Не педагогика факультеті



Pdf көрінісі
бет3/89
Дата25.02.2024
өлшемі2.07 Mb.
#493148
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Логопедиялық технология лекция

Негізгі әдебиеттер : 
Волкова Г.А. Логопедиялық ритмика. 
Власова И.А. Физиология қозғалысының очеркі. 
Волкова Г.А. Тұтығушы оқушылардың логоритмикалық тәрбиенің мазмұны. 
Волкова Г.А. Балалардың сөйлеуінің бұзылу әдісі. 
Дзерджинская И.Л. Бастауыш оқушылардың музыкалық тәрбиесі. 
Логопедиялық гимнастика өткізу технологиясы 
1. 
Логопедиялық түзету жұмыстарындағы гимнастиканың ролі. 
2. 
Гимнастика өткізудің әдістемелік көрсеткіші. 
1.Логопедиялық түзету жұмыстарындағы гимнастиканың ролі. Арнайы әдебиеттерде 
дыбыс айту кемшіліктерін түзетудедегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. 
Мысалы, Ф.Ф.Рау екі кезеңге бөлсе, О.В.Правдина, О.В.Токарева үш, ал М.Е.Хветцев төрт кезеңге 
бөлді. Кезең саны әртүрлі болғанымен негізгі мақсаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету 
жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді: 

Дайындық кезеңі 

Дыбысты қою кезеңі 

Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі 



Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі 
Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ – 1-нің аяқталуы 2-нің басталуына ұласып 
кетеді. Дайындық кезең. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: баланың түзету жұмысына ынталандыру, 
саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы 
логопедиялық міндеттерге артикуляциялық дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату 
жатады. Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар 
қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға 
бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу 
әртүрлі атпен аталады. Мысалы: 

«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. «Инеше» -
ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет