Не журналистика кафедрасы


Муссадас – Шығыс әдебиетінде кең тараған әр шумағы алты тармақтан құралатын өлең түрі. Пхэсоль –



бет5/69
Дата12.12.2023
өлшемі0.98 Mb.
#486228
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ. КЕШЕН

Муссадас – Шығыс әдебиетінде кең тараған әр шумағы алты тармақтан құралатын өлең түрі.
Пхэсоль – орта ғасырдағы корей прозасының шағын түрі.
Хокку – жапон поэзиясындағы үш тармақты лирикалық өлең





Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты - білім алушылардың көркемдік-эстетикалық білімін жетілдіру, жаңа теориялық ұғымдармен, категориялармен толықтыру, әдебиет және өнер жайлы ой-пікірлермен, ғылымның тарихымен жан-жақты таныстыру, осылардың негізінде олардың әдеби-эстетикалық, теориялық танымын қалыптастыруға ықпал ету. Әдебиет теориясы пәнін меңгеру арқылы әдеби шығарманың идеялық-көркемдік қасиетін жете түсінеді. - Негізгі тақырыптар: Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы мен эстетиканың даму кезеңдері, өнер түрлері және көркем әдебиеттің ерекшелігі, көркем әдебиет және семиотика, көркемдік уақыт пен кеңістік, өнертегі типтілік мәселесі,шығарма идеясы мен қаламгер дүниетанымының өзара бірлігі, көркем шығарманың мазмұны мен пішіні, композиция мен сюжет, мазмұн мен форма, әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық, әдебиеттанудағы ғылыми мектептер, әдеби бағыттар мен ағымдар, өлең құрылысы.

Міндеттері:

  • әдебиет туралы түсінікті тереңдету, әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі, әлеуметтік идеялық мәні мен эстетикалық табиғатын таныту;

  • әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы мен тарихы, негізгі бағыттары мен мектептері, әдеби үдеріс туралы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін зерделеу;

  • көркем шығарманы талдаудың принциптері мен әдістерін меңгерту, негізгі әдеби категориялар мен ұғымдар бойынша болашақ филологтардың білімін дамыту;

  • ұлттық әдебиеттің даму процесі туралы білімдерін толықтыру, негізгі типологиялық ерекшеліктері мен әдеби ағымдар және әдеби бағыттар туралы түсінік қалыптастыру,

  • болашақ филологтардың кәсіби құзіреттілігі мен дағдыларын қалыптастыру үшін мамандыққа сәйкес ғылыми және көркем әдебиеттерді оқуға ынталандыру;

  • ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, оқу әдебиеті және ғылыми дереккөздерді іріктеу, пайдалану, сілтеме жасау т.б. мәселелерді меңгерту;

шығармашылық лаборатория, суреткерлік шеберлік, шығармашылық үдеріс т.б. көркем шығармаға әеерін зерделеу;

«Әдебиет теориясы» пәні бойынша қалыптасатын құзыреттіліктер


Студенттер ұлттық және әлем әдебиеттануының қалыптасу, даму тарихын, әдебиеттанудың негізгі ұғымдары және терминдерін оқып біледі. Әдебиет теориясының ғылым ретіндегі мәні, өзге ғылымдармен байланысын, олардың зерттейтін салалары мен түрлерін, жалпы әдебиет теориясының негізгі проблемаларын түсінеді. Әдебиеттанудың зерттеу әдіс-тәсілдерімен танысып, көркем туындыны талдауда, зерттеу жұмыстарында қолданады. Әдебиет теориясынан алған білімдерін әдебиеттанудың өзіндік зерттеу нысанасын, зерттеу салаларын, олардың ерекшеліктерін, негізгі теориялық ұғым-түсініктерін өз ана тілімізде бере отырып, жалпы әлем әдебиетінің, адамзат баласы көркем сөз өнерінің шығып, қалыптасуы, дамуы тұрғысынан талдайды. Қазіргі заман әдебиеттануының өзекті мәселелерімен, басты бағыттарымен, негізгі салаларымен танысып, олардың зерттеу нысаналары мен проблемаларынан қарастырып, алған білімдерін жинақтайды. Әдебиет теориясы бойынша алған теориялық білімі негізінде ұлттық әдебиеттану ғылымының даму арналары мен сөз өнерінің өзіндік сипат-қасиеттерін, ұлттық тарихи-әдеби процестің ерекшеліктерін бағалайды.
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер:Көркем сөздің теориялық сипатын, әлемдік және ұлттық әдебиеттану ғылымының теориялық мәселелері мен ұлттық әдебиеттанудың өзекті мәселелерін оқып, білу; әдебиеттану ғылымының негізгі жҽне қосалқы салаларын, әдебиет тарихы дамуының негізгі кезеңдерін, олардың адамзат тарихы және халық мәдениеті тарихымен арақатынасын, әдеби ағымдардың, бағыттардың, зерттеудің қағидаттарын меңгеру; қазақ әдебиетінің ұлттық ерекшеліктерін, әлемдік әдеби даму үдерісін, әлемдік әдебиеттану ғылымындағы қалыптасқан терминологиялық түсініктерді пайымдай білу; сөз өнерінің табиғаты мен көркем шығарманың теориялық талдауларын оқып меңгеру.



Пәннің пререквизиттері:«Әдебиетануғ кіріспе», «Қазақ әдебиетінің тарихы»
Постреквизиттер: «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті», «Түркітануға кіріспе»




І. Пәннің технологиялық картасы





А
П
Т
А

Тақырып атауы

Сағат
саны

Сабақ түрі

Қолданылатын педагогикалық технологиялар (платформалар сілтемесі)

Бақылау түрі

Әдебиет

Модуль №1 Сөз өнері ғылымының дамуы және қалыптасуы

1

Дәріс 1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет