Не журналистика кафедрасы



бет3/69
Дата12.12.2023
өлшемі0.98 Mb.
#486228
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ. КЕШЕН

Архитектоника (грек. Агсһііекіопіке - құрылыс өнері)

  1. үйдің құрылымдық жүйесін құрылыс заңдылықтарына сай, жоғары көркемдік дәрежеде жүзеғе асыру және оның нақтылы шешімін табу шеберлігін білдіретін сәулет өнерінің ұғымы;

  2. көркем шығарманы құрастырудың жалпы эстетикалық жоспары, оның бөліктерінің өзара байланысының үйлесімдігі.

Жалпы мәдени туындыларға қатысты да Архитектоника ұғымы, қолданылады. Әр алуан құрылымдық жүйелердің үйлесімділігін арттыру үшін, оның әсемдігі мен функционалдық сәйкестігі біртұтас болуы керек. Архитектоникада құрылымның бас элементтері мен қосалқы бөліктерінің арасындағы икемділікке үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, мәдени туындының сыртқы бітімдерінің безендірілуі, қоршаған ортамен және тұрмыс қажеттіліктермен үйлесімді-құрастырылу қисындығы Архитектоника талаптарына сай келеді.
Аффект (лат. - жан толқынысы) - адам көңіл-күйінің шұғыл өзгеріп, әсерленуі (үрейлену, масаттану, ызалану). Аффект кезінде стрестік жағдайлар туындап, адам өзінің жүйкесін толық бақылай алмайтын ерекше сезімдік кейіпке түседі (оқыс мимикалар, айқайлау, жылау, т.б.). Бұл құбылыс әсіресе балаларда жиі кездеседі (мазасыздану, үрейлену, т.б.). Қуаныш кернеген немесе қайғы-қасіретке душар болған ересек адамның да жан толқынысы Аффект түрінде болуы мүмкін. Аффекттің мәдени жағын алсақ, онда оның тылсымдық не рухани тазарудың (катарсис) функциясын атқаратынын ескерген жөн. Әсіресе өнер шығармаларынан ләззат алу, оны тамашалау кезіндегі Аффекттер адамның көңіл-күйін көтеріп, тұлғааралық ерекше бір ынтымақтастықты тудырады. Аффект феномендері қазіргі бұқаралық мәдениет тұрғысынан да жиі қолданылады (тартымды ету, адамның ішкі дүниесіне жақындау). Кейде Аффект пайда табуды көздеген адамдар үшін тылсымдық инстинктерді қоздыру мақсатында да қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет