Дене тәрбиесінің бөлімдері
Дене тәрбиесі жүйесінің үш бөлімі бар:
1. Жалпы дене дайындығы.
2. Кәсіптік-қолданбалы дайындық.
3. Спорттық дайындық.
Жалпы дене дайындығы бағыты денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша арттыруға, қимыл ептілігіне дағдылануға, осылардың негізінде арнаулы спорттық дайындыққа ауысуға бағытталған. Жалпы дене дайындығына әр түрлі дене тәрбиесі амалдары, жаттығулары, табиғаттың табиғи күші және санитарлық-гигиеналық факторлары жатады.
Кәсіптік-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы дегеніміз – еңбек пен әскери іс-әрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі. Кәсіптік дене тәрбиесі дайындығы тәсілдерін қолдану еңбекте қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді, еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қоршаған қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.
Адамның өзі қалаған спорт түрінен биік жетістіктерге жету жолындағы жаттығуларын, ізденістері мен талпыныстарын спорт дайындығы дейміз.
Бақылау сұрақтары
1.Дене тәрбиесі жүйесінің сипаты мен негіздеріне анықтама беріңіз.
2.Дене тәрбиесі жүйесінің бағдарламалық мазмұнын, мөлшерлік және методологиялық негіздерін анықтаңыз.
3.Дене тәрбиесі жүйесінің ұйымдастыру әдістері және қызмет ету жағдайын сипаттаңыз.
3-Лекция. Тақырыбы: Дене шынықтырудың қағидаттары
Жоспары:
1. Саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жеткіліктілік пен даралық, жүйелілікке қозғалмалылық сияқты әдістемелік қағидаларында көрінетін дене тәрбиесі заңдылықтары.
2. Дене тәрбиесі саласында осы қағидаларды нақтылай түсетін басты ерекшеліктер.
3. Дене тәрбиесінің құралдары
Мақсаты: Студенттерге дене тәрбиесінің принциптерін оқытып үйрету
Лекция мәтіні: Дене шынықтырудың қағидаттары
Қағида – бір негізгі мәселенің түпкі, бастапқы қалпы, қандай да бір теория ілімінің, жүйелердің даму заңдылығы. Дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларына мыналар жатады:
1. Адамның жан-жақты үйлесімді даму қағидасы.
2. Дене тәрбиесі қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесімен үйлесімі.
3. Дене тәрбиесінің денсаулықты нығайту қағидасы.
Достарыңызбен бөлісу: |