Сабақтың жоспары:
Әдеби жанр
Әдеби шығарманың түрлері
Дәстүр мен жаңашылдық мәселесі турасьшда
Әдеби проңесс жэне оньщ жанрға әсері ‘
Бақылау сұрақтары:
Жанр дегеніміз не?
Әдебиетте қандай тектер жэне оньщ жанрлары бар? Рет-ретімен жаз.
Глоссарий:
Эпос - көркем әдебиеттің байырғы негізгі тектерінің бірі. Дәлірек айтқанда, өмір шындығын
мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.
Миф - табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял-ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян.
Шағын көлемді эпикалық жанрға тән жанрлық түрлердің бірі - ертегі. Ертегі - адам өміріндегі немесе хайуанат дүниесінде болуға лайық, әралуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая.
Мысал - эпостық шығармалардьщ ішіндегі ең қысқа түрі.
Новелла - көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, қейде өлеңмен жазылады.
Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағьш көлемді көркем шығарма.
Фельетон - эпостың шағын түріне жататьш очерк секілді аральщ жанрдьщ бірі.
Повесть - орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі
Поэма - орта көлемді эпостың повестен басқа тағы бір түрі.
Роман - сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт пен кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.
Проза - қазақ әдебиетінде кешеңдей туған, бірақ орасан, шапшаң дамыған сала.
Әдеби процесс - адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтарының толығуының тарихы.
Әдеби процесс - эстетика мен әдебиеттанудың, өнердің теориясы мен тарихының, сондай-ақ поэтикасының ортақ көркемдік категориясы. Ғаламда бәрі өзгереді, қозғалысқа түседі. Әдеби процес - көркемдік дүниенің қозғалысы мен дамуьш зерттейтін методологиялық әдіс.
Дәстүр мен жаңашылдық - әдеби процеске тән жалғастықты, жазу творчествосындағы халықтық үлгілер мен өзіндік соны сипат-қасиеттердің бірлігін танытатьш ұғым, қалыптасып, сұрыпталған көзқарас, түсініктер, көркемдік үлгі-өрнектер, тәсілдер жатады.
Өнердегі жаңашылдық деп тың тақырыпты бұрын қолданылмаған әдіспен көркем тіл арқылы суреттеуді, соны мәселеге батыл шешім табуды, шығармалар жасауды айтамыз. Жаңашылдық - әрқашан асқан творчестволық ізденістің нәтижесі, ол өнер өрісін кеңейте түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |