Не спорт факультеті


Дене тәрбие пәні мұғалімі



бет85/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

Дене тәрбие пәні мұғалімі- әдістемелік-нұсқау, іс-шаралары (семинарлар, нұсқаулар, көрнекті оқу-жаттығу сабақтарын ашық өткізу арқылы және т.б.) және жекелей, дербес ақыл-кеңестер беру арқылы педагогикалық ұжым мүшелеріне дене тәрбиесі жұмыстары мәселелері бойынша көмек береді.
Сынып жетекшісі - өзінің күнделікті оқушылармен араласып, қызмет етуіне байланысты әрбір оқушыны денешынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылдануға, жұмылдыруға Президент тестін тапсыруды табысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мектеп жастар ұжымы – бұрынғы комсомол, пионер ұжымдарының жұмыстарын қазіргі таңда мектептерде жастар ұжымы атқарады. Мектепте оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай Президент тестін тапсыру, спорт жарыстарын және спорт мерекелерін ұйымдастыруда дене тәрбие пәні мұғалімімен бірлесіп ұйымдастыру, өткізу шараларына ат салысады.
Мектеп дене мәдениетіне тәрбиелеу ұжымы – бұл оқушылардың қоғамдық спорт ұжымы мектепте және от басында мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесімен шұғылдануына ықпал жасайды. Мектептегі оқушылардың дене мәдениеті ұжымын басқару оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесімен іске асырылады.
Дұрыс ұйымдастырылған мектеп дене мәдениеті ұжымының қызметі мектепте сыныптан тыс жұмыстардың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік беріп дене жаттығуларымен шұғылдануға және қоғамдық пайдалы қызметке көп оқушылар санын тартуға жағдай жасайды. Бұл ұжымның жұмысының мазмұнына мектепте спорт секцияларын, топтарын, дене мәдениеті үйірмелерін ұйымдастырып, олармен жұмыс жүргізу кіреді; қалааралық, аудан және жалпы мектеп ішілік бұқаралық жалпы көпшілік спорттық сауықтыру шараларын ұйымдастыру және өткізу (жарыстар, мерекелер, үзілістегі ойындар және т.б.)
Президент тестін тапсыруды ұйымдастыру және жасөспірімдер спорттық дәрежесін алуға дайындау; қоғамдық негіздегі дене мәдениеті ұйымдастырушыларын, жасөспірім спорт нұсқаушыларын және спорт төрешілерін дайындау; мектептің құрама командаларын барлық сыныптан, мектептен тыс дене мәдениеті шараларына қатыстыруды қамтамасыз ету; көше және мөлтекаудан тұрғын үй комитеттеріне балалар мен жасөспірімдердің дене мәдениеті шаралары жұмыстарына байланысты демеушілік жәрдем көрсету; дене мәдениеті мен спортты оқушылар арасында насихаттау; мектеп спорт алаңдарын, спорт залдардың оқу спорттық базасын құрал-жабдықтармен жабдықтауға қолғабыс жасау; мектеп дене мәдениеті және спорт ұжымы ІV-ХІ сыныптардың ең кем дегенде 25 оқушысы өз еркімен кірген жағдайда құрылады және мүше болудың маңызды шарты мыналар болып саналады: а/ ұжымның мүшелері барлық тиісті міндеттерді мойындайды және дәл орындайды; б/ дене жаттығуларын жүйелі түрде сабақпен қатар жоғары дәрежеде үйлестіреді; мектептің және сыныптың дене мәдениеті және спорт өміріне белсенді араласады, спорт жарыстарына және спорт-сауықтыру шараларына, Президент тестін тапсыруға атсалысады.
Мектеп дене мәдениеті ұжымының басшылығы мектеп ұжымы мүшелерінің, яғни, оқушылардың өзін-өзі басқару негізінде іске асырылады.
Дене мәдениеті ұжымының жоғарғы органы конференция немесе барлық мүшелері қатысқан жалпы жиналыс болап табылады және жылма-жыл ашық дауыспен ұжымның кеңесі мүшелерін кемінде 5,7,9,11 адамнан сайлайды. Кеңес ұжымына ұжымның қызмет ету функцияларын атқару міндеттеледі. Кеңес мүшелері өзінің құрамына төрағаны, хатшыны және мүшелері арасында міндет бөліседі. Кеңес жұмысының жоспарында әртүрлі бағыттағы қызмет ету аясын көрсететін мына тараулар қамтылады:
1/ ұйымдастыру жұмыстары - жоспарлау және есеп беру; кеңестің жалпы жиналысын, отырысын дайындау және өткізу, кеңес белсенділерінің мәжілісін өткізу, секция, үйірме топтарын ұйымдастыру және т.б.; ұжым жұмысын жүргізуде мектеп дирекциясымен келісіп отыру; мектептен тыс демеушілік ететін мекемелермен байланыс жасау және т.б.
2/ Оқу жұмысы - секцияларда, үйірмелерде, топтарда жұмыс жүргізу;
3/ Денешынықтыру - көпшілік спорт шаралары - спорт жарыстарын, спорт мерекелерін өткізу;
4/ Президент тестін тапсыру жұмыстары;
5/ Мектеп дене мәдениеті және спорт белсенділерін дайындау – семинарлар мен практикалық сабақтар өткізу, нұсқау беру т.б.;
6/ Насихаттау және үгіттеу;
7/ Шаруашылық жұмыстары - Кеңес өзінің жұмысын онда құрылған арнайы салалар бойынша комиссиялардың, яғни бастамашыл белсенді оқушылардың жәрдемімен атқарады. Әр комиссияға Кеңестің бір мүшесі басшылық жасайды. Ұжым Кеңесінің басшылығымен секция бюросы жұмыс істейді. Бюро құрамы 3-5 адамнан секция жиналысында сайланады (төраға, орынбасар және хатшы, мүшелері) және олар келесі қызметкерді атқарады: 1/ Өздерінің (секцияның) спорт түрі бойынша насихат жүргізіп, оқушылардың оған көп қатысуын қамтамасыз етуі; 2/ Шұғылданушылардың секциядағы мүшелік міндетінің орындап атқаруын бақылау. 3/ Секция мүшелерінің сабақ өтетін орынды тазалап, жинақты дайындауын, құрал-жабдықтарын жөндеп, қолдан жасап, мектепшілік жарыстар өткізуге дайындауын қамтамасыз ету және т.б. 4/ Дене тәрбие пәні мұғаліміне мектеп құрама командасын дайындауына көмектесу. 5/ Секциясының ағымдағы құжаттарын және есебін жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет