Не спорт факультеті


Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру талаптары



бет84/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру талаптары. Сыныптан тыс жұмыстардың барынша пайдалы әсері келесі мәселелерді шешуде айқындалады:
Оқу жұмысының мазмұндық қабылдануына, сонымен бірге ұйымдастыру-әдістемелік жоспарына тығыз байланысты.
Кең ауқымдағы мектеп оқушыларын дене тәрбиесіне тарту үшін сабақтың орындалу мүмкіндігі және формасының әртүрлілігі.
Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстарды мектептің оқу-тәрбие процесіндегі барлық жұмыстардың жүйесіне органикалық түрде кіргізу.
Мектептің спорт базасын материалдық-техникалық жағынан жабдықтауды қамтамасыз ету үшін, сыныптан тыс спорттық-сауықтыру шараларын ұйымдастыру, спорт секцияларына, командаларға жетекшілік жасау, қамқорлық жасайтын шефтік ұйымдармен, ата-аналар қоғамдастығының көмектерін пайдалану.
Мектеп дирекциясы және педагогтары тарапынан мектеп дене мәдениеті ұжымының қызметіне нақты басшылық жасау.
Сыныптан тыс жұмыстарға педагогикалық басшылық жасауБасшылық дұрыс жүргізілуі үшін педагогикалық ұжым мүшелері арасында міндеттерді дұрыс бөлісу, олардың әрекеттерінің келісімділігі және сол орынға лайықтылығы табысты басқаруға белгілі дәрежеде әсер етеді.
Директор-мектеп қызметкерлерінің бірегей топтасқан күш бағытын қамтамасыз етіп, жалпы мектептік жоспарда оқушылардың дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстары мәселелерін қарайды, дене тәрбие пәні мұғалімі мен келісе отырып сыныптан тыс дене мәдениеті жұмыстарының барынша кезек күттірмейтін мәселелерін педагогикалық кеңесте, ата-аналар комитеті отырыстарында және арнайы мәжілістерде талқылауға ұсынады, мектеп дене тәрбиесі ұжымының жұмысын бақылап, басшылық жасайды. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстар жөніндегі мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары мектептің тәрбие жүйесінде сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлап және өткізуде мұғалімдердің және оқушылардың қоғамдық ұйымдарының қызмет ету ауқымын жүйелі үйлестіреді, ақыл-кеңес береді; сынып жетекшілерінің, жастар ұжымының, ата-аналар комитеті мүшелерінің, шефтік ұжымдардың белсенділерін, қоғамдық дәрежеде басшылық жасауға тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет