Не спорт факультеті



бет106/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

Бақылау сабағы. Бақылау сабағы тақырып бойынша немесе пән бағдарламасының бүтіндей тарауы бойынша оқытудың қорытынды нәтижесін шығару үшін арналған. Мұнда оқушылардың барлығы немесе көпшілігі бағаланады. Сабақта оқушыларға өз дайындықтарын көрсетуі үшін барлық жағдай жасалады, яғни арнайы қыздырынуға, спорт қондырғыларында өздерінің жаттығуды орындап көруіне толық мүмкіндік жасалады және т.б.
Сабақтың басты қорытындысы, әрбір оқушы өзінің қай жаттығуды, қалай орындағаны үшін бағаны алғанын ұғынуы, үлгерімін жақсартудың жолдарын білуі болып табылады.
Аралас сабақ.Жоғарыда айтылған сабақтардың барлық түрлері бұл сабақтың мазмұнына кіреді. Мұнда шұғылданушылардан ерекше дайындықты талап ететін екі-үш міндеттер бірігуі мүмкін. Сондықтан, оқушылардың жалпы дайындығын қамтамасыз ететін кіріспе бөлімінен тыс негізгі бөлімінде кезектегі міндетті шешу алдында көп мөлшерде емес арнайы дайындық өткізіледі.
Жаңа материалдарды оқып, үйренуге байланысты міндеттерді шешуге, әдістерді (детальдарымен) бөлшектермен үйрету және жаттығуларды бағаға орындау, өтілген сабақты бекіту міндеттерінен бұрын шешіледі. Тепе-теңдікті, жылдамдықты, әбжілдікті дамыту, күшті және шыдамдылықты дамыту тапсырмаларына дейін жоспарланады.
Үй тапсырмалары. Денешынықтыру пәніндегі үй тапсырмаларының ерекшелігі, ол оқушылардың күн тәртібіндегі (режим) қозғалыс белсенділігін арттыруына қызмет етуі болып табылады. Мұнда үй тапсырмасы сабақта үйренген білімді, орындай алуды және дағдыны жақсы меңгеруіне бағытталған ; бағдарламаның әртүрлі тарауларын меңгеруіне қажетті қозғалыс сапаларын қамтамасыз ету (тапсырма қозғалыс әрекетін үйренуге дейін немесе үйрену кезінде беріледі) ; денсаулықтың жалпы нығаюына және дене дайындығының жақсаруына ; дене дамуының ауытқуын жою ; тұлғаның паталогиялық емес ақауын түзеу, қалыптан тыс (семіздік) салмақты жою.
Үй тапсырмалары дене жаттығуларын өздігінен дербес орындауына дағдыландырады, ұйымшылдық, өз мінез-құлқын игеруге, табандылығын дамытуға қалыптастырады.
Үй тапсырмасы мына тапсырмалар жобасынан тұрады :
1. Сабақта орындалған арнайы, дайындық және негізгі жаттығулар ;
2. Сабақ міндетіне қарай оқушының өзбетінше ойланып құрастыруына ұсынылатын жаттығулар варианты;
3. Мұғалімнің бір айға, тоқсанға жоспарлап құрастырған оқушылардың күнделікті үйде орындайтын кешенді және жекелеген жаттығулары.
Қосымша тапсырмалар :
Спорт құрал-жабдықтарын, киімдерді, берілген тестілер мен басқа сабақта пайдалы жұмысқа қажетті құралдарды дайындау.
Үй тапсырмаларын дайындаған кезде мұғалім үй жағдайында меңгерілу және орындалу мүмкіндіктеріне көз жеткізуі тиіс. Әсіресе оқушылардың өз ақыл-есімен орындауына сүйеніп атқаратын бақылау жүйесін ойлап табуы ерекше маңызды. Оқушылардың дайындығын кезеңдермен оқу бағдарламасында көрсетілгендей тест жүйесімен тексерудің оқушылардың өзі толтыратын көрсеткіш динамикасы хаттама-корточкасының үлкен маңызы бар.
Оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына ата-аналардың назар аударуын ұйымдастырып және оларды бақылау жасауға тарту педагогикада маңызды орын алады.
Оқу жұмысын жоспарлау. Жоспарлаудың мәні мен маңызы. Оқу жұмысын жоспарлау дегеніміз денешынықтыру сабағы жүйесіндегі бағдарламалық материалдардың сабақтастық жүйелілікпен және ұтымды (оптимальді) дәл уақытпен өтілуін анықтау болып табылады. Жоспарлау алдағы атқарылатын жұмыстың нақтылы нәтижесін алдын ала білуге, оқыту кезеңдеріндегі жекелеген міндеттерді шешу үшін барынша пайдалы жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін мұғалім мен оқушының бірге қызмет әрекетінің барынша нәтижелілігін қамтамасыз ететін нақтылы бағдарламалық әрекетті қамтуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет