Блиц-тест.
Күлімсіреп аспан түр
Жерге ойлантып әр нені
Бір себепсіз қайғы құр
Баса ма екен пендені?
Қапамын мен, қапамын
Қуаныш жоқ көңілде
Қайғырамын, жатамын
Нені іздеймін өмірде?
Өлеңнің жанрын белгіле.
А) Сонет.В) Элегия; С) Романс; Д) Табиғат лирикасы; Е) Ода;
Хайуанаттар немесе заттар туралы сатиралық сипаттағы өлең қалай аталады? А) Мысал; В) Мемуар.С) Очерк; Д) Ертегі; Е) Роман;
Ш.Уәлиханов қазақ әдебиетінің қай жанрын зерттеді?
А) өлең; В) айтыс; С) лирика; Д) дастан.Е) поэма; ,
Новелла-эпиканың қай түрі?
А) шағын көлемді эпика; В) орта көлемді эпика; С) тар көлемді эпика.Д) кең көлемді эпика; Е) лирикалық эпика;
Өмір шындығьш көтеріңкі көңіл, салтанатты сарынмен толғайтьш лирикалық жанр үлгісі
А) Ода; В) Идиллия; С) Толғау; Д) Сонет.Е) Элегия;
«Бойда қайрат,ойда көз,
Болмаған соң айтпа сөз.. .»-дегенде толғаудың қай түрі қолданылған?
А) налыс толғау; В) марқайыс толғау; С) сап толғау; Д) налыс толғау. Е) сұқтаныс толғау;
Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиет түрі:
А) Айтыс; В) Ертегі;С) Мысал; Д) Тұрмыс-салт жыры. Е) Наурыз жыры;
Жүрегім менің қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтіп аман қалсын сау
Қайтқаннан соң әрнеден 4
Өлеңдегі ой көңіл-күй сарыны тұрғысынан лириканың қай жанрына жатады?
А) Элегия В) Толғау С) Сюжет Д) Арнау Е) Баллада
Күлімсіреп аспан түр,
Жерге ойлантып әр нені.
Бір себепсіз қайғы құр
Баса ма екен пендені?
Қапамын мен, қапамын,
Қуаныш жоқ көңілде.
Қайғырамын, жатамын,
Нені іздеймін өмірде?
Өлең лирикалық поэзияның қай түріне (жанрына) жатады:
А) Ода. В) Элегия. С) Романс. Д) Сонет. Е) Табиғат лирикасы.
10.Көркем шығарманың тарихи қалыптасып, даму үстінде болатын типін көрсетіңіз. 1
А) әдеби шығармаВ) әдеби ағым С) әдеби үрдіс Д) әдеби бағыт Е)әдеби жанр
Әдебиеттер:
Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы, 1992.
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1959.
Әдебиттану терминдер сөздігі. - Алматы, 1996.
Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. - Алматы, 1973.
Абрамович Г. Введение в литературоведение. - Москва, 1976.
Головенченко Ф.М. Введение в литературоведение. -М., 1976.
№7 практикалық сабақ тақырыбы: Драмалық шығарма ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымьшың үшінші саласы драма тегінің жанрлық ерекшелігі мен оның басты арналары - трагедия мен комедияның теориялық негіздеріне тоқталу.
Сабақтың жоспары:
Драма тегінің табиғаты
Драма жанрының түрлері
Бақылау сұрақтары:
Драма дегеніміз не?
Драманың табиғаты қандай?
Драма тегінің эпос пен лирика жанрынан айырмашылығы не?
Драманың қандай түрлері бар?
Глоссарий:
Драма (грекше - қимыл, әрекет) - эдебиеттің үшінші тегі, шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдына қолма-қол көрсететін күрделі жанр - «әдебиеттің ең қиын түрі» (Горький).
трагедия (грекше - текенің әні) - құдіретгі күш иесі, ғаламат қайсар, ақиық ер де өр тұлгалардың жаратылыстағы, жалпы өмір-тіршіліктегі адам жеңіп болмас асыңқы, асқақ кедергілермен кескілесіне, оның жан дүниесіндегі терең тебіреністерге, өзімен-озінің іштей арпалыстарына құрылган күрделі сахналық шығарма.
комедия (грекше - күлкілі, қызық ән) - өмірдегі келеңсіз, керексіз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, оспадарлықты, мінездеғі мінді сықақпен сынап, келекеге айналдыратьш күлкілі пьеса.
Блиц-тест.
Трагедия жанрының тууына ежелгі гректердің кім жайлы аңызы негіз болған?
А) Дионис жайлы В) Прометей хақьшдағы С) Апполон жайлы Д) Зевс жөніндегі Е) Нептун туралы
Ғ.Мүсірепов жазған драмалық шығарма:
А) Ақан сері-Ақтоқты, В) Ұлан асу, С) Абылай хан, Д) Сылаң қыз, Е) Қарагөз,
Классицизм өнеріндегі жетекші жанр:
А) Трагедия В) Арнау С) Комедия Д) Сатира Е) Мысал
Аристотель «Поэзия өнері туралы» атты еңбегінде қандай жанрдың айрықша жоғары бағалаған?
А) Трагедия В) Сатира С) Драма Д) Эпопея Е) Комедия
Классицизм эстетикасы бойьшша қандай жанрлар төменгі саналды?
А) Комедия, сатира В) Трагедия, ода С) Сонет, арнау Д) Эпопея, элегия Е) Поэма, роман
Белинскийдің «Өз Отанының тағдырына жаны аши қарап, оның үмітін бөлісіп, дертімён ауыратын жан» деген пікірі кім туралы?
А) Халықтық қаламгер жайлы В) Әдеби мектеп жетекшісі хақында С) Сыншы туралы Д) Қоғам қайраткері жөнінде Е) Мемлекет басшысы
Көркем бейнені тікелей қимыл-эрекет үстінде бейнелейтін шығарма үлгісінің бірі
А) Әңгіме В) Баллада С) Повесть Д) Роман Е) Комедия
Отеллоның кейіпкер ретіндегі сипаты:
А) Трагедиялық В) Геройлық. С) Комедиялық. Д) Сатиралық. Е) Юморлық.
«Комедия жанрының атасы» атанған көне грек драматургі.
А) АристофанВ) Софокл С) Эсхил Д) Эврипид Е) Гомер .
Әдеби тек тарапьшан бөлінгендегі образ түрі:
А) юморлық, В) романтикалық,С) сатиралық образ. Д) фантастикалық Е) драмалық,
Әдебиеттер:
Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Санат, 2002.
Әдебиеттану терминдер сөздігі. - Алматы: Ана тілі, 1998.
Базарбаев М. Өлең - сөздің патшасы. - Алматы, 1996.
№8практикалық сабақ тақырыбы: Жанр ұғымы, жанр теориясының даму жайы
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымдағы жанр, оның теориясының даму жайындағы мәселелрді топтастыра отырьш, мағлүмат беру.
Достарыңызбен бөлісу: |