Не саясаттану факультеті


Өзін өзі бақылау сұрақтары



бет21/23
Дата15.02.2023
өлшемі95.2 Kb.
#469599
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
конспект лекции

Өзін өзі бақылау сұрақтары

  1. Денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағыты.

  2. Денсаулық және қоғам (тарихи перспективада).

  3. Халықаралық перспективадағы денсаулық сақтау.

  4. Әлеуметтік маңызды аурулар.

  5. Әлеуметтік шеттелу.

  6. Денсаулық сақтаудың экономикалық және әлеуметтік аспектілері.

  7. Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі. Ғылыми медицина. Халықтың қартаюы.

  8. Физикалық денсаулықтың әлеуметтік эпидемиологиясы

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Джордж Ритцер, Джеффри Степницкий. Әлеуметтану теориясы. Астана. «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ. 2018. -856 б.
2.Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 2011.192.б.
3. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы , 2014.
4. Масионис Дж. Социология.СПб.: Питер. 2014
5. Смелзер Н. Социология. М. 2016
6.Гидденс Э. «Ускользающий мир. Как глобализация меняет нашу жизнь». –М,. 2009.
7. Уваров П. Ю. Фундаменталистские заметки о социальной истории // В поисках истины. М., 2013. C. 136–158.
8. Константиновский Д., Вахштайн В, Куракин Д. «Реальность образования и исследовательские реальности». М., 2014. - 320 с.


Дәріс14. Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар

Дәрістің мақсаты: студенттерге Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар мәселелерін түсіндіру. Оларға әлеуметтік зерттеулердің мәнін түсіндіру.
Міндеттері

  1. Қоғамдағы урбанизация үрдісі мен миграцияның өзара байланысы.

  2. Индустриализация мен урбанизацияның әсерімен отбасылық құндылықтардың девальвациясы.

  3. Әлеуметтік мобильділік және халықтың урбандалуы.

  4. Урбанизацияның қазіргі типтері



Негізгі терминдер: Субурбанизация. Миграция. Жаһандық урбанизация. Ауылдық жердегі өмір. Жаңғыру және урбанизация.

Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.


Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет