саны елдегі халықтың 70 пайызынан асып жығылды. Енді 
бізде латын әрпіне өтудің толық алғышарттары бар. Кезінде Абай «Дүниенің кілті 
орыстың тілінде, орыстың тілін үйрен» деп еді. Бұл оның әлемдік өркениетке орыс тілі 
арқылы барамыз, ғылымды игереміз деген ойы болатын. Орыстың тілін әлемдік 
өркениетке өтудің көпірі санады. Ол заманда қазақ үшін орыс тілі әлемдік өркениетке 
шығудың мүмкіндігі болғанын жоққа шығара алмаймыз. Бүгінгі күн басқа, заман өзгерді, 
сана өзгерді, ағылшын тілі ақпараттың, ғылымның тіліне айналды. Мұндай жағдайда 
латынға өту арқылы жаңарудың сәті түсті. Латын әрпі бүгін интернет пен технологияның 
тіліне айналып отыр. Сондықтан, біз бұған ұзақ дайындықпен, байыптылықпен келіп 
отырмыз. Бұл – ел болып қолдайтын іс. 
– Әңгімеңізге рахмет.
Қорғанбек АМАНЖОЛ 
https://egemen.kz/article/qazaq-oerkenietininh-zhanha-dauiri


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет