Не спорт факультеті



бет87/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

Сабаққа қойылатын талап. Дене тәрбиесі сабағы әртүрлі сынып оқушыларының жас мүмкіндіктеріне, оқу бағдарламасының мазмұнына, педагогикалық міндеттерді оқу күні режіміндегі әрбір сабақта басқа жалпы білім беру пәндерімен қатар қамтамасыз етуде ерекше мүмкіндігі мол. Осылардың барлығы сабақты ұйымдастыру мен өткізудің бірқатар талаптарын сақтау қабілеттілігінің қажеттілігін кұрсетеді. Олардың негізгілеріне мыналар жатады:
Сабақтың мақсаттары мен міндеттерін нақтылы дәл қою. Дене тәрбиесі сабағы сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін шешеді. Оқу қызметін ұйымдастыру барысында оқытушы сабақта қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын меңгертіп, негізгі дене сапаларын дамытып, дене тәрбиесінен міндетті білім минимумын игерумен қатар оқушылардың жеке тұлға ретіндегі сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасайды (батылдық, табандылық, ұжымшылдық және т.б.). Тәртіп бойынша сабақ міндеттерін барынша нақтылы, қысқа тұжырымдау, оқушылардың құрамын, олардың жасын, дене дамуы мен дайындалғандығын ескеру, өткен сабақтың келесі сабақтармен бір ізді сабақтастығын қамтамасыз етеді, сонымен бірге үлкен айқындықпен жоспарланған соңғы нәтижелері көрінеді. Міндеттердің бір сабақта шешілетін үйлесімді саны 2-3-тен көп емес.
Оқу материалы құрамының оқу бағдарламасы мен қойылған міндеттің сипатына сәйкестігі. Бағдарламадан тыс материал тек оқытып, үйретуді жекелеу мақсатында пайдаланылуы мүмін.
Оқытып, үйрету әдістері мен құралдарын сабақтың дидактикалық мақсаттары мен міндеттерін есепке алып мақсатқа сәйкес іріктеу. Оқу материалын алдын-ала нақтылы тақырыптық ерекшеліктері, сонымен бірге қол жеткізген дайындалғандық деңгейі, оқушылардың жасы мен жыныстық ерекшеліктері ескеріліп ойлап іріктелмесе бірде-бір дидактикалық мақсат немесе міндеттің табысты шешілуі мүмкін емес.
Өтілген сабақтың келесі өтілетіндерімен тығыз байланыстылығы. Әрбір сабақ педагогикалық міндеттерінің бағыттылығымен, оқу материалының мазмұнымен, өтілген және келесі өтілетін сабақтардың жүктеме көлемі және қарқындылығымен бір ізді, сабақтастық байланысы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет