Негіздері



бет37/40
Дата26.09.2023
өлшемі323.49 Kb.
#478675
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
treatise4938

9. № 14 зертханалық жұмыс.
9.1. Ластанған топырақтың қасиеттері. Топырақтың жалпы сілтілігін анықтау
Приборлар мен қондырғылар: сыйымдылығы 100 мл болатын конустық колбалар, пипеткалар, 50 мл-лік бюреткалар.
Ерітінділер: 0,01 н Н2S04 ерітіндісі, метилоранж индикаторы.

Жұмыстың мақсаты: топырақтың су тартпасының сілтілігін титриметриялық эдіспен анықтау.
Жұмыстың жүргізілу реті
Химиялық анализдеуде топырақтағы қосылыстарды әр түрлі тартпалардан (вытяжка) (сулы, тұздық, қышқылдық немесе сілтілік) анықтайды.
Су тартпасынан (вытяжка) топырақтың құрамында болатын суда еритін органикалык және минералдық заттар туралы мағлұмат алуға болады. Суда еріген тұздар қауіпті болуы мүмкін. Қауіптілік көрсеткіші бойынша оларды мына ретпен орналастырады: Na2СОг >NaНСОг >NaСІ> СаС12 > Na2S04 > МgС12 > МgS04. Na2СO3 болуы (тіпті 0,005%) тұзды топырақта өсімдіктердің тіршілігін жоюға әкеледі.
Қышқылды батпақты топырақтарда суда еритін темір (II), марганец, алюминий қосылыстарының артық мөлшерде болуы өсімдіктер үшін қауіпті. 1- кестеде құрамындағы улы тұздардың мөлшеріне байланысты топырақтың жіктелуі көрсетілген.
Анализге құрғақ ауада кептірілген, ступкада майдаланып, тесіктерінің диаметрі 1 мм елегіш арқылы өткізілген топырақ сынамасы алынады. Ол үшін 500 - 1000 г топырақ сынамасын алып, қағаз бетіне жұқа қабатпен жайып, таза және құрғақ бөлмеде кептіреді.
Топырақтың ірі кесектерін қолмен үгітеді, ондағы өсімдік тамырлары, тас т.б алынып тасталады. Органикалық қалдықты, оған жабысатын электрленген таяқша арқылы алып тастайды. Үлгінің бір бөлігін электрондық таразыда өлшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет