Не спорт факультеті


Әскери-қолданбалы дене дайындығын құру және оның әдістемелік негіздері



бет98/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

Әскери-қолданбалы дене дайындығын құру және оның әдістемелік негіздері. КҚДД жалпы дене дайындығымен бірлікте және соның негізінде құрылады. Жалпы дене дайындығының мазмұны оқу орындарында дене тәрбиесінен мемлекеттік бағдарламамен анықталған. Кәсіби қызметтің дене мәдениеті оптимизациясының технологиясын және нақтылы әдістемені құру үшін барынша ақпаратты және маңызды келесі көрсеткіштер болып табылады (Полянскии В.П., 1999ж):

  • әдеттегі еңбек әрекеті, операциясы;

  • әдеттегі қателер;

  • негізгі және көмекші жұмысшы қозғалысы, жұмысшы қалпы;

  • қозғалыс белсенділігі, дене жүктемесі және оның бағыттылығы;

  • психикалық және психикалық дене жүктемесі;

  • климаттық, метеорологиялық және базалық гигиеналық өндірістік жағдай;

  • басты кәсіптік маңызы бар дене сапалары, қозғалыс біліктілігі және дағдылары;

  • басты кәсіби маңызы бар психикалық дене қызметі;

  • басты кәсіби маңызы бар психикалық сапалары мен қабілеттері, іскерлік және басқа жеке тұлғалық қасиеттері.

КҚДД-ға уақыттың сағатпен жұмсалуы, кәсіптік талаптың көлемі мен күрделілігіне байланысты болады.
КҚДД-ң принциптік ерекшелігі оқыту және тәрбиелеу процесінде таңдап алған кәсіби қызметі үшін тікелей қолданбалы нәтижелерге жетуге бағытталуымен қорытындыланады. Мұндай бағыттылық КҚДД-ң спецификалық мазмҒны мен әдістемесінде нақтылы көрініс табады.
КҚДД-ң спецификалық мазмұны мен әдістерін ғылыми негіздеу адам ағзасының бейімделуі туралы және жаттыққандықты тасымалдау ілімдерінің бағытынан берілуі мүмкін.
Адамға еңбектің әсер етуі, оның ағзасында белгілі бір бейімделгіштік өзгерісін туғызады, яғни бейімделу процесі мамандандырылған сипат алады. Қорытындысында КҚДД-ң құралдары мен әдістерін қатаң тепе-тең, оның әсері адам ағзасының нақтылы еңбек түріне оның әсері бейімделуінің табиғи жолы бағытында жүруі талап етіледі. Сондықтан, КҚДД-ң құралы сапасында жаттығудың тиімділігін барынша немесе тікелей тасымалдайтынын таңдау қажет.
Атап айтқанда, қалыптасқан біліктілік пен дағдыларды және дамыған психикалық және дене сапаларын еңбек қызметіне дұрыс тасымалдау дәрежесімен соңғы есепте КҚДД-ң практикалық тиімділігі анықталады.
Еңбек спецификасынан тыс ұйымдастырылған дене дайындығы кәсіпті меңгеруге кей жағдайда кәсіби маңызды сапалар мен дағдыларын қалыптастыруды кері тасымалдау бағытында қиындатады, мүмкіндік туғызбайды. Кейде кәсіп талабына қолдануға болатын арнайы дене дайындығының қажеттілігін негіздеу үшін бұл ақиқатты есепке алудың практика жүзінде маңызы зор.
Сонымен бірге, спецификаға жатпайтын бейімделудің компонентінің маңызды мәнін ерекше атап өткен жөн. Зерттеу көрсеткендей ағзаның қызметтік тұрақтылығы экстремальды қызмет және сыртқы орта жағдайындағы адамның жұмыс қабілеттілігі бәрінен бұрын дене қызмет жүйелерінің жалпы жағдайымен және оның қорымен анықталады. Ағзаның бейімделу қабілеттілігінің артуындағы жоғары нәтижелер оның физиологиялық қорлары аэробты жаттығулармен, кейде үлкен қуатты циклдік бұлшық ет жұмысымен қамтамасыз етіледі.
Дене сапаларын және ілесетін қабілеттерін, ағза органдарымен жүйелерінің қызметтерін, яғни барлық кәсіптерге басты маңызға ие таңдап алған кәсіби қызметтің тепе-тең ерекшеліктеріне құралдары мен әдістерін енгізетін қолданбалы-мамандандырылған дайындықты қамтамасыз етеді. (---кесте)
Тікелей қолданбалы тасымалдаудың қозғалыстық және кездесетін біліктілік пен дағдыларының мазмұнын сипаттау (Полянскии В.П.,1999ж).



Қозғалыс дағдылары

Спорттық жаттығулардың түрлері

Кәсіби мамандығы

Су астындағы әрекет

Суға жүзу, су асты спорты

Сүңгуір

Автокөлікті жүргізуші

Авто және мото спорт

Жүргізуші

Биіктікте үйлесімділігі күрделі әрекет

Альпинизм, гимнастика

Биіктікте монтаждаушы (құрылысшы)

Айналмалы қозғалыстар

Акробатика, батуттағы секірулер

ұшқыш, ғарышкер

Картамен, сызба үлгімен іс жүргізу

Спорттық бағдарлау

Штурман, инженер

Қаруды пайдалану

Ату, биатлон

Әскери қызметкер, аңшы

Қоян-қолтық ұрыс

Бокс, күрестің барлық түрлері

Полиция, әскери қызметкер, қауіпсіздік қызметкері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет