Не спорт факультеті


Әскери-қолданбалы дене дайындығының (КҚДД) құралдары



бет99/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

Әскери-қолданбалы дене дайындығының (КҚДД) құралдары. КҚДД-ң негізгі құралдарына дене жаттығулары, нақтылы кәсіби қызметтің сәйкес ерекшеліктері жатады. Мақсатты бағытта пайдаланылатын дене жаттығулары (еңбекке бейімделу факторы ретінде) еңбек қозғалысымен салыстырғанда елеулі басымдығы бар.
КҚДД-ң құралдары мен әдістерін іріктеуге іс жүзінде шек қойылмайды, яғни үлесімді жүктемемен пайдалануға, шұғылданушылардың жекелеген ерекшеліктері ескеріліп мөлшерлеуге мүмкіндік туғызып және еңбекке қарағанда үлкен жаттығу әсерін алады.
КҚДД-ң құралдары топтар бойынша олардың бағыттылығымен былай таратылады:

  1. кәсіби маңызды дене қабілеттерін дамыту;

  2. ерік-жігер және басқа психикалық сапаларын тәрбиелеу;

  3. кәсіби-қолданбалы біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру;

  4. сыртқы ортаның қолайсыз әсеріне ағзаның төзімділігін арттыру.

КҚДД-ң құралы ретінде іс-тәжірибеде кәсіби-қолданбалы гимнастика жаттығулары кең қолданылады (затпен және затсыз, гимнастикалық қабырғада, орындықта, сатыда, арқанда, бөренеде және т.б.) орындалатын жаттығулар және жеңіл атлетика, шаңғы спорты, суға жүзу, спорт ойындары және т.б. сияқты жалпы көпшілік спорт түрлері, туризм, әртүрлі тренажерлардағы және тренажер қондырғыларындағы арнайы жаттығулар, мамандандырылған кедергілер алабы және т.б. Іс-тәжірибеде КҚДД жалпы көпшілік спорт түрлері құралы ретінде олардың орындай алу мүмкіндігімен және жоғары қолданбалы әсерлілігімен тәуелді. Оларды таңдау кезінде нақтылы кәсіби мамандық үшін спорт түрінің кәсіби-қолданбалы мәні ескеріледі.
Кәсіби-қолданбалы дене дайындығының шұғылдану формалары. Арнайы орта және жоғары оқу орындарында келесі формалары басымдылықпен қоланылады:
1/ академиялық оқу сабақтары (кешенді және мамандандырылған). Кешенді оқу сабақтарына мыналар кіреді: 1/ ЖДЖ (жалпы дамыту жаттығулары) құралдары мен кәсіби-қолданбалы дене дайындығы; 2/ Тек КҚДД және оның әртүрлі бөліктерінің құралдары. Мамандандырылған сабақтардың өте тар, іріктелетін бағыты болады (қолданбалы әрекеттерді үйрету, жекелеген сапаларын жетілдіру). Мұндай сабақтардың бір бағыттылығын жекелеген қызметтік жүйелерге олардың дамуында өте үлкен әсер алатындай елеулі әсер етуін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.
2/ оқу практикасы кезеңіндегі сабақ (студенттердің, кәсіби білім беретін коледж оқушылары);
3/ спорттық қолданбалы жарыстар. Спорттық қолданбалы жарыстардың жоғары әсерлілігі (әсіресе көп сайыстан) олардың максимальды психикалық дене дайындығымен байланысты, яғни қолданбалы біліктілік пен дағдыларын жетілдіру мүмкіндігімен және оларды кәсіби қызметте әдеттегі жағдайларына жақын экстремальдық жағдайларда оларды тексеру.
Жарыс сабағы бірқатар жағдайларда білімі бір еңбектің сипатына тән (мысалы, өрт сөндірушілердің өрт сөндіру-қолданбалы спорт түрлерінде), бірақ кәсіби қызметтің ерекше сыртқы жағдайын талап ететін әрекеттерді құрауы мүмкін.
4/ оқытушының тапсырмасы бойынша өзбетінше жаттығу сабақтары. Қосымша арнайы таңертеңгілік қыздырыну қолданылады (жекелеген қолданбалы жаттығуларды қолданып). Бұған белгіленген бағытпен оқу тапсырмаларын орындаумен туристік жорықтар, шаңғымен асудан өту, жалпы көпшілікпен жүзу жарысы, ұзаққа қайықпен саяхаттау және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет