Кәсіби-қолданбалы дене дайындығын жоспарлау. Арнайы орта және жоғары оқу орындарында КҚДД-ы жоспарлау, оның міндеттерін шешу есепке алынып оқу жылының аяқталу мерзімінде емес, өндірістік практика басталар алдында жүргізіледі. Бұл уақытқа дейін қажетті кәсіби-қолданбалы дене дайындығымен қамтамасыз ету қажет; оқушылардың қуат жұмсау бойынша қозғалыс режімі және басқа көрсеткіштері өндірістік қызметке сәйкес келуі тиіс.
Бұл талаптар сақталмаған жағдайда оқушыларда практика кезінде кәсіби мамандығын меңгеруге қолайсыздық жасайтын елеулі шаршау және жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі байқалады. Бұдан да басқа КҚДД курсынан өту әртүрлі экстрамальды жағдаймен байланысты еңбек қауіпсіздігін арттырады.
Кемеліне келген адамдармен өткізілетін КҚДД сабағы (40 жастан асқан) нормаға сәйкес жаттығу сипатында болуы тиіс. Олардың мазмұнын анықтау кезінде дене сапаларының жасына қарай төмендеуін қоса есептегенде ағзаның жас ерекшелігіне қарай өзгеруін ескеру қажет.
Кәсіби-қолданбалы дене дайындығын педагогикалық бақылау. Арнайы дене дайындығын тексеру және бағалау қолданбалы дене дайындығын іске асырудың міндетті жағдайы болып табылады. Оның алғашқы басталар сатысында оқып, үйренетін кәсіби маңызды сапалары мен дағдыларының дамуының бастапқы деңгейі алынады. Анықталған мәліметтер есепке алынып жоспарлау құжаттары өңделіп дайындалады, шағын топтар жасақтайды, төменгі көрсеткіштері бар адамдарға жеке тапсырма белгілейді.
Одан әрі дене дайындығын жүйелі тексеру және бағалау қойылған міндетті тиімді шешу туралы дұрыс мәлімет беруі тиіс.
КҚДД-ң міндеттерін үйлесімді шешудің өлшем белгісі (критериі) белгілі бір еңбек қозғалысы әрекетіне үйретуге кететін уақыт шығыны қызметін атқаруы және оларды сапалы меңгеруі немесе кәсіби жұмыс қабілеттілігі көрсеткіші болуы мүмкін. Іс жүзінде белгіленген көрсеткіштермен өзара байланыстылықтың (корреляция) жоғары дәрежесі ескеріліп белгіленіп арнайы нормативтерді орындауға бейімделеді.
КҚДД бойынша мөлшерлері (нормативтер) мен талаптар жүйесі кәсіби мамандығы спецификасына байланысты қозғалыс тапсырмалары түрінде бақылау жаттығулары сияқты және арнайы қызметтік сынақ түрінде ендіріледі.
Бақылау жаттығулары түрінде кәсіби маңызды қабілет көрсететін және бәрінен бұрын кәсіби сапалар құрылымындағы басты жаттығулары қолданылады. Кейбір қызметтік үлгілердің жәрдемімен психофизиологиялық қызметінің және бірқатар сыртқы ортаның қолайсыз қозғаушы күштерінің әсеріне ағзаның төзімділігінің даму дәрежесін анықтауы мүмкін.
Педагогикалық бақылау мәліметтері негізінде қажетті жағдайда КҚДД-ң мазмұны мен әдістемесіне сәйкес келетін түзетулер ендіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |