Не спорт факультеті



бет4/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

2. Кәсіби маңыздылығы - кәсіби қызмет үрдісін және жағдайларын «мәдениеттендіретін» идеяларды, концепцияларды, ережелерді «инструментальды» білімді, практикалық біліктілікті, қажетті сапалар мен қасиеттерді жинақтау және дамыту, оларға табысты бейімделудің, адамгершілік мораль және психологиялық дене күшін жұмсамай-ақ орындаудың алғы шарттарын жасайды.
3. Жеке тұлғалық - жеке тұлғаның мақсатты бағыттығы және мотивациялық бағытын, яғни оның дене жетілуін, валеологиялық мәдениетін, сана сезімін, әлеуметтік-психологиялық сапалары мен қасиеттерін дамыту, бірегейлік және жеке тұлғалықты сезінуін қалыптастыру, өзара қарым-қатынас қабілеттерін ояту.
Осылардың негізінде ЖОО мамандарды даярлау негізінде оқу-ғылыми, практикалық бағдарланған пәндердің мазмұнды компоненті ретінде дене мәдениеті құндылықтарының өзара байланысты топтарын одан әрі жүйелеуге болады.
Олар келесі топтарға бөлінген:
1. Мақсатты-құндылықтары - маманның әлеуметтік-кәсіби қызметінде дене мәдениетін пайдаланудың мағынасы мен мәнін ашады: студент-кәсіпкердің жеке тұлға ретіндегі негізгі ой-пікірі оның әртүрлі қызмет аясында көрінуі, «Мен - кәсіпкермін», яғни кәсіби өздігінен жетілгендігі ретіндегі концепциясы.
2. Құрал-құндылықтары - әлеуметтік-кәсіби қызметін іске асыруда дене мәдениетін пайдаланудың әдістері мен құралдарының мағынасы мен мәнін көрсетеді: өз денесін дамыту, сана сезімі, өзін-өзі басқару, өзін-өзі бақылау үшін әдістемелік-практикалық білім мен біліктіліктің қажетті технологияларын меңгеру.
3. Қарым-қатынас құндылықтары - өзіне, кәсіби қызметінде, жақын социумыне және т.б. қатынастардың жиынтығы ретінде дене мәдениетіне қатынастардың мағынасы мен мәнін сипаттайды. Олар дене мәдениетінен өмір жолдарында пайдалану, іске асырудың пәндік бағдарын береді.
4. Білім құндылықтары - әлеуметтік-кәсіби қызмет үрдісінде дене мәдениеті бойынша білімнің маңыздылығы мен мәні: жеке тұлғаның дене мәдениетінде, оның дүние танымдық ұстанымы мен сенімділігін, өздігінен сенімділігін дамыту үшін қажетті ой өрісін айқындайтын теориялық, әдістемелік білім.
5. Сапа құндылықтары - әлеуметтік-кәсіби қызметі үшін болашақ маманның маңызды сапалары мен қасиеттерінің маңыздылығы мен мәнін ашады: жеке тұлғалық, кәсіби-қызметтік, сыртқы жүріс-тұрыстық, психологиялық дене сапалары.
ЖОО үшін дене мәдениеті бойынша оқу бағдарламасы оқу-мазмұндық материасы гуманитарлық циклдағы пәндерді, әрине болашақ маман ретінде жеке тұлғаны дамыту үшін дене мәдениетін бағдарлайды. Бұған «дене мәдениетінің мәдениетті жасаушы функциясын» күшейту, оның «мәдениет сыйымдылығын» арттыру үшін мүмкіндіктерін арттыру және күшейті.
Дене мәдениетінің ерекше маңыздылығы кәсіби бағыттағы оқыту үрдісінде кәсіби қолданбалы дене дайындығы түрінде берілген, оның мақсаты нақтылы еңбек, рекреациялық үрдістерде және әрекеттерде оңды нәтижесін беретін сапаларды, біліктілікті, дағдылар мен арнайы білімдерді дамыту болып табылады.
Оқу-жаттығу сабақтары үрдісінде, жарыстарға дайындалу және жарыс барысында дене жаттығулары, жүктемелер қайталанады, шаршау, шалдығу басылады, спецификалық еңбек үрдісі жүреді. Шұғылданушыларды болашақта басқа әрекеттеріне және кәсіби қызметіне кіретін еңбексүйгіштік, дене сапалары қалыптасады. Осындай бейнеде кәсіби еңбекке тәрбиелеуде оңды әсер етеді.
Ұжымдық, қызықты көріністік ағымда өткізілетін жарыстарда, оқу-жаттығу сабақтарында мінез-құлық ерекшеліктері, сонымен бірге олардың негізінде азаматтық, отан сүйгіштік сезім, өз қылық істеріне, мінезіне, отбасына, жұмысына қатысты жауапкершілік қалыптасады. Әсіресе жарыстарда алға қойған мақсатқа жету үшін қажетті шешімшілдік, батылдық, ерік-жігер күшін, тәртіптілік, берік ұстаным, сабырлылық және көптеген басқа сапаларды тұрақты көрсете білу қажет.
Адамның үйлесімді дене дамуы, яғни зерде, назар аудару, орнықтылықтың, жоғары деңгейін, түйсігін, байқағыштығын, ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі сияқты сапаларының жақсы дамитынын дәлелдеудің қажеті жоқ. Дене тәрбиесі бойынша шұғылдану қатарында жеке тұлға тіршілік ету қызметінің ұтымды әдістерін, үйлесімді әрекеттерді, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін, шынығу және т.б. меңгереді, яғни ақыл, ой дамуына, ақыл-ой тәрбиесі үрдісіне, интеллектіге оңды әсер етеді.
Студенттердің және мамандардың әртүрлі қызмет аясындағы профессиограммасы мен психограммасының мазмұны мамандардың кәсіби еңбек жағдайындағы, сол сияқты студенттердің ЖОО жағдайындағы оқу орнының, болашақ мамандығының, кәсіптеніп азамат, жеке тұлға болып қалыптасуының ерекшеліктерін көрсететін дербес тәрбие беру кеңістігінде талдап, қорытындыланған кейбір үлгілік сипаттамасын айқындауға мүмкіндік туғызды. Дене мәдениеті саласынан тыс, басқа жоғары оқу орындарында жоғары білікті мамандарды жалпы даярлауда дене мәдениеті мен спорттың әсері мен маңыздылығын атап көрсетудің мәні зор.
Адамның іс жүзінде кез-келген саладағы қызмет аясында болашақ кәсіптенетін мамандығының қырларын тәрбиелеу және қалыптастыру, дамыту мақсатында пайдаланылуы мүмкін дене мәдениеті мен спорттың кең ауқымдағы мүмкіндіктерін атап өткен жөн.
Дене тәрбиесі ілімі және әдістемелерінің пайда болуы және даму көздеріне: қоғамдық өмірдің іс-тәжірибесі, қоғамның жақсы, жан жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен адамдарға деген мұқтаждығы, олардың дене тәрбиесі заңдылықтарын білуге және соның незізінде адамның дене шынықтыру дайындығын жетілдіретін басқару жүйесін құруға деген құштарлығы туғызды.
Ілімдік ереженің өміршеңдігі тікелей тәжірибеде сыналады, атап айтқанда, іс-жүзінде қайталанбайтын дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесін байытатын пайдалы ойлар туындайды. Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеудегі озық ойлардың мазмұны мен жолдары әр түрлі елдерді әр түрлі дәуірдің атақты философтарының, педагогтарының, дәрігерлерінің тұжырымдары мен негізделген.
Дене тәрбиесі саласындағы ғалымдар арасындағы ең көрнекті, жарқын бейнелі өкілдерінің бірі П.Ф.Лесгафт (1837-1909) болды. Оның тарихтан, анатомиядан, биологиядан, педагогикадан, антропологиядан, дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінен зерттеген еңбектерінің көпшілігі алға басушылық (прогрестік) бағытта болды, сондықтанда жеке ғылыми және оқу пәні есебінде дене тәрбиесінің қазіргі ілімі мен әдістемесінің негізіне енді.
Мысалы, балалардын спорттық мамандық мәселесі, бұл тек спорттық-педагогикалық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік, психологиялық және биологиялық та күрделі, шешімі қиын мәселе. Дене тәрбиесінің ілімі және әдістемесі курсында педагогикалық күрделі мәселелерді психология және физиология пәндері мәліметтерінсіз мазмұндау мүмкін емес. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі қатарлас ғылыми пәндермен тығыз байланыста. Кез келген ғылымды алсақ та, ол тек өз пәнді саласының зерттеуі нәтижесімен шектелген жағдайда, толық қанды дами алмайды. Дене тәрбиесінің ілімі және әдістемесі бірнеше ғылыми пәндердің түйісіндегі тұрған арнайы педагогикалық күрделі мәселелерді шешеді. Сонымен, философия дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесіне методологиялық негіз береді - ғалымдар әлеуметтік заңдардың дене тәрбиесі ауқымындағы әрекет қимыддарын әділ бағалауға мүмкіндік береді. Таным ілімі негізінде мамандар барынша алға заңды өрлейтін (прогрессивті) қозғалыстық қимыл әрекеттерінің әдістерін дайындады. Дене тәрбиесі жүйесін дұрыс бағалап, ғалымдар озық педагогикалық іс тәжірибелерді ендіріп, таратып шектес ғылыми пәндері ауқымындағы зерттеулердің нәтижелерін тиімді пайдаланып және өткен уақыт мұрасын, казіргі таңдағы шетелдің озық тәжірибелерін айқын бағалағаны дұрыс.
Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі жалпы педагогикамен тығыз байланыста, іс жүзінде оның жетістіктерін өскелең жас ұрпаққа терең білім, өскелең өмір талабына сай тәрбие беруде шығармашылықпен пайдалануда. Педагогикалық ғылымдарды өзара байланысы халық тәрбиесінің бүтіндей бірегей міндеттеріне жатады. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі жалпы психология, жас ерекшелігі психологиясы және дене тәрбиесінің психологиясының зерттеу нәтижелерін пайдаланады. Әсіресе, ол барлық спорттық-педагогикалық пәндермен ерекше тығыз байланыста. Жекелеген спорттық-педагогикалық пәндер бұрын бөлінбеген бүтін, бірегей дене тәрбиесінің ілімі және әдістемесі пәнінен бөлініп, жеке ғылым болды. Бірақ олар одан әрі де бір-бірімен тығыз байланыста болады. Бұл жеке ғылыми пәндер дене тәрбиесінің ілімі және әдістемесі дайындаған жалпы ережелерді басшылыққа алады, ал олардың зерттеулері нәтижесінде ашқан нақтылы жаңалықтары жаңа дүние (материал) болып, жалпы ғылымға ендіріледі. Дене тәрбиесінде алғашқы кездегі кең ауқымдағы барлық педагогикалық қызметті қамтитын зерттеу және окыту пәнінен біртіндеп жеке заңдылықтар шығарылып, олар арнайы ғылыми пән болды. Бұлар гимнастика, жеңіл атлетика т.б. туралы ғылымдар. Алайда осы жеке спорт жаттығулары түрлерінің ішінде ғана әрекет жасамай, осы жеке белек түрлерінің бәріне кіретін барынша жалпы заңдылықтар ясеке ғылыми саланың пәні бола алмайды. Осы жалпы заңдылыктарды талқылап, өндеу осы заманғы дене тәрбиесі мен әдістемесінің негізін құрайды. Оның биология ғылымдарымен байланысы шұғылданушылардың ағзаларында дене тәрбиесі құралдарының әсерінен болатын өзгерістерді оқып, үйренуден туындаған қажеттілік.
Пәннің оқытылу сипат ерекшелігі үйренушінің ағзасына әсерін ғана анықтауға мүмкіндік туғызбайды, сонымен бірге жалпы жеке тұлғаларға толығымен тән. Тек анатомиялық, физиологиялық және биохимиялық заңдылықтарды есептеп дене тәрбиесі жүйесін күшті әсермен дұрыс басқаруға болады. Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі ғылымы басқа ғылымдармен бір жақты емес, өзара байланысты. Дене тәрбиесі жайлы ғылымның дамуы шектес (көршілес) ғылымдарға әсер етпей тұра алмайды. Мысалы, спортшы ілімі мен іс-тәжірибесі (практикасы) психологтар мен физиологтардың нәрестелер мен ересек адамдардың ағзаларының потенциалды мүмкіндіктері жайлы ұсыныстарына айтарлықтай түзетулер енгізді.
Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінде басты орынды дидактикалық мәселелер алады. Бұларға: дене тәрбиесі құралдары, қозғалыс-қимыл әрекеттеріне үйрету принциптері мен әдістері, қозғалыс-қимыл қабілеттерінің сапасын дамыту, оқытып үйрету жүйесінің құрылымы, сабақты ұйымдастыру түрлері, есепке алу және жоспарлау, сонымен бірге тұрғылықты халықтардың әр түрлі жастағы жас ерекшеліктеріне қарай дене тәрбиесінің әдістемелік ерекшеліктері жатады.
Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі ғылыми оқу пәні ретінде екі бөлімнен тұрады: дене тәрбиесініц ілімі және дене тәрбиесінің әдістемесі. Дене тәрбиесінің әдістемесі дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бөліктеріндегі жалпы және кәсіптік дене шынықтыру дайындығы және спорттық дайындық әдістемесінен тұрады. Дене тәрбиесінің кез келген саласында жоғарыда көрсетілген бағыттардың бірін ұстауға мүмкіндік туғызылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет