Не спорт факультеті



бет16/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

Қоғамдық ұйымдастыру барлық жастағы адамдарды дене тәрбиесі мен неғұрлым көбірек қамтуға бағытталған. Елімізде көптеген ерікті спорт қоғамдары жұмыс істейді. Ол ерікті спорт қоғамдарында қоғам мүшелері өздерінің қосатын жарналары мөлшерін белгілеп, басқаратын адамдарын жиналыс негізінде сайлайды. Қоғамдық ұйымдастыру түрінің ең бастапқы ұйымы – спорт клубы. Бұл ерікті спорт қоғамдары Кеңес дәуірінен келе жатқан ерікті спорттық қозғалыс түрі. Ол кезеңде республикамызда ауыл-село ерікті спорт қоғамы «Қайрат», студент жастар қоғамы «Буревестник», т.б. әрбір шаруашылық салаларының ерікті спорт қоғамдары болған. Қазіргі кезде де осындай қоғамдық спорт қоғамдары жандана бастады. Мысалы, Ішкі істер министрлігі қызметкерлері үшін құрылған «Динамо» ерікті спорт қоғамы жұмыс істейді, жалпы білім беретін мектептерде, арнайы орта оқу орындарында оқушылардың ерікті спорт қоғамы «Жастар», ауылдық жерлерде спорт жұмыстарын ұйымдастыратын «Жігер» құрыла бастады.
Кейінгі жылдары жеке, дербес жаттығу түрінің маңызы артты. Жер-жерлерде жеке меншікті өзін-өзі қаржыландырған клубтар, тренажер залдары, боулинг, аэробика, шейпинг т.б. денсаулық нығайту, спорт жаттығулары арқылы халықтың көңілін көтеру, сауықтыру кешендері жұмыс істей бастады. Денсаулықты сақтауға бағытталған көптеген қозғалыстар, клубтар пайда болды. Бұл – жеке, дербес жаттықтыру түрінің ерекшелігі, мекемелердің өзін-өздері қаржыландыруларында, жеке меншік түрі екенінде. Жеке адамдардың бір ғимаратты, спорт зал, бассейнді жеке меншігіне сатып алып, сол жерде өз мүмкіншілігі бойынша қаржыландырып, спорт түрлерінен жаттықтыру жұмыстарын ұйымдастыруы. Жеке меншік түрі өзін-өзі қаржыландыратын болғандықтан ол жаттығулар міндетті түрде ақылы болады. Жеке жаттығу ұйымдары әрбір адамға ұнайтын спорттың түрімен әр түрлі, белгіленген уақытта айналысуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік, қоғамдық және дербес спорттық ұйымдар бірін-бірі толықтырып отырады.
Дене тәрбиесі жүйесінің жұмыс істеу жағдайы материалдық база мен мамандарға көп байланысты. Дене тәрбиесі мамандарын Алматыдағы спорт және туризм академиясы, еліміздегі жоғарғы оқу орындарындағы университеттер мен педагогикалық институттардағы дене тәрбиесі факультеттері, көптеген арнаулы орта оқу орындарында, колледждерде дайындайды. Арнаулы курстар мен семинарларда қоғамдық кадрлар (спорт төрешілері мен нұсқаушылары, жаттықтырушылар) білім алады. Жоғары, орта білімді мамандардың әрбір бес жыл жұмыс істеген мезгілі толған сайын еліміздегі білім көтеру институттары ол мамандардың білімдерін толықтыру, жаңалықтармен таныстыру, білім деңгейлерін жоғарылату курстарын өткізіп тұрады. Қазіргі кезде дене тәрбиесі жүйесінің материалдық-техникалық базасы нығайып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет