Не спорт факультеті


Сауықтыру дене мәдениетінің мазмұндық негіздері



бет102/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

Сауықтыру дене мәдениетінің мазмұндық негіздері. Сауықтыру дене мәдениеті жүйесі келесі бағыттарға бөлінеді: сауықтыру-рекреациялық, сауықтыру-реаблитациялық, спорттық-реаблитациялық, гигиеналық.
Сауықтыру-рекреациялық дене мәдениеті – бұл дене тәрбиесі құралдарының көмегімен демалу, күшті қалпына келтіру (дене жаттығуларымен шұғылдану, қозғалыс-қимыл және спорт ойындары, туризм, аң аулау, денешынықтыру-спорттық көңіл көтеру). Рекреация термині (латынның рекрацио) демалыс, адамның еңбек процесінде, жаттығу сабақтарында немесе жарыста күшін қайта қалпына келтіру сөзі деген ұғымды береді.
Дене мәдениеті аясында бұл терминнің спецификалық мәнін егжей-тегжейлі баяндау үшін “дене рекреациясы” деп жиі айтылады.
Қазіргі қоғамда дене рекреациясының негізгі қызметіне мыналар кіреді:

  • әлеуметтік-генетикалық (әлеуметтік-тарихи тәжірибені меңгеру механизмі);

  • шығармашылық-атрибуттық (даму және жетілдіруде оны қарауға мүмкіндік береді);

  • жүйелік-қызметтік (нақтылы әлеуметтік жүйе қызметі ретінде дене рекреациясын анықтайтын);

  • аксиологиялық (бағалау-бағдарлық);

  • коммуникативтік (адамдардың формальды емес қатынаста болуының маңызды құралы).

Дене рекреациясының негізгі түрлеріне туризм (жаяу, су көліктерімен, велосипедпен), жаяу және шаңғымен серуендеу, суға шомылу, мүмкіндігінше жаппай көпшілік ойындары: волейбол, теннис, городки, бадминтон, балық аулау, аңшылық және т.б.
Шұғылданушылардың санына қарай рекреациялық сабақ жеке және топпен жүргізілуі мүмкін (от басымен, ықыласы бір топпен және т.б.).
Сауықтыру-реаблитациялық дене мәдениеті- бұл дене жаттығуларын ауруларды емдеу және ауру, жарақат, шаршап шалдығу және басқа себептердің салдарынан жоғалтқан немесе бұзылған ағза қызметін қалпына келтіру құралы ретінде арнайы бағытты пайдалану.
Осы мақсатпен қозғалыс және қозғалыс режімдерінің жекелеген түрлерін қолдану тарихи мәліметтер бойынша ежелгі дәуір медицинасында және қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінде емдеу дене мәдениеті түрінде басымырақ берік енген.
Дене жаттығуларының жәрдемімен емдеу туралы жалпы мағлұмат ағзаның сауығуы, қан айналымының жақсаруын қамтамасыз етумен және ауру, сол сияқты сау ұлпаларды оттегімен жабдықтау, бұлшық ет тонусының артуымен, май қорларының қысқаруымен және т.б. негізделеді.
Адамдардың жас градациясына (бірден бірге сатылау) байланысты қалпына келу бір жағдайда ағзаның қызметімен жүйесінің қалыпқа келуі есебінен, басқа жағынан-компенсаторлық реакциялардың басымырақ дамуы есебінен жүреді.
Сауықтыру-реаблитациялық дене мәдениетінде жекелендіру және жүктемені біртіндеп арттыру принципі сияқты әдістемелік принциптердің рөлі елулі артады.
Біздің елімізде сауықтыру-реаблитациялық бағыт негізінен үш формада ұсынылады:
1/ диспансерлер, ауруханалар жанындағы ЕДМ (емдеу дене мәдениеті) топтары;
2/ дене мәдениеті ұжымдарындағы, денешынықтыру спорт базаларындағы және т.б. сауықтыру топтары;
3/ өз беттерінше шұғылдану.
ЕДМ топтарындағы жұмыстың спецификасы “Емдеу дене мәдениеті” (ЕДМ) пәнінің сәйкес тарауында мазмұндалады. ЕДМ ауқымында емдеу гимнастикасы, мөлшерленген (дозированный) жүру, жүгіру, шаңғымен серуендеу және т.б. кең қолданылады. Қозғалыс режімдері белгіленген (денсаулығын сақтау, сергіту, жаттықтыру), шұғылданудың ұйымдастыру-әдістемелік формасы дайындалған (сабақтың, жеке, топпен).
Денсаулық жағдайында күрделі ауытқушылығы жоқ және аурудың спецификасына сәйкес арнайы бағытталған сипаттағы сауықтыру топтарындағы сабақ жеке тұлға үшін жалпы сауықтыру сипатында болады.
Сабақтың негізгі құралдары жаттығу жүктемесі жеңіл мөлшерленетін негізінен гимнастика, суға жүзу, жеңіл атлетика болып табылады. Ең жақсы сауықтыру және сергіту әсерлілігі әртүрлі жаттығуларды кешенді пайдалану кезінде артады.
Сабақ арнайы жасалынған бағдарлама бойынша әдіскердің басшылығымен және дәрігерлердің бақылауында өткізіледі.
Реабилатациялық түрдегі жеке сабақ жалпы білім беру, сонымен бірге ағзаның аса нашар қызметі мен жүйелерін нығайтуға арнайы бағытталған сипатта жүргізіледі. Мысалы, жүрек қан -тамыры және тыныс алу жүйесіндегі қызметтік ақауда аэробты сипаттағы дене жаттығуларын мақсатқа лайықты кең қолданған дұрыс.
Өз бетінше медициналық бақылаусыз шұғылдануда максимальды ЖСЖ жүктеме беру кезінде 50 жастан төменгілерге минутына 130 реттен, ал 50 жастан жоғары жастағыларға минутына 120 реттен аспауы тиіс.
Сауықтыру-реаблитациялық дене мәдениеті ғылыми еңбекті ұйымдастыру жүйесінде де маңызды рөль атқарады. Денешынықтыру-сауықтыру орталықтарында сақтандыру шараларын өткізу өндірістегі және қазіргі өмір жағдайындағы дене және психикалық аса күштенудің салдарынан туындайтын стрестік кұбылыстар мен қолайсыз зардап шегулерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Сақтандыру шараларының кешеніне жұмыс күні режімінде және жұмыс күнінен кейінгі әртүрлі қалпына келтіру жаттығулары, массаж, монша, психологиялық реттеуші және т.б. құралдары кіреді.
Спортшыны дайындау жүйесінде спорттық-реаблитациялық дене мәдениеті үлкен рөль ойнайды. Ол ұзақ уақыт барын салып жаттығу кезеңі және жарыстық жүктемеден кейінгі, әсіресе артық жаттығуда және спорттық жарақат салдарын жоюда ағзаның қызметтік қалпына келуіне және бейімделу мүмкіндігіне бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет