Не спорт факультеті



бет97/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

КҚДД-ң міндеттері. КҚДД бейім өндіруге икемділік, адамды еңбекке ғана дайындап қоймайды, таңдаған еңбек қызметі кәсібінің түріне бейімдейді. Сондықтан, оның міндеттерін спецификалық деп атауға болады және оның бағыттылығы нақтылы кәсіптің талаптарымен анықталады.
Сонымен бірге, КҚДД процесінде спецификалық жаттығу тиімділігімен қатар белгілі дәрежеде ең басты үйлесімділік тиімділігі қамтамасыз етілетіндігін атап өткен жөн. Мұнымен қатар ағзаның жалпы нығаюы және адам денсаулығы жүреді, оның жан-жақты дене дамуы деңгейі артады.
Дене сапаларын жан-жақты тәрбиелеу және қозғалыс біліктілігі мен дағдыларының қорын жүйелі байыту кез келген қызметтің, оның ішінде кәсіптік қызметтің өнімділігінің алғы жалпы шарттарының кепілі болады.
КҚДД міндеттерін талдап келесі бейнеде тұжырымдауға болады:

  • таңдап алған кәсіби қызмет үшін өзгеше болатын дене сапаларының бағытты дамуы;

  • осы қызмет түрінің психикалық сапасы үшін кәсіби маңызды тәрбие (ерік-жігер, жедел ойлау, назар салу сапасы, сезім тұрақтылығы, қабылдау шапшаңдығы және т.б.);

  • кәсіби-қолданбалы біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру (болашақ еңбек қызметінің оның ішінде, сенсорлық, яғни сезіммен дағдыларының ерекше сыртқы жағдайлармен байланысты);

  • еңбек қызметіндегі спецификалық қозғаушы күштердің қолайсыз әсер етуіне ағзаның қызметтік төзімділігін арттыру (гипокинезия, жоғары және төмен температура, қоршаған орта температурасының төмен құлауы, үлкен биіктікте тұру, шайқалу, уландырғыш заттардың әсері және т.б.);

  • КҚДД-ң оқытып, үйрететін практикалық тарауын табысты меңгеру үшін арнайы білімді хабарлау және алған біліктілікті, дағдылар мен сапаны еңбек қызметінде қолдану.

Жоғарыда аталған педагогикалық міндеттер оқытылып, үйретілетін кәсіби мамандық ерекшеліктері ескеріліп нақтыланған болуы тиіс.
КҚДД-ң көрсетілген міндеттерінің барлығы бірдей алдын-ала қарастырала бермейді, өйткені бұл кәсіби мамандықтың нақтылы спецификасымен анықталады. Міндетті орындау қажетті кәсіби қолданбалы дене дайындығы деңгейін қаматамасыз етуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет