Не журналистика кафедрасы


ПӘН БОЙЫНША НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР МЕН ТҮСІНІКТЕР



бет2/69
Дата12.12.2023
өлшемі0.98 Mb.
#486228
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ. КЕШЕН

ПӘН БОЙЫНША НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР МЕН ТҮСІНІКТЕР
(ГЛОССАРИЙ)
Альманах - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. Кезең-кезең сайын шығып тұруы мүмкін.
Анализ - тиісті объектіні жан-жақты талдап көрсететін, ғылыми-логикалық тұрғыдан ой-топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.
Абыз – түркі халықтары тәңірі,сенімінде болғанкөне дәуірдегі бірегей мәдени-әлеуметтік жүйенің өкілі.
Автордың бейнесі - әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасының көрінуі
Авторлық қолжазба – әдеби шығарманың автордың өз қолымен жазылған түпнұсөасы.
Академиялық басылым – Ақын-жазушылардың шығармаларының ғылыми-текстологиялық зерттеу негізінде дайындалып, жарық көрген толық жинағы.
Архетип (грек. Агсһе - бастау, бейне) алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип жалпыадамзаттық рэмізділіктің негізіне, шығарма. Жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени Архетиптер - бұл ілкі мәдени түпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік- рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, қазіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар. Архетип туралы ілімдер К.Юнгтің «Аналитикалық психологиясында», Л.С.Выготскийдің «Мәдени-тарихи теориясында», Дж.Кулидің «Рәміздік интеракционизмінде» және мәдениетті құндылық-рәміздік жүйе мен адамдар тіршілігінің рухани интенциясы деген түсініктерде жан-жақты дамытылды. К.Юнгтің аналитикалық психологиясында Архетип көмескі сананың тылсымдық құрылымдарында «ұжымдық бейсаналық» түпнұсқалар ретінде сақталды. Мәдени тұлғаның рухани-шығармашылық қазынасын қауымдық тылсымдағы Архетиптер құрастырады. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез-құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда «мендік» сезім, этноста ортақ уақыттық-кеңістік өрісі пайда болады. Әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде Архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, Қазақстанда соңғы жылдары, мәдениет пен өнердің әр саласындағы «ұлттық негіздерін жаңғырту идеясы осымен тұстас».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет