«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет17/73
Дата06.05.2024
өлшемі3.21 Mb.
#500653
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

Тірек сөздер 
Қоғам, құндылықтар, жастар мәдениеті, білім, ғылым, 
өркениет, заман талабы, өмірлік дағдылар 

Сабақтың жүргізілу барысы 
Жазылымға дайындық тапсырмасы. Мәтінді оқып, талдау кестесін толтырыңыз. 
 
Оқылым мәтіні 
Рухани құндылықтардың қазіргі қазақ прозасындағы көрінісі 
Құндылықтарды бағалаудағы қателіктер өтпелі кезеңдерге тап келеді. Бір қоғамдық жүйе 
екіншісімен ауысқанда, мұндай асыра сілтеушіліктер жиі кездеседі. Қазіргі уақытта етек жайып, 
белең алып бара жатқан тағылыққа, жан жадаулығына қарсы қоятын бірден-бір әлеуметтік күш 
руханилық болып табылады. Рухани мәдениет және өркениет бір-біріне сай бола бермеуі де 
мүмкін.
Д. Рамазанның «Жандос» атты әңгімесі – рухани құндылықтардың қазіргі қазақ 
прозасындағы бейнесін ашатын шығарма. Шығарманың басты кейпкері Емелдің бойынан біз 
досына деген сүйіспеншілік, сөзге беріктік, жанашырлық, қайырымдылық секілді нағыз адамға 
тән қасиеттерді байқай аламыз. Жар дегенде жалғыз жолдасының отбасымен жол апатына 
ұшырағанын естіген ол жылдам ауруханаға жүгіріп келсе, досының жүкті әйелі сәбиді дүниеге 
әкеліп, мерт болған екен. Аздан соң жолдасы да бақилық болады. Одан тек ақырғы сапарға 
аттанар алдында аманат еткен жалғыз тұяғы – ұлы ғана қалады. Жан досынан аманат боп қалған 
баланың атын Емел Жандос деп қойған екен. Аманатқа қиянат жасамай, ол нағыз азаматты 
өсіріп шығарады. Бұл шығармада біз басты кейіпкердің жанашырлығы мен қайырымдылығына 
куә бола аламыз. 
Сонымен қатар осы санаттағы шығармалар қатарына Д. Рамазанның «Келіндер» әңгімесін 
де жатқызуға болады. Себебі бұл туынды – қазақы қыз-келіншектердің ата-енелеріне деген 
құрметінің, жұбайларына деген адал махаббаттарының, бауыр еті балаларына деген шексіз 
сүйіспеншіліктерінің айдан айқын көрінісі. Шығарма туған баласы арақтың буына мас болып, 
теріс айналып, қарттар үйінде күн кешіп жатқан енесін алып кетуге келген келін жайлы. 
Күйеуінен жазықсыз айырылып, қайын ағасы мен абысынының қорлығын көріп, кетіп қалған 
шығарманың басты кейіпкері біраз уақыт өткен соң енесінің қарттар үйінде екенін естіп, оны ол 
өз қолына алады, бауырына басады, жанашырлық танытады. Шығармада адамгершілік, 
жанашырлық пен қайырымдылық мәселелері ерекше белең алады. Аталған туынды – қазақ 
балаларының үлкенге деген ізетінің, құрметінің, қиын жағдайға душар болған пендеге деген 
асқан жанашырлығының айқын көрінісі.
Кей шығармалар қазақ азаматтарының бойындағы рухани құндылықты көрсету, оны 
насихаттау суреттелсе, кебір туындылар рухани құндылықтардың аяққа тапталуын суреттейді. 
Құндылықтардың аяққа тапталуы, әсіресе, махаббат тақырыбындағы шығармаларда көп 


кездесетінін аңғармай болмас. Зерттеу жұмысында тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасында 
орны ерекше рухани құндылық – махаббат бейнесі де зерттеу нысанына айналып отыр. 
Ғашықтық сезім мен махаббатың қазіргі қазақ прозасындағы бейнесін айқындайтын 
шығармалардың бірі – Д. Рамазанның «Махаббат мұңы» әңгімесі. Әңгіме екі жастың, Әділбек 
пен Ләззаттың, махаббаты мен болашаққа деген сенімді көзқарастары туралы. Бірақ екі жастың 
«Біз бір-бірімізді сүйеміз, үйленеміз» деген ақ тілектеріне әке-шешенің «принциптері», яғни, 
қыздың отбасының әлеуметтік жағдайы және т.б қарсы шығады. Бұл бір-біріне ес-түссіз ғашық 
екі жанның өліміне әкеліп соқтырады. 
Осы бағытта шығармаларға біз Нұрғали Ораздың «Біз, Ол, «Мерседес» және махаббат» 
әңгімесін жатқыза аламыз. Шығарма ауылға келген қонақ қыз – Бибіажар мен оған ес-түссіз 
ғашық болған кейіпкер бейнесіндегі баяндаушы автор - жігіт туралы жазылған. Келген күннен 
бастап ойын-сауық құрысқан, гитарада ойнап, ән айтысқан бозбала мен бойжеткен арасында
таза, бейкүнә сезім пайда болады. Жаз бойы бұл сезім ұлғайып, мөлдір махаббатқа ұласады. 
Бірақ аз уақыттан соң ауылға, Бибіажардың артынан «Мерседес» мінген қалалық жігіт келеді. 
Мұнан хабардар болған Бибіажар сүйгенін тастап, сол «Мерседес» мінген бозбалаға еріп кетеді. 
Жас жігіттің жауапсыз махаббаты аяқ асты етіліп, өкінішке ұласады. Бұл – «жаңа қазақтар» 
арасындағы махаббат секілді пәк сезімнің статусын айқындайтын бірден бір шығарма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет