Негіздері



бет11/40
Дата26.09.2023
өлшемі323.49 Kb.
#478675
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
treatise4938

Жұмысты орындау барысы
Судың сынамасын жақсылап шайқап, араластырады, фильтрлеуге болмайды. Егер сынаманың түсі боялған болса немесе суда органикалық заттар көп болса, суды минералдандыру қажет. Минералдандыру: көлемі 200 мл-ге тең қыздыруға төзімді стаканға зерттелуге арналған суды құяды, бұл суда 0,01-0,1 мг Ғе болуы шарт, 2 мл күкірт қышқылын қосады, суды электр плиткасында қыздырып, SО3 бөлінгенге дейін (қою, ақ булар) буландырады. Қыздыруды тоқтатпай, стаканға 2-3 тамшы концентрленген азот қышқылын қосады, осы кезде сұйықтық мөлдірленеді және түссізденеді.
Өнделген судың сынамасын көлемі 100 мл-ге тең өлшеуіш колбаға құяды. Колбаға 10 %-дық сулфацил қышқылының 5 мл-ін қосады, 10 %-дық аммиак ерітіндісінің 5 мл-імен нейтралдайды (артық мөлшерде). Аммиактың артық мөлшерінің болуы ерітіндінің сары түске боялуынан және аммиактың иісінен байқалады. Ерітінді суығаннан кейін оның көлемін таңбаға дейін жеткізеді, мұқият араластырады және аммиак қосылғаннан бастап 10 минут өткеннен кейін оптикалық тығыздығын өлшейді. Темірдің мөлшерін калибрлік график бойынша анықтайды.
Егер су түссіз болса және оның құрамында органикалық заттар болмаса, судың сынамасының 10 мл-ін көлемі 25-30 мл-ге тең колориметрлік пробиркаға құяды. Осыған сульфасалицил қышқылының 5 мл-ін және 5 мл аммиак қосады да араластырады. 10 минуттан кейін фотоколориметрде толқын ұзындығы 420 нм-ге тең болғанда оптикалық тығыздығын өлшейді.
Калибрлік график тұрғызу үшін пробиркаларға жұмысшы ерітіндінің 0,1; 0,3; 0,5; 0,6; 0,8; 1 мл-ін құяды дистильденген сумен 10 мл-ге дейін сұйылтады, осыдан кейін суды зерттегендей жалғастырады. Калибрлік график құрады.
Темірдің концентрациясын (С мг/л): С= Сх· 100 формуласы бойынша есептейді. Мұнда: Сх – калибрлік график бойынша анықталған темірдің концентрациясы.
Стандарттар шкаласы

Стандарттың нөмірі

Темірдің стандартты ерітіндісі, 0,01 мг/мл, мл

Дистильденген су, мл

Темірдің мөлшері, мг

1

0,1

9,9

0,001

2

0,3

9,7

0,003

3

0,5

9,5

0,005

4

0,6

9,4

0,006

5

0,8

9,2

0,008

6

01,0

9,0

0,01

2.5. Судың эпидемиялық қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштерін анықтау
Бұл көрсеткіштер екі топшаға бөлінеді:
1 – санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштер,
2 – санитарлық химиялық көрсеткіштер.
Бірінші топша: микробтық сан, коли-индекс, коли-титр,, патогендік бактериялар мен вирустардың болуы.
Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштер судың қауіпсіздігінің ең маңызды көрсеткіштері болып табылады, ал санитарлық-химиялық көрсеткіштер жанама көрсеткіштер болып табылады. Бұл көрсеткіштер суда органикалық заттардың немесе олардың ыдырауының нәтижесінде түзілетін заттардың болуына нұсқайды. Оларды анықтау үшін химиялық әдістер қолданылады.
Перманганаттық және бихроматтық тотығу қабілеті еріген органикалық затты тотықтыруға жұмсалған тотықтырғыштардағы (калий перманганатының немесе бихроматының қышқыл ерітінділеріндегі) оттектің мөлшерін көрсетеді.
Оттекті биохимиялық пайдалану (ОБП) – органикалық заттардың микроорганизмдердің әсерімен белгілі бір уақыттың кесіндісінде тотығуына жұмсалатын еріген оттектің мөлшері.
Табиғи суларда азоттың қосылыстары минералдық түрде де, органикалық түрде де кездеседі. Минералдық түрлері: аммоний ионы, нитриттер, нитраттар. Органикалық түрлері: төменгі молекулалы қосылыстар (амин қышқылдары, мочевина т.б.). Жер бетіндегі сулардағы азоттың концентрациясы жүздеген микрограмдардан 1 мг/л-ге дейін өзгереді.
Аммоний тұздары, азотты және азот қышқылдарының тұздары, хлоридтер суда органикалық заттардың қалдықтарының, қи мен зәрдің ыдырауының нәтижесінде түзілетін заттар ретінде болады. Олармен бірге суқоймаларға инфекциялық аурулар шақыратын микроорганизмдер келіп түседі, сол себептен бұл заттар судың эпидемиялық қауіпсіздігінің жанама көрсеткіштері болып табылады. Құрамында азот бар қосылыстардың мөлшері және олардың ара қатынастары бойынша ластану туралы тұжырым жасайды. Мысалы, суда аммоний тұздарының болуы органикалық ластағыш заттар жақын арада келіп түскені туралы мәлімет береді. Суда нитриттер мен нитраттардың болуы (аммоний жоқ болғанда) судың өздігінен тазаруының аяқталғаны туралы мәлімдейді. Ал суда осы қосылыстардың барлығының болуы судың тұрақты түрде органикалық заттармен ластануы жөнінде мәлімдейді.
Дегенмен бұл қосылыстардың суда табиғи түрде болуын және өсімдік қалдықтарымен түсу мүмкіндіктерін де ескеру қажет. Сол себептен су құрамын динамикалық түрде зерттеп, бақылаудың маңызы аса зор. Органикалық ластанудың дәрежесі туралы судың тотығу қабілеті бойынша тұжырым жасауға болады. Судың тотығу қабілетінің жоғары болуы немесе оның маусымдық емес түрде күрт өзгерістерге ұшырауы органикалық заттардың тұрақты түрде түсуі орын алатынын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет